Жастар порталы
Ғылым философиясының пәні
3 386 0 aiko

Ғылым философиясының пәні

Философия

Ғылым философиясы философияның бір бағыты ретінде Батыс және Ресей философиясында орын алады. Ал ғылым философиясы пән ретінде логика, тарих философиясы, социология, таным теориясы, әдістемеліктермен қатар жарыққа шықты.

Ғылым философиясы көптеген түпнұсқалық тұжырымдармен тұйықталған. Ал пән ретінде ғылымның ғылыми-техникалық төңкеріс жағдайында ғылымның әлеуметтік-мәдени қызметін түсіну сұрақтарына жауап ретінде дүниеге келді.

Ғылым философиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл – әлі жас пән. Философияның бағыты болып, ғылым философиясының шығуын жүз жыл бұрын алғашқы позитивистер ілімінен туды.

Сонымен, ғылым философиясының пәні – ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен тенденциясын қарастырады. Ғылыми таным тарихи даму және өзгерудің әлеуметтік мәдени мәнін және ғылыми білімді өндірудің ерекше қызметі болып табылады.

Ғылым философиясы үш түрлі жақтан әсерге душар болады, біріншіден, дәуірдің жалпы әлеуметтік мәдени орта; 

екіншіден, гносеология, эпистемология, әдістемелік зерттеулер тарапынан;

үшіншіден, теориялық жағынан үлгілер, тұжырымдардың әсері. Осыдан ғылым философиясы дамыған теориялық, үлгі, тұжырымдар түрінде болады.

Ғылым философиясы ғылым дамуының үлгілерін, жаңадан ашылатындардың «алгоритмі», жайы, зерттеу әдістерін қарастарады. Ғылым философиясы ғылымның негізгі ерекшеліктері дамуының заңдылықтарын зерттейді, рационалдық жиегін кеңейтеді.

Кей уақытта ғылым философиясын оған жақын ғылымтану, гылыметрия, ғылым социологиясымен тепе-теңдікке қояды. Бұл құқықтық емес.

Ғылым социологиясы ғылым институтын қоғамның әлеуметтік жүйесімен өзара қатынасын, әр әлеуметтік жүйеде ғалымдардың мінез-құлық, тәлімді типтеу, ғалымдардың топтық өзара іс-әрекетін, формалды кәсібилікті, қоғамдастық динамикасы, қоғамның әртүрлі даму кезегінде ғылым дамуының нақты әлеуметтік жағдайын зерттейді. 

Ғылымтану ғылым қызметінің жалпы үрдісін көрсетеді, сипаттамалық түрде жазуға бой ұрады. Ғылымды саяси және мемлекеттік реттеудің теориялық негізін, ғылыми қызметтің әлеуетін көтеру, ғылыми  зерттеулердің тиімділігін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару принциптері туралы ұсыныстар беру бағытында ХХ ғасырдың 60-жылдарында пән ретінде пайда болды.

Ғылым философиясының негізгі проблемаларын зерттеуде түрлі пікірлер туындайды. Ф.Франк бұл ғылыми үйреншікті күнделік мәннен жалпылама ғылыми принципке өту деп пайымдайды. Ал К.Поппер ғылым философиясының орталық проблемасы алысқа қол сермеген бәсекелес теорияларды бағалау, негіздеу екендігін көрсетеді. Ғылым философиясының ауқымы кең, ғылым критериийі, ғылыми және ғылыми емес білімнің айырмашылығы, ғылыми зерттеудің логикасы, ғылыми дамудың үлгілері қарастырылады. Осының бәрі ғылым философиясының басты проблемалары ғылыми білімнің өсуі, дамуы проблемасынан туындайды.

Ғылым философиясының тақырыптамасы үш негізгі бағытта дамиды:

Бірінші бағыт – философиядан ғылымға тартуы. Ғылым философиясы философияның әмбебаптығын мирас етіп алады.

Екінші бағыт – ғылымның өз ішінен шығатын проблемалар тобы. Таным қызметінің кәсіби төрелігі, төреші философия болады. Осы арада шебер өрілген ерекше проблемалар, ғылыми білім өсуінің бәсекелес үлігелері, эвристикалық әдістер, әдеттен тыс проблемаларды шешудің «философиялық сыбырын айту» керек.

Үшінші бағыт – іргелі ғылым мен философияның өзара іс-әрекеті жөніндегі проблема. Ғылым тарихты ғылым дамуында философияның атқарған рөлін көрсетеді. Философияның батыл әсері ғылыми төңкерістер дәуірінде ерекше байқалады.


Мәліметтер алынған дереккөз: Кенжебаев С.Ж. Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 284 б. (72-74 бб.)

Діни философия Діни философия
Дінді философиялық тұрғыдaн пaйымдaйтын бaстaпқы көзқaрaстaр мен ондaғы aдaм мә­селесіне келіп ойысaтын идеялaр жaңa зaмaндa, aтaп aйтқaндa, оның
ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ
Тарих философиясы дегеніміз не? Мәселе түсінікті болу үшін әуелі «тарих» және «тарих философиясы» ұғымдарының мәнін талдап алу қажет. Нақты тарих деп
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дінтану ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дінтану
ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі діни зерттеулер «заманауи дінтану» деп аталды. ХХ ғасырдың ортасына дейін дінді зерттеуге байланысты халықаралық
Дінтану пәні Дінтану пәні
Адамның ғаламды, қоғамды, өзін-озі, қоршаған ортадағы жеке құбылыстар мен процестерді тануға деген талпынысы сарқылмас және мәңгілік құбылыс.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×