Жастар порталы
Легизм
187 0 aiko

Легизм

Философия

Легизм – бастаушыларына Цзы-чан (б.д.д. VI ғ.), Щан Ян (б.д.д. 390-338 жж.), Ан Сы (б.д.д. 280-208 жж.) және осылардың ішіндегі белгілісі Хань Фэй (б.д.д. 280-237 жж.) мемлекетті басқару теориясын шығарған. Әйгілі заңгерлердің еңбегіне сүйене отырып, ол «үш сайман» және «екі тартпа» оқуын жасап шығарды. Бұл оқудың негізінде тезис жатыр. Әрбір заң екі бастаудан тұрады – «кнут және пряник» – жаза және құттықтау. «Кнут» – бұл «жаза», ал «пряник» – бұл «құттықтау». Хань Фэй сарай басшылығының табиғатына қорытынды жасады және өзінің екі еңбегінде заң басшылығы жайлы «Ропот жалғыздығы» және «бес паразит». Циньдік император Цинь Шихуан, осы легистің басшылығымен Қытайды сәтті қосты. Бірақ дәл осы басшы 460 белгілі конфуциандықтарды жерге тірідей көмуге бұйрық берген және осы жан заңына қарама-қайшылық жасаған жоқ. Жан заңын шығарған Хань Фэй: әйгілі күрес кезінде бірі-бірінен қалыспау керек: «Қазіргі уақыттың басшыларына бұрынғы халықтан, қазіргіден басқа, дәстүрлі түсінік, жақсылық, өз-өзін жойды, өмірде ғана емес, саясатта да жаза қолданбаса болмайды – заң солай. Адамды сүйсінуді басқаруға болмайды». Заңқойлар конфуциандық салтқа («ли») заңды («фа») қарсы қойды. Сенген әдістерінен бас тартып, олар басқарудың екі басына – құрмет пен жазалауға, ал арды қорқыныш, үреймен алмастырды. Хань Фэй өз дүниетанымында даосизмге сүйенеді. Дао олардың өздеріне Аспанның өзі бағынатын әділетті заң сияқты қарастырады. Заңға бәрі – аспан, заттар, адам да бағынышты. Оған бағынбайтын тек Дао мен басқарушы. «Ақылды басқарушы – Даоның жолымен жүргендер, өзеннің ағысымен жүзген қайық сияқты», - деп жазды; …Бейімділік тәртібі – барлық істегі табыс кілті». Хань Фэй-Цзы пікірінше  адам туғаннан эгоист болып жаратылады. Қатыгез бастау табиғаттың өзінен басталады. Бұл табиғат заңдылығы ешқашан жақсылыққа айналмайды, тек оны жазалау арқылы ғана жақсылықты күтуге болады. Осымен байланысты басшы барлық адамдарды өзіне қызмет етуге мәжбүрлеп, құрметтеу, жазалауға әуестенуге шақырады. Осымен бірге Хань Фэй-цзы аз құрметтеп, қатты жазалауды ұсынды. Мемлекеттің бірлігі және оның беріктігі басшылықтың заңдылықпен қамтамасыз етуінде. Легистер мемлекеттің шаруашылық қызметіне ерекше мән беріп, оның экономикадағы рөлінің, яғни бағаның, нарықтың тұрақты болуын реттеді. Өкіметтің орталықтандырылған қуаттылығы үшін табиғи байлықты реттеу үшін мемлекеттік монополияны және пайданы мемлекеттік қазынаға беруді ұсынды.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

«Өзгерiс кiтабы» «Өзгерiс кiтабы»
Қытай өркениетi – Шығыстың ең ежелгi өркениеттерiнiң бiрi. Зерттеушiлер ақылды адам бұдан 200 мың жыл бұрын қазіргі Қытай жерінде пайда болған дейді. 
Қытайдағы конфуциандық Қытайдағы конфуциандық
Шығыс Азия халықтарының көпшілігінде қалыптасқан діни жүйелердің ерекшелігі олардың терең синкретизмі еді. Келімсек діндер көбінесе жергілікті өріс
Айқыш символының пайда болуы мен эволюциясы Айқыш символының пайда болуы мен эволюциясы
Айқыш христиан дінінде болды ма, және ол қайдан келді, айқыштың түрлеріне және т.б. сол сияқты сұрақтарға тоқталсақ. Негізінен еврейлерден ғана
Ежелгі Шығыс философиялық ілімдеріндегі қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік түсінігі Ежелгі Шығыс философиялық ілімдеріндегі
Ежелгі Шығыстағы әлеуметтік-экономикалық мәдениеттің консервативтілігіне байланысты алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі анимистикалық қатынастар
Саяси және мемлекеттік билік Саяси және мемлекеттік билік
Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×