Жастар порталы
Миманса жүйесі
155 0 aiko

Миманса жүйесі

Философия

Миманса Джаймини (б.д.д. II-I ғғ.) даналардың жасауымен ережелер жүйесі сияқты игерілген еді, негізінде ведалық мәтіндер және салттар түсіндірілуге тиісті болатын. Ол Веданың барлық ұйғарымдарын орындай отырып, адам қылығына қарай жазалардан («самсары доңғалағынан») және қайта туу заңынан (карма) азат етіле алады деп бекітті. Миманс қолдаушылары Веданы Құдайландырды, оларды әмбебап субстанция, мәңгі абсолют және Брахмаға теңеді. Миманса Ведаларды мәңгі және ешкімге тәуелді емес деді. Веда дәстүрлерін марапаттылық үшін емес, шын көңілмен, парызың ретінде атқаруың қажет деп түсіндірді. Осының нәтижесінде жеке жан өлгеннен кейін қайтадан еркіндік алады деді. Миманса жан мәңгі, ал таным ол денемен қосылғанда пайда болады дейді. Денедегі жан әр түрлі білімге ие. Дұрыс білім көзі болып, қабылдау («пратьякша»), қорытынды жасау («анумана»), салыстыру («упамана»), куәлік («шабда») және бекіту, қорытынды жасау («артхапати»).

Бұл мектеп өкілдері таным теориясы заттарды тануға көмектеседі деп есептеді. Олар логикалық қабылдауды кеңінен пайдаланды. Танымның шығар көзі болып қабылдау танылады, дүние пайда болғандай, субстанцияның түрлері сияқты сезіммен қабылданады. Осы уақытта Веда белсенділігі артып, Миманса философиясы сезіммен қабылдау мен логикалық егізден басқа «дұрыс» білімді алудың нақты көзі Веда мәтіндері, ал өзге басқа көздер оны қабылдау үшін ғана арналған деп көрсетеді. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Ньяя Ньяя
Ньяя  – Вайшешика мектебімен қатар туындаған логиктер мектебі. Бұл мектептер бір-бірін толықтырады. Бұл мектептің негізін салған – Готаму және оның
Чарвака (локаята) Чарвака (локаята)
Чарвака мектебі (локаята) өзінің материалистік көзқарастарында анағұрлым өз жолын ұстаушы. Бұл оқу өз бастауын көне дана Локидің ұлы, Құдайлар
Джайнизм Джайнизм
Джайнизм  – дуалистік діни-философиялық оқу (б.д.д.VI-Vғғ.). Махавира Вардхаманаға негізделген, лақап аты Джина (Жын) (самсар мен карма жеңімпазы).
Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептері Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және
Біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтың II жартысындағы ежелгі үндінің философиялық дәстүрлері мен мектептері. Олар ведикалық мәдениет түрінде
Индуизмдегі қайғы-қасіреттен құтылу үміті Индуизмдегі қайғы-қасіреттен құтылу үміті
Үнді рухани мәдениеті өз бастауын “Веда” деген жалпы атаумен белгілі көнеден жеткен киелі кітаптардан алады. Веда  (санскрит тілінен аударғанда -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×