Жастар порталы
ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ
1 262 0 aiko

ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ

Философия

Тарих философиясы дегеніміз не? Мәселе түсінікті болу үшін әуелі «тарих» және «тарих философиясы» ұғымдарының мәнін талдап алу қажет. Нақты тарих деп белгілі бір оқиғалардың уақыт пен кеңістікте дамуын айтамыз. Мәтіндік тарих – өткеннің нақты оқиғаларын интерпретациялау. Ал адамзат эволюциясының жалпы теориясы тарих философиясы деп аталады.

«Тарих философиясы» терминін 18 ғасырда, 1775 жылы француз философы Француа-Мари Аруэ де Вольтер енгізді. Оның пайымдауынша, тарих философиясы нақты тарихи оқиғалар, үдерістер, фактілер арқылы тарихи үдерістің мәнін, логикалық байланыстарын және үрдістерін түсінуге ұмтылады. Вольтердің пікірінше, тарихи факт дегеніміз құбылыс қана, зерттеуші ой онымен шектеліп, қанағаттана алмайды, ол тарихи оқиғалардың мәніне терең бойлап, олардың пайда болуы мен дамуының мәні мен логикасына үңілуі тиіс. Сондықтан, тарихшы оқиғаларды хронологиялық ретпен тізіп қана қоймай, тарихи процесті философиялық тұрғыдан түсіндіріп, оның болмысын талдауы керек. Неміс философы Иоганн Готфрид Гердер «Адамзат тарихының философиясына идеялар» еңбегінде бүкіл дүниежүзілік тарихты кеңінен баяндады, тарих философиясын адамзаттың пайда болған кезінен бастап, осы күнге дейін жүріп өткен тарихын зерттейтін ғылым ретінде қарастырды. Гердердің бұл еңбегі тарих философиясының қалыптасуына ерекше ықпалын тигізгені күмәнсіз.

Тарих философиясын дамуына қомақты үлес қосқан Георг Вильгельм Гегель болды. Ол «дүниежүзілік философиялық тарих» терминін енгізді және оны тарих философиясы туралы жалпы пайымдаулар деп түсіндірді. Гегель тарихнаманы үш түрге бөледі: алғашқы тарих, рефлексиялық тарих және философиялық тарих. Алғашқы тарих өкілдеріне ол Геродот пен Фукидидті жатқызады, олар өздері куә болған, көздерімен көрген оқиғаларды баяндаумен шектеледі, сондықтан олардың тарихи еңбектерінің мазмұны кеңістік тұрғысынан шектелген, тарихшылар «өздері баяндап отырған нәрсемен рухани тұтасып кеткендіктен, оның шеңберінен шығып кете алмайды».


Авторы: Гүлжихан Нұрышева

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы идеяларды іске асыру шеңберінде «Жаңа жаһандық шындық және тарихи сананы жаңғырту мәселелері»: Халықаралық дөңгелек үстелдің материалдар жинағы. – Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, 2019. – 682 б.


Философиялық антропологияның  мәні мен мақсаты туралы Философиялық антропологияның мәні мен мақсаты
Философиялық антропологияның философиялық сөздіктерде берілген анықтамасына жүгінсек, көптеген анықтамаларды саралай келіп, оның мазмұнын біршама
Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана
Дінтанудың мазмұндама ұстанымдары Дінтанудың мазмұндама ұстанымдары
Дінтану пәнінің мазмұнын ашқанда, теориялық материал мен деректерді орналастырғанда, дінтану дидактикасы мен әдістемесінде кейбір ұстанымдар іске
Дінтанудың зерттеу әдістері Дінтанудың зерттеу әдістері
Кешенді пән болып табылатындықтан, дінтану көптеген әр түрлі таным әдістерін пайдаланады. Кез келген ғылымдағы сияқты, дінтануда жалпыфилософиялық,
Дінтанудың негізгі бөлімдері Дінтанудың негізгі бөлімдері
Дінтану бүгінде бірқатар бөлімдерді қамтиды, олардың арасынан философия, әлеуметтану, психология, феноменология, дін тарихы негізгілері болып
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×