Жастар порталы
Орта ғасырдағы қауіпсіздік туралы философиялық көзқарастар
806 0 aiko

Орта ғасырдағы қауіпсіздік туралы философиялық көзқарастар

Философия

Ортағасырлар ойшылдарының пікірлерінің қазіргі көрінісі Ежелгі дүниедегі секілді осы кезеңге дейін жеткен деректер негізінде нақтыланды. Бұл кезең идеологиясы қатып қалған діни ұстанымдарға негізделген сипатқа ие. Дәуір схоластикалық және софистік пікірлермен ерекшеленіп, діни-этникалық және авторитарлық нормалар ұстанымы күшейді. Бұл Антикалық дәуірдің соңғы кезеңдерінде әлемде діншілдікке бет бұрыс қайта басталғандығын көрсетеді. Халық күрделі өмірлік мәселелерін шешу жолында дін саласына жүгінді. 

Орта ғасырлар кезеңі идеологиялық жағынан христиан дінінің бекітілуімен сипатталады. Сондықтан қауіпсіздік туралы түсінік діни дүниетаным негізінде қалыптасты. Тертуллиан пікірінше, адам жеке күштерге сенім артпауы тиіс, өйткені өз ырқынан тыс қауіптіліктен айырылып қалу мүмкін. Сонымен қатар, ол былай деп пайымдайды: «Үрей құтқару жолының негізі, ал өзіне-өзі сенімділік үрейге кедергі келтіреді. Өз адамгершілігіңе сенудің қажеті жоқ: сенімсіздік бізге үрей әкеледі, үрей бізді қауіпті тануға баулиды, сондықтан біз қауіптен құтыла аламыз, егер біз өзімізге сенсек, құлаудан құтыла алмасымыз анық, кімде кім уайымсыз және тыныш өмір сүрсе, өзін қауіпсізбін деп есептей алмайды. Барлығына қауіптенетін және әр нәрсеге дайындар шын мәнінде өзін сенімді сезінеді».

Аврелий Августин де қауіпсіздік мәселесін үрей түсінігімен байланыстырады. Оның пікірінше: «Өзгеше және күтпеген бақытсыздықтан қорқатын үрей алдын ала қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ойлайды. Сен үшін не өзгеше? Нені күтпейсің? Сенен өзің жақсы көретін затты кім алып қоя алады? Сенен басқа қандай жерде қауіпсіздік бар?». 

Ортағасырлардағы батысеуропалық ойлардың дамуына өзінің оң ықпалын итальяндық монах Фома Аквинский тигізді. Оның негізгі еңбектерінің бірі саналатын «Теология жинағы» атты еңбегінде экономикалық категорияның моральды-этикалық сипаты берілді. Экономикалық мәселелердің діни-этикалық әдістерін қалыптастырған еңбектерінде догматтық принциптер орын алды. Сонымен қатар, бұл еңбекті әлі күнге дейін Ватикан кеңінен пайдаланып жатқан католицизмнің энциклопедиясы саналады.

Ол өз дәуірінің мүмкіндіктерін ескере отырып, қоғамның сословиелік бөлінісі кезіндегі әлеуметтік теңсіздік мүмкіндіктерін салыстырмалы түрде талдайды. Ежелгі канонистерге қарағанда, Ф. Аквинский қалалық қолөнер өндірісі, алғашқы сауда операцияларын күнә ретінде қарастырмайды. Әдістемелік позициядан қарағанда, философ көзқарасы бұрынғы канонистер пікірлерімен бірдей. Дегенмен, ежелгі канонистер қасиетті жазбалар мен шіркеу мәтіндерін қатаң түрде қабылдап, экономикалық категориялар мен құбылыстарды моральды-этикалық әдістеріне негіздейді. 

Аталмыш еңбегінде ол еңбекті қоғамдық бөлу, жеке меншік, сауда, «ақиқат баға», табыс, жер рентасы, процент секілді экономикалық мәселелерді қарастырады. Оның пікірінше, еңбекті қоғамдық бөлу табиғи жаратылыстық құбылыс болып табылады. Жеке меншікке Ф. Аквинский жеке шаруашылықты жатқызып, адам табиғатынан байлық иеленуіне құқығы бар. Сондықтан өз қажеттілігіңді қанағаттандыруға қажет меншік адамзат өміріндегі қажетті институт болып табылады. Ол жер рентасы мәселесін толық қолдап, табыс пен процентке қатысты екі жақты пікір ұстанады. Бір жағынан ол екеуінің жағымсыз жақтарын айтып, екінші жағынан табысты еңбек үшін төленген ақы ретінде қарастырады.

Әл-Фараби «Қайырымды қала» атты еңбегінде «адамдар шынайы бақытқа тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді» деп тұжырымдай келіп, Қайырымды қаланың келбетін аша түсу мақсатында адамдар қоғамдастығы шоғырланған қалаларды классификациялап бөледі. Қайырымды қалада алдарына іс-әрекеттің өзара жәрдем көрсете білу мақсатын қойған қоғамдастығы бар қала халқы ғана бақытқа жете алады. Әл-Фараби шынайы бақыт жолында ынтымақтастық жолы ерекше дейді.

«Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастар жайындағы» трактатында әл-Фараби Бірінші Тұлғаға төмендегідей сипаттама береді: «... барлық жеке біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі. [Жалғыз] сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде – Одан басқасында – ең болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше [кемшілік] бар. Ал Біріншіні алатын болсақ, ол мұндай кемшіліктің бәрінен ада, өйткені оның тіршілігі кәміл және болмысында басқасының бәрінен озық...».

Қ.А. Ясауи бұл еңбегін адамды имандылыққа, ізгілікке жетелейтін күш, айқын бағдарлама деуге болады. Ол әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты болып келеді. Мына жалған дүниеде ақ пен қараны, оң мен солды танытатын, әрбір пенденің құдай алдындағы парыздарын ұмыттырмай отыратын, адамды ізгі істерге бастайтын аса құдіретті бір күш бар. Оны имандылық деп атаймыз. Адам бойындағы имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жаны ашырлықпен қарау болып табылады. 

М. Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегін жазу барысында сол дәуірдегі түркілердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесін, ойтанымын сан алуан өзіндік сипатын әр жақты қамтып және негізгі материалдарын бес салаға бөліп қарастырған: белгілі бір тайпаға тән мәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры (лексикасы); түркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мәліметтер; түркі тілдерін топтастыру; түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; түріктердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы жайындағы мәліметтер.


Мәліметтер алынған дереккөз: Абдигалиева Г.К., Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №3 (44). 2013

Классикалық неміс философиясындағы қауіпсіздік жөніндегі тұжырымдамалар Классикалық неміс философиясындағы қауіпсіздік
Классикалық неміс философиясы әлемдік философиядағы ерекше құбылыс. Оның 100 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерін ерекшеліктері ретінде көрсете аламыз.
Қауіпсіздік жөніндегі жаңа дәуір ойшылдарының түсініктері Қауіпсіздік жөніндегі жаңа дәуір ойшылдарының
Жаңа дәуір кезінде буржуазиялық құрылыс пайда болып, адам болмысының басқаша негіздері бойынша жаңа құндылықтар бекіді. Ф.Бэкон қауіпсіздік мәселесін
Қайта өрлеу дәуіріндегі қауіпсіздік туралы философиялық көзқарастар Қайта өрлеу дәуіріндегі қауіпсіздік туралы
Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары адамды жоғары құндылық ретінде бағалап, оған қатысты барлық мәселелер назарда тұрады. Итальяндық гуманист Лоренцо
Антикалық философиядағы тұлға қауіпсіздігі түсінігі Антикалық философиядағы тұлға қауіпсіздігі
Жаратылыс үдерістерін бақылау арқылы адамзат табиғи қауіптердің көзі ретінде от, су, ауа, жер деп біліп, табиғат өз күш-жігерін танытанындығын
Христиан діні тарихының қалыптасу кезеңдері Христиан діні тарихының қалыптасу кезеңдері
Христиан дінінің тарихын шартты түрде 3 дәуірге бөлуге болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×