Жастар порталы
Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептері
299 0 aiko

Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және ортодоксальды емес мектептері

Философия

Біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтың II жартысындағы ежелгі үндінің философиялық дәстүрлері мен мектептері. Олар ведикалық мәдениет түрінде қалыптасты. Ведалар (білім деген мағынада) діни-философия түрінде кездеседі. Олар б.д.д. ХV-VI ғасырларда үндіеуропалық арий тайпаларында пайда болған. Олар Үнді жерінде халықты ұлы аудару кезінде – б.д.д. ХV ғасырда пайда болған, Солтүстік және Оңтүстік Оралдан, Орта Азиядан, Орал жағалауы мен Ираннан, яғни осы жерге келгенде пайда болған.

Ведалық әдебиеттер діни, тарихи, философиялық мәндегі мәтіндерден тұрады. Ведалардың 4 жинағы бар (самхиттар) – Ригвед (гимндер ведасы) Самавед (әндер ведасы), Яджурвед (құрбандық ведасы), Атхарвавед (сиқырлы дұғалар ведасы); бірнеше Брахмалар, «жоғары сот» түсіндіріледі және салт бейнеленеді; Араньяки – «ормандық» өз жалғыздықтарында шындықты ойлайтындарға арналған мәтіндер; Упанишадтер (Брахма мен Атман туралы оқулар).

Упанишадтер ведалық әдебиетті аяқтайды. Бұл әдебиеттерде ведадан кейінгі кезең (б.д.д. VI-V ғғ.) жайлы мәліметтер беріліп, діни-философиялық оқуларларда тереңінен қарастырылады. Бұл кезеңде Ежелгі Үнді жерінде құндылықтардың қайта бағалануы, қоғамдағы адам орны жайлы мәселелер жаңаша ойланып, алғашқы діни-философиялық мектептер пайда бола бастайды.

Жаңа индуизм дәуірі басында құндылықтардың қайта бағалануы, көптеген Үнді тұрғындары этностық топтарының өзге де мәдениеттер қатарын өзіне жинақтаған. Бұл синтетикалық діннің теологиялық негізі ортодоксальды (астика) және ортодоксальды емес (настика) үнді философия мектептерінде діни-философиялық жүйеде пайда болды. Қазіргі үнді тілінде «астика» және «настика», «теист» және «атеист» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен, санскритпен жазылған философиялық әдебиеттерде «астика» сөзімен «кім Веда белсенділігіне сенеді», немесе «кім өлімнен кейін өмірге сенеді» деген мағынаны береді.

Ортодоксальды мектептер тәртіпке сай жұппен көрсетілген: санкхья/йога, миманса/веданта және ньяя/вайшешика

Ортодоксальды емес мектептерге буддизм, джайнизм, чарвака (локаята) жатады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011.  291 б.

Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы Философияның туындауы және пәндік, өзіндік
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен
Қытай философиясының қалыптасу кезеңдері Қытай философиясының қалыптасу кезеңдері
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ   ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТКЕН ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ӘДЕБИЕТТЕР 
АВЕСТАДАҒЫ ДІНИ ЭТИКА МӘСЕЛЕСІ АВЕСТАДАҒЫ ДІНИ ЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Авеста  - ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзірбайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштраілімінің қасиетті жазбалары жинағы. Авеста Зороастра
Индуизмдегі қайғы-қасіреттен құтылу үміті Индуизмдегі қайғы-қасіреттен құтылу үміті
Үнді рухани мәдениеті өз бастауын “Веда” деген жалпы атаумен белгілі көнеден жеткен киелі кітаптардан алады. Веда  (санскрит тілінен аударғанда -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×