Жастар порталы
Ньяя
155 0 aiko

Ньяя

Философия

Ньяя – Вайшешика мектебімен қатар туындаған логиктер мектебі. Бұл мектептер бір-бірін толықтырады.

Бұл мектептің негізін салған – Готаму және оның шәкірттері, олар ауқымды білім мен логикалық негізді басшылыққа алады. Басқаша айтқанда, логика және гносеология мәселелерін қарастырады. Категориялы аппаратты жасай отырып, Ньяя таным көздерінің түсінігін негізге алады (сезім, қорытынды, аналогтар, силлогизмдер, мәтіндер). Локаяттықтардан айырмашылығы ньяялықтар ауқымды білім тек эмпирикалық заттар дүниесінен алынатын сезімде ғана емес, сондай-ақ, егер логикалық қорытындыдан тексеруден өткен болса, олар мәтінде мазмұндалған куә дейді.

Ньяя философиясы білімнің түпнұсқалылығын және ауқымды білім құралын қарастырады. Ньяя логика мен талдау негізіне сүйенеді, сондықтан «Ньяя Видья» немесе «Тарка-шастра» – «логика және талдау ғылымы» деп аталады. Қаншалықты бұл жүйе табиғат пен білім көздерін қорытындылайтындай, оның ақиқаттылығы немесе жалғандығы, оны «сыни зерттеу ғылымы» деп те атайды. Бұл мектеп жүйесі ой-таным жүйесінің көмегімен ақиқатты жалғаннан айыратын нақты әдісті пайдаланады.

Ньяя философиясы, жетістіктің бостандық алу жолы болып сыртқы дүние және оның ақылмен, жанмен қатынасы табылады дейді. Егер адам ақыл тоқтатудың логикалық әдістерін игерген болса және оны өзінің күнделікті өмірінде пайдаланса, ол барлық қайғысынан айырылады дейді. Ньяя философиясының түпкілікті мақсаты, өзге үнді философиясының жүйелері сияқты, жеке жанның қайта туу мәңгілігінен босатылуы. Ньяя – логика мен эпистемологияны оқытумен айналысқанына қарамастан, өмір философиясы болып табылады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Миманса жүйесі Миманса жүйесі
Миманса Джаймини  (б.д.д. II-I ғғ.) даналардың жасауымен ережелер жүйесі сияқты игерілген еді, негізінде ведалық мәтіндер және салттар түсіндірілуге
Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептері Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және
Біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтың II жартысындағы ежелгі үндінің философиялық дәстүрлері мен мектептері. Олар ведикалық мәдениет түрінде
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
Әл-Фарабидің «Негізгі ой түйіндері» атты трактатындағы ой белестері Әл-Фарабидің «Негізгі ой түйіндері» атты
«Осы трактаттың әңгімелері тарихтан өткен ойшылдардың мемлекетті басқару негіздері, отбасының дәстүрлі жүйесі, мінез-құлық білімінің дәйектері және
Ғылым философиясының пәні Ғылым философиясының пәні
Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×