Жастар порталы
Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ және оның дәстүрі)
1 180 0 aiko

Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ және оның дәстүрі)

Философия

Антикалық философияның дамуы (б.д.д. V-ІV ғ. ) экономикалық даму мен адамдар заң алдында тең деген ұғыммен сәйкес келеді. Шынында, афиндық демократия тек азат туған еркектерге ғана арналды. Әйелдерге, көшушілерге және құлдарға қатысы болмады. Құлдар саны антиялық қоғамда өте көп болды,олар жұрттың 65 пайызын құрады. Және ұдайы соғыстар мен құл сатудың нәтижесінде олардың саны өсіп отырды. Құлдар үй және тегін күш иесі ретінде Пергам, Антиохия, Александрия және тағы басқа қалаларда. Бұл қоғамның иелері заңсыз болып есептелінді. 

Осы уақытқа Элоданың саяси және мәдени орталығы солтүстіктен контенинтальды қалаларына ауысты. Ең дамығаны Афина болды, ол Теңіздік одақтың орталығы және демографияның тал бесігі болды. Құлиеленушілік демократия тек адамдардың заң алдындағы теңдігі саясында ғана емес, соттың қатысуымен де байланысты болды. Ол үшін білімді және тіршілікті түсіне ажырататын, саясат, өнер, философиядан хабары бар және сендіре алатын болуы тиіс. 

Софистика – жай кездейсоқ құбылыс емес, ертедегі Греция мәдениеті мен философиясында заңдылық тәрізді. Оның пайда болуы алдында айтылған себептерге ғана емес, ескі натурфилософия қажет болды. Ол ескі натурфилософияны софистер аяқтады және олар скептицизмді, субъектизмді, реалитивизмді теориялық тұрғыдан қарастырған. Олар тұрмыс мәселелерін екінші орынға жылжытып, философияны адамға тура қаратты. 

Софистер барлығының теңдігін айтқан. Кімнен туылғанына қарамастан барлығымыз табиғаттан жаратылғанымызды. Олар адам тәрбиесін бәрінен жоғары қойып, олар адамгершілік қасиет туа бітпейтінін, ол қанға байланысты еместігін, ол үшін ұмтылу, қалау керектігін айтқан. Қайырымдылық – дегдарлыққа тәуелді емес екендігін, ол – білімге, мінсіздікке ұмтылудан пайда болатынын айтты. Олар шәкірттерінен оқу ақысын алып оларға математикалық, риторика, дипломатия, юриспруденцияны оқытқан. Бұл қылығымен софистер жоғары тап өкілдерін таңғалдырды. Өйткені білім алу тек үстем топ өкілдерінің қолынан келген. Олар бостандықты қазым ұстанымдарына қарсы қойды. Софистер ағартушылық қызмет атқарды. Олардың негізіне келешек еуропалық оқуды салған. Сопылар (софистер) грек ағартушылары қызметін атқарды, болашақ еуропа ағартушыларының дәнін егіп, мәдениетінің негізін қалады. 

Софистер бағыты біркелкі болмаған. Софистерді үлкен және кіші деп екіге болген. Әр топ әрқилы мәселелерді қарастырған. Бірақ бәрінің релятивизмді жақтауы оларды біріктірді. Барлығы әр уақытта адамға байланысты, ол барлық заттар – өлшемі деп есептеледі. Олар оңай үлкенді маңызсызбен алмастыратын болған. Сондықтан софисттерді дана ғана емес икемді деп те атаған. Философияның жаңа оқытушылары тезисті шегіне дейін жеткізіп огностизмге жиі батқан. Философияның жаңа оқытушылары барлық білімінің салыстырмалылығы туралы тезисті шегіне жеткізді. 

Ең шарықтау кезіне софистика б.з.б. V ғ. жеткен. Ол кезде софылардың үлкендер қатарына Протагор, Горий, Гиппий және Продин тәрізді философтар енген. Олардың ішінде атақтысы Протагор (б.д.д. 481-413 жж.) досы Перикла релятивист, скептик заттар өзгергіштігін зерттеген. Адам барлығының өлшемі деген. Адам – барлығының өлшемі, сондықтан не жақсы не жаман ажырататын адамның өзі. Ол ақиқат пен жалған, әділеттілік пен әділетсіздікті айырудан бас тартқан. Бұл жағынан софистика басқа ілімдерге қарсы шықпайды, ол тек бұрынғы натурфилософиядағы түсініктерді аяқтайды. Натурфилософтар (Героклит, Элепедокл, Демокрит, Филолай және т.б.) софистерге дейін-ақ әлемде болып жатқан барлық құбылыстар, қозғалыстарды қасиеттілік деп таныған. Олар тек натурфилософтардың скептецизмі мен релятивизімін айтып жазды және сократтықтардың дамуына жол ашқан. Софистердің ой құдіреті мен тәрбиеге деген сезімі Платон мен Аристотельге әсер еткен, бірақ олардың саяси этикалық ұстанымдарын қабылдамаған. Мысалы, софистер заңдарға адамның бағынуына қарсы болған. Олар адам сезімдері мен қалауларына жол ашқан. Олардың айтуынша нағыз өмір заң мүлдем жоқ жерде дамыған Гиппий). 

Протогор философияда үлкен өзгеріс ашты. Ел назарын табиғат пен ғарыштан адамға ауыстырды. Мысалы: егер жел соқса, оның жылы не суық екендігін адам қалай сезінсе, демек, ол сондай болады. Демек, ешнәрсе жалған емес. Әр нәрсенің шындығы бар. Таза ақиқат жоқ, ол тек аз мөлшерде.

Адамның барлық ойы таза ақиқат еместігін айтқан Протогор заттарды, түсініктерді орнымен алмастырмаған. Әр нәрседен адамға пайда шығаруға болатындығын айтқан. Демек адам басқа затқа сүйенуі қажет. Протогор адамға пайдалы нәрсені қандай жағдайда болсын қорғауды үйреткен. Ол зардап шегуші адам емес, әрекет етуші адамды зерттеген.

Кіші софистер – Фразимах, Критий, Полемон, Алкидам, Ликофронал барлық адам табиғатта тең деген ой айтады. Бұл көзқарастарда құлиеленушілік айтылады. Фразимахтың айтуынша, әділеттілік – ол күші басым адамның жеңісі.

Философияның бұрынғы сенімдерінің бәрін бұзып, софистер орнына тұратын ештеңе бермеді. Адамды тек биологиялық тұрғыдан қарастырып, жандүниесіне көңіл бөлмеді.

Қоғам софистердің сендіру өнеріне зарық болды. Олар демографиямен танылды. Олар демагогтарды тәрбиеледі. Және ол Сократ, Платон, Аристотель кезінде көп орын алған. Софистердің білімі аз болған. Философтар софистердің өз мақсатына қандай жолмен болса да жету ұстанымын айыптаған.

Сократ (б.зд.д. 469-399 жж.) – үш танымал антикалық философтардың бірі. Оның өмірі қайғылы, ілімі қарапайым. Ол өзін тек қана философ (даналықты сүйетін) деп есептеген, өзін ешқашан «дана» санамаған. Сократ ешқашан ештеңе жазбаған, ойларын достарының арасында айтып отырған. Оның пікірлері оқушыларының, бірінші кезекте – Платонның мазмұндамаларынан бізге жеткен.

Сократтың пайымдауы бойынша философия – табиғатты ойша талқылау емес, қалай өмір сүру, жақсылықты қалай жасау мен танып білу, қалай жанды өсіру туралы ілім. Оның ғылыми қызығушылықтары адам болмысы мен білім болмысын ашуға және дәлелдеуге бағытталған, сондықтан антикалық философиядағы антропологиялық бетбұрыс одан басталады. Егер софистер «барлық заттың өлшемін» адам деп білсе, ал Сократ үшін Гегель атап өткендей «барлық заттардың өлшемі ойшыл адам».

Сократ софылықтардың идеологиялық қарсыласы болды, афиналық аристократияның жақтасы болып демократтарға сын көзбен қарады, бұл әлі талқыланбаған заңдар шегімен ұстап тұрылмайтын басқару түрі Грекияға пайдасынан гөрі зиянын көп тигізеді және афиндік мемлекетке өлім қауіпін әкеледі деп санаған.

Өзінің зерттеу пәніне Сократ танып білуші адамды таңдап, өзінің ізденістерінің мақсаты жайында былай деген: «Афиналықтар, шынын айтатын болсам, даналықты іздеуден басқа мені ештеңе де олай басқармайды. Бұл қандай даналық болды екен? Бұл тура мағынасында адамның даналығы (яғни адам адамға қатысты қандай мағлұмат білуі мүмкін екендігі), осындай мағлұмат бойынша, мүмкін, мен дана шығармын».

Егер софистер өздерінің зерттеулерін риторика, физика математика, астрономия сияқты ғылымдар аймағында жүргізіп және адам қызметінің мәселелерімен айналысса, Сократ олардан әлдеқайда көпке барды. Ол натурфилософиямен (онтологиямен) айналысуды сенімсіз әрі керексіз санап, оны толықтай шеттетіп тастайды: әлем түсіндіріп немесе өзгертетін адамның жұмысы емес, ол тәңірдің жаратылысы, ол үшін құдіретті сана керек. Оның көзқарасы бойынша философия – ол білгішсіну емес, ол қалай өмір сүру керек екендігі жайындағы ілім, ол ізгілікті адам мен әділетті мемлекеттің қалыптасу құралы. Оның бүкіл интеллектуалды әрекеттері этика сферасында шоғырланған. Сократ өзінің зерттеулерінің ортасына адам субъектісінің мәселесін қояды.

Адам болмысы – оның жаны (түсінетін). Сократтың түсінуі бойынша «жан» аясында «мен саналымын» яғни интеллект жиынтығы, ар-ұят, мораль, адамгершілік мінез-құлық және белсенді ойлау шы. Бұл әлемде барлық нәрсенің мақсаты – адам. Оның алдында тұрған ең қиын мәселе – өзін-өзі танып білу. Ал тәрбиешінің, философтың мақсаты –адам «жандүниесін байытуға» үйрету. Өзін-өзі тану кезеңіндегі ар-ұяттың (ішкі дауыстың) рөлін атап көрсетеді. Олардың есептеуі бойынша ар-ұят құдіретті жаратылыс – шынайы ақиқатқа жетудің кепілі. Құдайлар адамды ар-ұяттандыра отырып оған ерекше орын береді және бүкіл әлемге мағына береді. Адам болмысының мақсаттылық концепциясын негіздей келе Сократ бұрынғы ұсынылған натурфилософияға қарағанда жаңа, тамаша құндылық шкаласын енгізеді. Оның басты түсінігі «рақымшылық» болады. Гректер үшін бұл түсінік жан-жақты мағына береді. Ол қолданғанда нәрсені пайдалы және шүбәсіз қылатын сапаның жинақтылығын көрсетеді. Ал бұл өз кезегінде барлық тіршілікті және барлық құбылысты әбден жетілдіруге әкелетін белсенді мақсаттылықты жобалайды. Сократ бойынша адам ізгілігі оның жанын толық әрі адамгершілікті қылатындықта: «адамгершілік білім болып саналады». Білімді құбылыстың мәнін түсіну арқылы алуға болады. Басқаша айтқанда білім Сократ бойынша заттар мен белгілердің толық қатары үшін жалпы бірыңғайды табу. Надандыққа білімсіздік пен адамгершіліксіздік сәйкес келеді.

Сократ тақуа (аскет) емес. Ол ақырғылықты қабылдамайды және қандай да бір өмірдің қуанышы мен қызығынан бас тартуға шақырмайды. Сократ рақымшылдармен келісе отырып қана бәрін ретке келтіреді. Байлық, билік, атақ, денсаулық, сұлулық сияқты көне дәстүрлер құндылықтары «надандықпен бірге болса онда зұлымдыққа себепші болады... өз табиғатынан қайырымды бола алмайды». Керісінше, ізгі мақсатпен қолданылса, олар екі есе құнды бола түседі.

Сократтың рационалды этикасы екі парадоксальды мағынада берілген: қайырымдылық ол білім (яғни даналық, бірқалыптылық, әділдік), ал жамандық – білімсіздіктің белгісі («ешкім біліп тұрып күнә жасамайды»). Адам табиғатынан өзіне пайда іздейді, яғни ол өз қателігінің құрбаны болып жатады, бұл сананың қателігі. Тығырықтан шығар жол қайда? Өзіндік танымда. Адам тек қана өзінің рухани сезімін ретке келтіру арқылы ішкі дүниесінің үйлесімділігін тапқанда ғана бақытқа жетеді. Бұл жерде де Сократ бақыт туралы түсінікті жалғыз айтпайды. Мысалы Гераклит, Демокрит, Пифагор айта кеткендей, бақыт – моральдық категория болғандықтан , сыртқы ортадан іздеудің қажеті жоқ. Сократ қайырымдылық мұратқа жету әдісін жетілдірді, жүйеге келтіріп тереңдетті. Сократ этикасының басты айырымдық белгісі – қайырымдылықты біліммен байланыстыруы. Адам, таным, өзін-өзі танумен айналыса отырып, қайырымдылық негізін (ұстамдылық, ерлік, әділдік) үйренуге болатындығын айтты. Ол тек солай ғана адамға айналады.

Сократтың философиялық әдісі шынайы білімге жетуге бағытталған. Шындық таласта танылады. Өзімен-өзінің диалогындағы мақсат – өз жандүниесін сезіну, оның мәнін түсіну. Индуктивті талқылауды пайдаланып (қисын) пікірдегі қайшылықтардың нәтижесінде, солармен бетпе-бет келе отырып, танушы әлдеқайда сенімді білімге ие болады. Бұл әдіс яғни жалпы жалқы арқылы танылатын, бірліктің қарама-қайшылығын қалпына келтіру жолы – диалектика деп аталады. Сократ осыны жетілдіре отырып, иронияны (сылтаурату, қылымсыған надандық) және майевтиканы (жоққа шығару) пайдаланады. Осындай тәсілдер көмегімен таласта шындық туады. Дұрыс қойылған сұрақтар арқылы, яғни ирония (күдік, сылтаурату) көмегімен «қарсыластың» әлсіз жерін анықтау – Сократ философиясының мәні болып табылады. Ирониядан майевтиканы ажыратуға болмайды. Кіндік өнер – сенімді және білімді игерудегі көмек. Барлық процесс дефинициямен (тұжырым, анықтамамен) аяқталады. Сонан соң бәрі қайталанады. Осындай үлгімен танушы заттың мәнін (ақиқат) аңғарады. Танымның осы тәсілін Аристотель жоғары бағалады: «Сократтың басты қызметі сонда, ол жалпының анықтамасын үйренуді алғаш қолға алды, зат мәнінің танымға негізделетінін тұңғыш мойындады.

Әрине адамның мәні танымның раицоналды тәсіліне Сократтың шексіз сенімін – ақиқат қайырымдылық ретіндегі өзін-өзі басқару, ақиқат шындық ретіндегі таным адамның рухани мәні оның көрсетуінше берілмейтін құндылыққа жатады. Субъект автономы мәселесін көтере отырып, Сократ философия дамуындағы жаңа бетбұрысты дайындады. Ар және мораль интеллект жиынтығы ретінде оның мәнін негіздеп, ойлы және иманды адам мәселесінде философияда төңкеріс жасады. Полис формалы жатақханалы құлиеленушілік қоғам үшін, индивидтің өз қаласының азаматы ретінде мәні болды. Және оған бәрі міндетті болды. Бұл тұжырым жүйені іштен әлсіретіп, қоғамды қопарды. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек.

Сократ өзінің ақиқатты ізденушілігімен демократтар, аристократтар үшін нағыз қауіп болды. Грек демократиясы өздерінің саяси бақталастарын қатаң жазалады: оларды қуғынға ұшыратып немесе өлім жазасына бұйырды. Оны құртуға себеп те табыла кетті. Ол екі жолдың бірін таңдауы керек болды – ақиқатты немесе өмірді. Сократ өзіне сенімді болды. Оның өлім жазасы – «әділетсіздікпен» күрес. Жүйе өзін-өзі солай қорғады. Сократ алғашқылардың бірі болды.

Сократтың жасаған таңдауы оның ішкі еркіндігінің қалауы болды. Оның оқушылары ондай қайсар болмады. Әйтсе де бірде-бір грек философында мұншалықты көп әрі сенімді оқушылары болмады. Оның таңдауы Диоген Лаэрцийдің сеніміне, Пифиидің «Сократ өзінің барлық даналығынан да жоғары» деген мадақтауына ие болды.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Антикалық философия кезеңдері Антикалық философия кезеңдері
Антикалық философия кезеңдері:  - архаика немесе алғы философия – б.д.д. VIII-VII ғғ. (Гомер, Гесиод, Орфей және басқалар); - натурфилософия, немесе
Ғылым философиясының пәні Ғылым философиясының пәні
Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих
Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына,
Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі негізгі проблемалар Демократияның дамуындағы қазіргі кезеңдегі
Қазіргі кезеңнің өзінде демократияның даму жолында көптеген проблемалар мен қиыншылықтар кездеседі, олардың алуан түрлі болатыны сондай, әрқайсысын
Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі белгілері Демократиялық мемлекеттің мәні және негізгі
Демократия мәселесі - саясаттанудағы негізгі тақырыптардың бірі. Оның себебі, біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×