Жастар порталы
Моизм
199 0 aiko

Моизм

Философия

Моизм – конфуцийшілдікке қайшы оқу. Моизмнің негізін салушы Мо Ди (Мо-цзы) (б.д.д. 479-391 жж.). Оның әлеуметтік этикасында «жалпылық махаббат» (цзянь ай) пен өзара пайда (өзара адамзаттық), конфуцийшілдік адамзат ұстанымдарына қарсы тұратын (жэнь), конфуция үшін тәртіпті (ли) сақтағанда ғана мүмкін. Моистер әлеуметтік этиканы тура басшы әрекетімен байланыстырығылары келеді. Мо Ди елде смут пен распридің пайда болуы, адамдар бір-бірін жақсы көруден қалды деп есептеген. Оның пікірінше басқарушының адамзатқа «тілей алатын» және «тілемейтін» қабілеті бар, және оларды марапаттай және жазалай алатын аспан табылады. Аспан «адамдардың бірі-біріне көмектесулерін, күштінің әлсізге көмектесуін тілейді, адамдардың бір-бірін оқытуын қалайды», «Аспан әлемі жоғарыдан бәрін басқарып, ал төмендегілер іске берілу» тәртібіне патшалық етті. 

Тағдыр концепциясын жоққа шығара отырып, моистер бүкіл адам істерін «мәнсіздендірді». Адамдар өз күштерімен өздеріне жағдай жасап, материалдық байлығын көбейтеді. Жоғары құндылық ретінде халықты таныған олар, аспан еркін және халық еркін ерекше бағалады. Осыдан басқарушы халықты жақсы көруі қажет деген шықты. Басқарушылар ақыл айтулары керек, олар қызмет етушілерді олардың білімдеріне қарап емес, іскери сапаларына қарай таңдаулары қажет. 

Моистер дәстүрлерге де сыни көзқараспен қарап, бүгінгі күнге қажеттілерін ғана алады. «Кітапшылардың» дәстүрге, салтқа деген артық құмартушылықтарын сынай отырып, олар заңды өзгертуге тырысты. Заң – басқарудың қосымша құралы, сондықтан аспан еркімен санасып, бар махаббатымен қызмет етуі керек. 

Мо-цзы оқуындағы орталық орынды «үш критерий» туралы тезис алады. Философ ақиқат пен жалған туралы пайымдау, әрекеттің бір пайдасы мен зиянын, біріншіден «өткен ақылдыларының істерімен», екіншіден,

«көзбен көріп, құлақпен естіген шындықпен», үшіншіден «сол істердің елге, халыққа әкелетін пайдасымен» салыстырады деп есептеді.

Таным үрдісінің бастапқы бөлігі болып, ата-бабадан және қазіргілерден жинақталған тәжірибе саналады. Кез келген теориялық пайымдау тәжірибемен тексеруді талап етеді. Мо-цзының таным теориясы, оның барлық басқа оқулары сияқты Конфуция көзқарасына қарсы. Біріншіден, таным объектісі болып, ол үшін адамдардыі жер шаруашылығымен, қол өнерімен, саудамен айналысатын адамдардың іс-әрекеттері, яғни адамзат қоғамының өмірі табылса, Конфуций үшін әдебиеттерде орын алған өткеннің дәстүрі табылады. Екіншіден, жаңа әлеуметтік құбылыстар пайда боса, оларға жаңадан атау беру қажет, яғни жаңа мазмұнға жаңа форма сәйкес келуі қажет деп есептеді. Үшіншіден, Мо-цзы дәстүрлерге сыни көзқараста болды, оларды тек жаңа құбылыстардың пайда болу барысында түсіндіру үшін ғана пайдаланды. Ол ерте дәстүрлердің қазіргі күнде пайдалысын пайдалану қажет, ал ескіргенін тастау қажет дейді. Моистерде таным теориясының рационалды элементі болып, мазмұнның шешуші мәні туралы, заттың таным мүмкіндігі туралы, білімнің тәжірибелік рөлі туралы «атау» (түсінік) идея болып табылады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Конфуций ілімі Конфуций ілімі
Көне Қытай философиясындағы негізі мектептер Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыратын ежелгі философиялық мектеп.
«Өзгерiс кiтабы» «Өзгерiс кiтабы»
Қытай өркениетi – Шығыстың ең ежелгi өркениеттерiнiң бiрi. Зерттеушiлер ақылды адам бұдан 200 мың жыл бұрын қазіргі Қытай жерінде пайда болған дейді. 
Кореядағы діни синкретизм ерекшеліктері Кореядағы діни синкретизм ерекшеліктері
Корей діндерінің тарихында шығыстың үш классикалық діні конфуцийшілдік, буддизм мен даосизм маңызды орын иеленеді. Сондай-ақ, ХІХ ғасырда таралған
КОНФУЦИАНДЫҚ. ДАОСИЗМ. СИНТОИЗМ КОНФУЦИАНДЫҚ. ДАОСИЗМ. СИНТОИЗМ
Қазіргі Қытай халқының ең беделді ұлттық діні Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун - ұстаз. Конфуций б.з.б. 551
Астрология Астрология
Астрология (гректің aster – жұлдыз және logos – ілім деген сөзінен құралған) – бұл аспан денелері мен жердің арасындағы қарым-қатынас пен өзара
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×