Жастар порталы
Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық академия
236 0 aiko

Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық академия

Философия

Платон (б.д.д. 427-347 жж.) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Оның шын есімі – Аристокл. Оның Платон деп аталуы денесінің екі бөлігі – кеудесі мен маңдайы кең көлемді болғандықтан. Оны Платон деп атаған Сократ. Шыққан тегі бойынша аристократ, Аттиканың соңғы ханы, Кодр ханның ұрпағы, 20 жасында Сократпен танысып, өмірінің соңына дейін оның шәкірті болған. Ол басқа да сол заманның байларының ұлдары секілді өзін мансапқа дайындаған. Бірақ аристократтар мен демократтардан көңілі қайтып, Сократпен кездескеннен кейін, философияны өмірінің мақсаты деп таңдады. Ұстазы қайтыс болғаннан кейін, 20 жылға Афинаны тастап кетіп, Египет, Оңтүстік Италияны, Сицилияны аралап кетеді. Грециядан тыс оның ғылыми және саяси-экономикалық көзқарастары қалыптасады. Сициялида Платон өзінің идеал мемлекет жобасын жүзеге асырамын деп, оны ішкі саяси істерге араласқаны үшін, құлдыққа сатып жібереді. Оны пифагориялық Архит құтқарып алады. Достарының қарызын өтеу үшін жиналған ақшасын Архит қабылдамайды. Сонда Платон ол ақшаны алып, өз Отанына оралады, бақ сатып алып, оған Академ атауын береді және өзінің философиялық мектебін ашып, оны Академия деп атайды. 

Платон академиясы антикалық иделизмнің ортасы болды. Бұл уақытта дейін Эллада да идеализмді ешкім орнықтырмаған еді. Диоген Лаэрцийдің ескеруінше, Платонның еңбектерінде эллеаттардан бастап, Гераклит пен Пифагор, Сократқа дейінгі аралықтағы философтардың барлық идеалистік көзқарастары орын тапқан. Әйтсе де идеалистік жүйені ең бірінші қалаған Платон болады. Ол бай философиялық мұраларын қалдырып кетті: диалог түрінде қалдырған отыздан астам еңбегі – «Тимей», «Федр», «Заңдар», «Саясаткер», «Мемлекет» «Сократқа апология» деген еңбегінде ұстазының атынан өзінің көзқарастарын ұсынады.

Платон және Сократ софистердің философиялық көзқарастарын құлиеленуші мемлекеттің тұрақтылығын қорғайды деп есептейді. Олар мұны Грекиядағы афиналық, анархиялық демократияның жабайы түрі деп есептейді. Егер софистердің «жеке» бостандық идеясы өмірде жүзеге асса, индивидтер мен жекелер арасында қарама-қайшылық туады. Құлиеленушілік қоғамда азаматтардың бір бөлігінің екіншісіне сөзсіз бағынуы үлкен қоғамдық апаттарға алып келеді. Платон мұны өмірден байқаған. Мұндай құбылыстардан шығу жолы мемлекеттіің, демократияның заңдарды күшейту емес, азаматтардың моральдық танымы мен саяс көзқарастарын қолдау болып табылады.

Платонның сенімі бойынша Демокриттің атомдық ілімі біржақты. Атом түсінігінде адам – өзін-өзі түсінетін атом (ежелгі грек тілінен латын тіліне аударғанда атом – «бөлінбейтін зат»). Мұның өзі құлиеленуші қоғамға өте қауіпті. Платон үшін «атомшылар» мен «софистер» теория мен идеологияның басты жаулары. Антистік философияны желдің бағытымен жүретін, желсіз желкенді меңзейтін ой деп бағалады. Бұл бағытты ол идеализм тұрғысынан түсіндіргісі келеді. Платон адам баласын тәрбиелеуді этикалық тепе-теңдік рухында ұсынады. Өзі мемлекет идеалды болу керек делінетін ұғымын ұсынады.

Платонның еңбектерін үш кезеңге бөлуге болады: ол Сократтың «этикалық рационализм» идеясын философиялық антропология, сонымен танымның диалектикалық әдісі.

Танымның негізге мақсаттық өзіндік ерекшелігін тану үшін ерекше әдіс керек. Платон оны диалектика «болмыс туралы ілім» («мемлекет») деп атады. Бұл әдіс бойынша көптік бір, бірден бірнеше болмыстар болуы мүмкін. Танымның келесі сатысын көптен жекеге бөліну деп есептейді. Платонның диалектикалық әдісі бойынша ой төменнен жоғары қарай қозғалады, болмыстың бар екендігі идеяға апарады. Жоғарыдан төменге идеямен жүзеге асады. Диалектиканың осы екі әдісін Платон өзінің «Федресінде»: «жалпылықты тани отырып екі идеяға ұласады», басқаша айтқанда болмыстың барлық түрін ажырата білу – оның табиғи бөлшектерін тану.

Платонның идеяларын гносеологиялық және логикалық тұрғыда түсіндіруде мыналарды ескеру керек: болмыс жоқ, ол туралы ой мен түсінік бар. Бұл ойдағы заттарға қатысты жалпы идея. Платонның диалектикасы, анығырақ айтқанда, заттардың болмысын оған қарама-қарсы заттардың болмысымен салыстыру.

Платонның айтуы бойынша, тек қана мәңгілік, өзгеріссіз өмір бар ой әлемі бар. Ол өзін «біріккен материалдық Парменида болмысы» ретінде емес, нақты құрылыс сияқты етіп көрсетеді. Онда иерархия биіктігінде Жақсылық ойы тұрды. Біздің мәңгілік, материалдық әлеміміз – ой әлемінің тек қана әлсіз жарығы. Ол өзгеріп, әрқашан ауысады және ешқашан тоқтамайды. Бұл нақты болмыс емес ой ғана. Басқаша айтқанда біздің әлемнің заттары мен құбылыстары идеяларға еліктеп, және оған жету мақсатында пайда болады.

Платон басқа жолмен келеді, бірақ оның ілімі қарама-қайшы. Ұсынылған пікірлерді соңына дейін жеткізе алмаған кездері де болған. Оның ойлары сан алуан, ал әрекет өрісі кең. Диоген Лаэрций Платонның көзқарастарында осыдан ілгері идеалистік көзқарастар ықпалы жеңіл шешімін табады деп айтқан. Бірақ бұл компиляция емес ақырында толық жаңа бір нәрсе шығатын қайта шығармашылық ойластыру. Осылай Платон философияға ең бірінші болып дәстүрлік, физикалық, сезімнен тыс, идеалдық және ақыл жетерлік ой әлемін орнатқан. Айтып өткендей, Платонның идеясы түсініктемені емес ойды білдіреді. Бұл «идея» категориясындағы ұғынудың жаңа деңгейі. Платонның өзгермейтін эйдос әлемі перменойдтардың тұрмыс жайлы оқуын еске салады. Сонымен Платонның тұрмыстық оқуында мәңгілік әлем тұрмыстыққа және тұрмыссыздыққа қатысты. Мәңгілік әлемнің құрылуы біріккен қарсылық болып саналады. Бұл тұрмыстық және тұрмыссыздықтың диалекті.

Платон тұрмыстық, сезімдік және материалдық түсініктерімен шеттенеді. «Тимейде» ол «әрқашан маңызды болатын нәрселерді таба білу керек» деген тезис шығарады. Басқа сөзбен айтқанда, ол екі түрлі тұрмыс түрін қарастырады. Тұрмыс – барлық заттар мен құбылыстар әрқашан ауысып отыратын материалдық әлем. Идеялар расында бар, олар материалдық әлемнің заттары мен құбылыстарының мәні.

Идеялар әлемін Платон төлтума тұрмыс деп санайды, ал материалдық әлемді екінші деп есептейді. Платонның ойынша идея мен формасыз материяның қосылуы рас нәрсе. Сонымен, материалдық әлемде ағаштардың болуы тек эйдос әлеміне ғана қатысты.

Платон бойынша сезімдік заттар әлемінде бір ғана немесе көп құбылыс бар. Бұл өмірдің диалектикасы тұрмыстық пен тұрмыссыздықтың арасындағы қарсылық қарым-қатынастары. Белгілі әлемде мәңгілік және қозғалыссыз нәрсе жоқ. Идея диалектикасында тұрмыстық пен тұрмыссыздықтың арасындағы қарсы қарым-қатынастардан құралады.

Сонымен, Платон өз-өзіне қарсы тұрып эйдос әлеміне қозғалыс пен дамуды кіргізеді. Мәңгілік идеялар әлемі біртұтас. Бірақ бірлік өзіне көпті кіргізеді, көпсіз бірлік болмайды, ал көптік тек бірлікте болады. Платон иерархиялық идеяларын қолданып элеаттар өз уақытында шеше алмаған диалектикалық қарама-қайшылықты шешуге тырысады. «Федр» мен «Мемлекетте» бір-біріне тәуелді көп идеядан тұратын ой әлемі бар екенін айтады. Заттар идеясы өзімен-өзі күнелтеді. Олар материалдық әлемнен бөлек тұрады және оған тәуелді емес. Платонның бұл оқуы объективті идеализмнің өзегі болып есептеледі. Ол идея әлемін заттар әлемінен ажыратады.

Заттар идеясы өздігінен, негізсіз, материялды әлемнен тыс және оған тәуелсіз тіршілік етеді. Олар объективті. Бұл платондық ілім жайындағы – ядро оның объективті идеализмінің және жалпы объективті идеализмнің ережесі. Ол идея әлемін заттар әлемінен ажыратады. Шындығында, Платон өзінің қызметінің соңғы кезеңінде атап өткендей өзінің заттар мен идеялар қатынасы пайымдауларын қайта қарап, идеялар заттарда болатынын айтады.

Қарама-қайшылықтардың – болмыс пен болмаудың, жалғыз бен көптің бірігуін қарастыра отырып, Платон диалектиканың негізін салады. Оны –болмыс пен болмаудың байланысы қарама-қайшылықтың бірігуі болып табылатын қалыптасуға әкеп соғатынын ары қарай Гегель жетілдіреді. Бірақ Платон «диалектика» терминін басқа мағынада қолданады. Оның диалектикалық әдіс-тәсілі екі операциядан – түсініктің бөлінуі мен жинақталуынан құралады. Жинақталу операциясы ойлардың төменнен жоғарыға қозғалысын білдіреді – сезімдік заттардан олардың болмысын түсінуге дейін, ал одан ойға дейін; бөліну – біз бір нәрсені идея арқылы түсіндіргендегі жоғарыдан төмен қарайғы қозғалыс.

«Софиста» мен «Федрада» ол диалектика заттарды және заттардың түсінігін тектерге, оның ішінде түрлерге бөлу өнерінің жоғары дәрежесі екенін белгілейді. Көрініп тұрғандай, Платонның түсінігі бойынша диалектика ол екі түрлі жолмен түсінуге болатын ғылым. «Федрадағы» бірінші жолы гипотезадан ойға өтуді Платон «қосылу» деп атайды, ал екінші жолды «бөліну» дейді. Диалектика бірден барлығын байқап, бөліп және біріктіре алады.

Платон диалектикасы қарама-қайшылық арқылы дамыту туралы гераклитті ілім ғана емес, түсініктерді анықтау әдістері, түсініктер түрлері мен туыстары, категориялары туралы ілім, яғни түсіндірмелі диалектиканың, таным теориясының дамуының қажетті кезеңдері, логиканы дамыту кезеңдері деп айтуға болады. Таным туралы Платон ілімі болмыс, диалектика, оның космологиясы, тылсымдылық ілімдерімен тығыз байланысты.

Платон өзінің гносеологиясын жасаудағы шығармашылық кезеңінде алғаш рет антикалық философтарды таным үдерісінде «ақылмен санасу ойша қорыту» (интеллигибельді) түсінігімен байланыстырды. Оның гнеосологиясы онтология секілді жан туралы ілімнің ажырамас бөлігі («Менон», «Пир», «Мемлекет»). Платон болмыстың сәйкес түрлерімен, білімнің алуан түрлері бар деген қорытындыға келеді. Материалдық әлемнің пәні болып табылатын сезімдік таным Платон бойынша «болуы мүмкін емес» деп есептелген, екіншіден, ол түпнұсқа туралы мәліметтерді емес, «көзге көрінетін» болмысты сипаттайды. Ақиқат білім ақыл, санамен ал оның зерттеу пәні идея әлемі, яғни көне болмыстың ақиқатын көрсетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, Платон идеясы сезімтал әлемнің болжағыш себептері мен бейнесі.

Білім түрлерін анықтай келе, Платон келесідей қорытынды жасайды, болмыстың ақиқаттылығын тану үшін танымның екі түрімен, болмыстың екі анықтамасы арасындағы қарама-қайшылықтарды – гераклиттық және элеаттық түрімен шешу қажет. Ол «еске түсіру» теориясына негіздей отырып, қарама-қайшылықтарды жеңуге тырысады: адамның өлмес жаны (оның саналы бөлігі) эйдос әлеміндегі денемен бірлескенге дейін идеяларды «еске» түсіреді. Ол нақты шындыққа бағытталған жағдайда танылады. Осы жағдайда жан – идея әлемі мен зат әлемі арасында байланыстырушы ретінде қарастырылады. 

Платон таным теориясында «диалектиканы» пайдаланады, яғни маңыздылығы туралы ілім, білім мен көзқарас арасындағы айырмашылықты анықтайды, Эростың жартылай мифтік бейнесін танымды байланыстыруды көрсетеді, білім мен сезім бөлінбейтін «махаббат пен шығармашылық демоны» болып табылады.

Платон білімнің ұшар шыңына шығу жолын «пире» түрінде бейнеледі: Эрос байлық пен кедейшіліктің баласы ретінде (яғни білім және білімсіздік) ақылдылық пен надандықтың арасында тұрады. Білімді іздеудегі жан эйдос әлеміндегі білімге жоғары махаббатпен ұмтылады, сонда ғана шындықты «еске» түсіреді. Платон «мемлекетте» Эростың Абсолютке және одан жерге қайтадан қонатын домен-байланыстырушы қанаттарынан шығатын жанды тазалау бұл таным екендігін көрсете отырып, эристиканы дамытады. Бұл философтарға қолайлы танымның орташа жолы. Білім сезім және ақылмен бірігуі керек. Пирада ол А.Ф. Лосевтің анықтамасы бойынша, «қалыптасу бірлігі» деп көрсетілген.

Философияда даналылыққа деген махаббат Платон бойынша бәріне бірдей болмауы мүмкін: білімі бар Құдай үшін философия қажет емес. Ол өз-өзіне сенімді және надандықты да қажет етпейді. Білімге ұмтыла отырып, саналы түрде философ білімінің жетілген деңгейіне өтеді, яғни білім мен білімсіз (байлық және кедейшілік) арасында тұратындар толық жетілмегеннен толық жетілген білімге ұмтылуға тырысады.

Платон бойынша таным – «анамнез» яғни «еске» алудың жалғыз формасы, яғни біздің жанымыздың терең түкпірінде орналасқан. Көріп отырғандай, ойшылдардың гносеологиялық және онтологиялық көзқарастары жан түсінігімен, оның тылсым, мифологиялық көзқарастармен үндеседі. Бөтен болмыстың ашылуы, категориалдық аппарат пен таным әдістерін жасау объективті идеализм жүйесін құру осы кезеңді аяқтайды.

Платон шығармашылығының үшінші кезеңі алдыңғы идеяларды түсінуді қайта бағалау, саяси тақырыпқа оралу, мінсіз мемлекет тұжырымдамасын жасау болып табылады. Мемлекет туралы ілімдер «Саясат» және «Заңдарда» көрсетілген. Жақын және алыс секілді басқалардың көмегін қажет ету барысында мемлекет пайда болады. Платон қала-мемлекетті құру үшін адам мен оның қоғамдағы орнын соңына дейін тануға ұмтылады.

Платонның мінсіз мемлекет үлгісі бұл қоғам, оның басында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық-әскерилерді басқаратын философ-басқарушылар мен жерді пайдаланушылар, қолөнершілер, саудагерлер секілді өндірушілерден тұрады. Қоғамның үш қауымға бөлінуі жан туралы іліммен жанасады, ол да үшке бөленді. Бұл сандардың магиясы пифагорлықпен берілген. Философтарда жанның саналы бөлігі жоғары, әскерилерде қуаты, шаруа, қолөнерші, саудагерлерде жанның элементарлы бөлігі мен жоғары сыныптарға бағыну қабілеттілігі басым. Жанның сананы иеленуі мемлекетпен басқарылуы керек.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Аристотель және перипатетика Аристотель және перипатетика
Аристотель  (б.д.д. 384-322 жж.) – Платонның шәкірті, олай болса Сократ өзінің ұстаздары сияқты кез келген анық пікірдің әлсіз жері кімде-кім
Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ және оның дәстүрі) Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ
Антикалық философияның дамуы (б.д.д. V-ІV ғ. ) экономикалық даму мен адамдар заң алдында тең деген ұғыммен сәйкес келеді. Шынында, афиндық демократия
Антикалық философия кезеңдері Антикалық философия кезеңдері
Антикалық философия кезеңдері:  - архаика немесе алғы философия – б.д.д. VIII-VII ғғ. (Гомер, Гесиод, Орфей және басқалар); - натурфилософия, немесе
Салық Зиманов  100 жыл Салық Зиманов 100 жыл
Тәуелсіздігімізді өз қолымен нығайтқан, қазақстандық патриотизмді қалыптастырған, ғылыми мұрасымен ғана емес, өзінің барша іс-әрекеті,
Саясаттанудың пәні Саясаттанудың пәні
Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді қоғамдық ғылымдармен тұтастықта және философиямен ара-жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×