Жастар порталы
Философия және ғылымның өзара байланысы
1 274 0 aiko

Философия және ғылымның өзара байланысы

Философия

Әлем жөнінде кәсіби-ғылыми білімді адамзат рухының ешбір саласы, оның ішінде философия да бере алмайды. Философ ғалым медик, биолог, математик, физик, т.б. жұмысын атқаруға ұмтылмайды.

Философия барлық ғылымдардың ғылымы емес, жекелеген ғылымдар үстінде тұруға тиісті емес, философия олармен қосыла дамиды. Қоғамға философия әлде ғылым керектігі жөнінде көп жылдарға созылған дау-дамай осы проблеманы талқылаудың көптеген нұсқасын тудырды. 

Мамандандырылған ғылымдар қоғамның жекелеген нақты талаптары: техника, экономика, білім беру, заң шығару қанағаттандырылады. Олар шындықтың өзгеше күрделі сұрақтарын зерттейді, болмыстың фрагментін, үзіндік түрін, әлемнің жекелеген бөлшектерін зерттейді. Ал философия әлемді, универсумды тұтастық жағынан зерттеуге ұмтылады. Философия жер бетіндегі нақты-нақтының бәрін, олардың бірлігін сақтап қалуға тырысады. Ол «нақты-нақтының, нағыз нақты деген не?» деген сұраққа жауап іздейді. Осы тұрғыдан философияны «алғашқы бастама және бірінші себеп туралы» ғылым деп анықтама беру әділетті жай.

Жекелеген ғылымдар объекті түрдегі құбылыстарға бет бұралы, яғни адам сыртында, адамға, адамзатқа тәуелді емес өз қорытындысын ғылым теория, заң, формуламен алға тартады. Ғалымның зерттейтін құбылыстары олардың ашқандарының әлеуметтік салдары тұлғалық, жан сезімдік, эмоциялық қатынасын сыртта қалдырады. Ғалымның кейпі, ойының құрылымы, темпераменті, өмірлік құмарлықтары ерекше көңіл қоюды қаламайды. Тартылу заңы, термодинамика заңы, Менделеев жүйесі объективті жайт. Осы заңдардың әрекеті ғалымның пікіріне, көңіл-күйіне, жеке басына тәуелді емес.

Философтың көз алдында әлем шындықтың жай қабаты емес, ол – жанды және динамикалық тұтастық. Себеп пен салдар, циклдік және спонтандық, тәртіптелгендік пен жүйені бұзушылық, ізгілік пен зұлымдық күші, үйлесім мен быт-шыттық, бір-бірімен ұйысқан проблемаларға толы әлемге философиялық ақыл өз қатынасын анықтауы керек. Сондықтан философияның негізгі мәселесі – философиялық ойлаудың болмысқа қатынасы (адамның әлемге қатысуы) философия ғылыми жетістіктерді қабылдап, оған сүйене отырып, процестер мен құбылыстарды адам болмысының мәнмәтінін қарастыруы керек.

Ғылым өкілдері, әдетте, өз пәндерінің қалай шыққаны оның өзгешеліктері, басқалардан айырмасы жөнінде өздеріне сұрақ қоймайды. Егер осы мәселелер мазасын ала бастаса ғана, ғалым ғылым тарихы мен философиясында ісі болады. Философия әр уақытта білімнің және философияның шығуын бір-бірімен қоса қарастырады. Шегі жеткен шекаралық мәселелер таным аймағының басталуы мен аяқталуы философиялық ойлаудың қалаулы тақырыбы. Философия есептің басы және аяғы, критериий болуға жарайтын сенімді негіздерді көрсетуге және барлығын түсінуге бағыттайды. Ақиқаттың пікірден, эмпирияның теориядан, еркіндік озбырлықтан, күштеудің биліктен айырмасы қарастырылады. 

Ғылым шындық жөніндегі объективтік білімді жасау және жүйелеумен шұғылданады. Ғылым – қоғамдық сананың формасы, түрі. Ғылым әлемді пәндік түсіну, заңдылығын қарастыру және жаңа білім алуға бағытталған. Ғылым мақсаты әр уақытта өзі ашқан заңдар негізінде шындық құбылыстарын жазу және түсіндіруге мүмкіндік жасайды. 

Философия субъектінің объектігі теориялыұ рефлексті және рухани-практикалық қатынасына негізделеді. Философия жаңа идеал, норма және мәдени құндылықтарды қалыптастыра отырып, әлеуметтік болмысқа белсенді қозғалыс жасайды. Философия дамуында басты бағыт әлемдегі адам орны және қазіргі өркениеттік дағдарыс жөнінде ойлау болып табылады.


Мәліметтер алынған дереккөз: Кенжебаев С.Ж. Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 284 б.

Ғылымның негізгі қызметі Ғылымның негізгі қызметі
Ғылымның басты қызметі ғылыми теориялық білімді өндіруін оның көпсалалы қызметін аяғынан тік тұруынан байқау қажет. Антикалық білім, бақылау, жазу,
Әл-Фарабидің ғылымдарды жіктеуі Әл-Фарабидің ғылымдарды жіктеуі
Ғылымдардың жіктелуі Әл-Фарабидің ғылым мен білімді жіктеуін, көзқарасы мен ұстанымы оның «Ғылымдардың жіктелуі» атты шығармасында анық баяндалған. 
Ғылым философиясының пәні Ғылым философиясының пәні
Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
Дінтану пәні Дінтану пәні
Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-озі, қоршаған ортадағы жеке құбылыстар мен процестерді тануға деген талпынысы сарқылмас және мәңгілік құбылыс.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×