Жастар порталы
19 ғ.аяғы мен 20ғ. басындағы рационализм мен иррационализм, неогегельдік, неокантшылдық, эмпириомонизм, интуитивизм, экзистенциализм
246 0 aiko

19 ғ.аяғы мен 20ғ. басындағы рационализм мен иррационализм, неогегельдік,

Философия

Н.Н.Страхов (1828-1896 жж.) – ғалым, табиғат сынақшысы және жазушы. Ол өзінің «Әлем тұтастық ретінде» еңбегінде әлем үйлесімді және органикалық тұтастық болып табылады, онда бәрі бір-бірімен өзара байланыста болады. Олар «тірілер мен құбылыстардың иерархиясын» құрады және оның қақ ортасында адам тұрады, – деп тұжырымдады. Ол прогресті жақтаушы және рухани өмірдің эволюциясының негізін жасаушы болып табылады.

Страхов Ресейде де, Батыста да рухани мәдениеттің төмендеуін байқады. Оның себебі – «материализмнің, позитивизмнің, нигилизмнің бәлелі кесірінде», деп көрсетті (Н.Лосский).

Страхов славянофилдік тұрғыдан Ресейдің рухани көтерілуін философиядағы материализм, позитивизмнің деструктивті сипатта болуында деп атады.

Орыс заңгері және тарихшы Б.Н.Чичерин (1828-1904 жж.) либерализмдік тұрғыда гегельдік мұраны талдап түсіндірді. Ол орыс тарихын жазудың «мемлекеттік мектебінің» көрнекті өкілі, конституциалық монархияның жақтаушысы болды. Ол тек монархияда ғана либеральдық идеялардың тәуелсіз құқықтары мен тұлға бостандығына негізделген қоғамдық өмір мен мемлекеттіктің берік үйлесімді бірлігіне қол жеткізуге болады деп сендірді. Чичериннің негізгі философиялық идеялары оның «Ғылым мен дін» (1879), «Ғылымдағы мистицизм» (1880), «Логика мен метафизиканың негізі» және т.б. еңбектерінде баяндалған. Жас кезінде гегельдік философияға қатты еліктеп, ол әрі қарай да оның тұғырлы ұстанымдарын басшылыққа алды.

Чичерин: нағыз шындыққа философиялық тұрғыда қарау «қарама-қайшылықтардың», бәрінен бұрын материалдық әлем мен «ойлайтын субъектілердің» үйлесім табуында, – деп жазды. Ақылды тірлік иесі ретінде адамдардың іс-әрекетін прогрестің әмбебап – онтологиялық сипаты анықтайды, ең сонында бұл әрекет абсолюттік рухта тамырланады, ол адамзаттың және әлем дамуының диалектикалық үдерісін бағыттайды. Чичерин тек адамға тән бостандықты жоғары бағалады. Ол шекті және шексіз тірлік иесі бола отырып, адам басынан бастап Абсолютке қатысты», – деді.

Адамның «абсолюттілігі» мен «шексіздігі» бірінші кезекте оның ақылымен және абсолюттік рухтың ақиқат түрі ретінде анықталады. Чичериннің айтуынша, әлемдегі өтіп жатқан құбылыстарды аңғарудың «жоғары ғылымы» тарих болып табылады, атап айтқанда, тарихтың метафизикасы. Тарихи үрдістерде ол идеялардың даму логикасын айқындайды. Онда ол осы үрдістің мәнін көрсетеді, сондықтан тарихи пәндердің арасында адам ойының тарихы, философия тарихы үлкен маңызға ие болады.

А.И.Введенский (1856-1925 жж.) Петербург университетінің профессоры, Ресейдегі неокантиандықтың көрнекті өкілі. Ол өзінің зерттеулері мен лекция курстарын «Канттық критицизмге» негіздеді. Введенский неоканттықтың керемет түрін логизмді (аналитикалық ойлаудың предикаты мен субъектінің арасындағы логикалық байланыс туралы ілім) жасап шығарды. Оның маңызы мынада – априорлық ұстанымдардың көмегімен «жалпы синтетикалық пайымдауларды» дәлелдеу. Алайда, бұл ұстанымдар танымдық субъектінің ой-пікірлері болып табылады, бірақ олар тәжірибемен дәлелдене алмайды. Логизмде дәлелденбейтін, жалпы және қажетті синтетикалық пайымдаулар сипатында шындықтар бар. Оның тұжырымын талдаулық деп атауға болады. Ол «талдаулық пайымдау сияқты ой қорытындысын кейбір жүйелер ретінде қарастырады!».

Введенский Канттың ізбасары ретінде оның этикасын мойындап, бірақ өнегелік мінез-құлықты толық түсіну үшін практикалық ақылдың (Құдайдың бар екеніне, жанның өлмейтіндігі мен еркін ерікке сену) үш канттық жорамалдың аз ететіндігін, бұларды төртіншімен – «бөтен рухтану» туралы, басқа «Мендердің» барлығына сенуге негізделген көз жеткізулер мен толықтырулар қажеттігін айтады.

Орыс философы – идеалисі, экономисі және саяси қайраткері А.А.Богданов (Малиновский) (1873-1928 жж.) өткен ғасырдың 90-жылдарының басында революцияшыл –халықшыл болды, содан кейін социал –демократтардың позициясына көшті, кейіннен большевиктерге қосылды. Богдановтың бірінші ғылыми еңбегі – «Экономика ғылымының қысқаша курсы» болды. Богданов «Табиғатқа тарихи көзқарастардың негізгі элементтері» атты еңбегінде философияның стихиялық материализмінен марксистік философияның тексерісіне келді.

Богданов өз философиясындағы эмпириомонизмнің Мах пен Авенариустың эмпириокритицизмінен басымдығын атап көрсетеді. Ол екі түрлі тәжірибені – (физикалық және психикалық) анықтаумен шектелмейді. Олардың арасындағы генеративті байланыс пен тәуелділікті – ұжымның тәжірибесіне «физикалық» қатарды, ал «психикалық» қатарды жеке тәжірибеге апару жолы арқылы орнатады. Богдановтың бұл ұжымдық тәжірибені жеке тәжірибенің орнына қайта қоюы – тәжірибені идеалистік түрде түсіну кезінде қоғамдық ғылымдарға махизмнің кіріп кетуін жеңілдетті.

Богдановтың көзқарастарында идеализм мен релятивизм қоғамдық сананы түсіндіру кезінде көрінді. Ол сәулеленудің материалистік теориясының орнына сананың болмысқа «ыңғайлануы» идеясын жасады. Ол содан кейін мынадай қате пікірге келді: «фетиштік» сана «практикалық түрде ынғайлы», қоғамда «мақсатқа лайық» және «толығынан қолжетімді». Оның айтуынша, жалпы философиялық ұғымдар – материя, рух, субстанция, абсолюттік ақиқат сияқтылардың белгілі бір дәуірде және сол дәуірден тыс жерде ешқандай маңызы жоқ. Адамдардың еңбек қатынасынан туған «танымның пұттары және фетиштерін» білдіреді. Ақиқатты «ұжымдық тәжірибені ұйымдастырушы» ретінде қарастырады. Сондықтан оны жалпы мағыналылықтағы «объективтілік деп түсіндіреді». Ол үшін осындай уақыт, себептілік, заңдылық тәжірибенің ұйымдастырушысы түрінде көрінеді.

Богданов материалистік диалектиканы «әлемдік дамудың формальды заңы» деп есептеп, оған «тепе-тендіктің» механикалық теориясын қарама-қарсы қойды.

Богдановтың пікірі бойынша, өндірістік қатынастар дегеніміз –«алғашқы ұйымдастырылған идеологиялық комбинациялардың тобы». Сондықтан «қоғамдық болмыс» пен «қоғамдық сана»ұғымдарын бірдей деп есептеуге болады.

Орыс философиясындағы иррационализмнің көрнекті өкілі экзистенциалист Л. Шестов (1866-1938 жж.) болды. Оның шығармашылығына Шекспир, Достоевский, Толстой, Плотин, Паскаль, С. Кьеркегор, И. Кант, Ф. Ницше үлкен әсер етті. Ол Бердяев сияқты марксизмнің жолын қуушыдан бастаған ізденістерін былайша сипаттайды: «менің алғашқы философиядан оқытушым Шекспир болды». Ол «Оймен тану және ашық айту» атты кітабында былай деп жазды: «Шекспирден кейін Кантқа тап бердім, бірақ Кант менің сұрақтарыма жауап бермеді. Менің назарым басқа жаққа – Жазуға ауды».

Тертуллианнан алынған эпиграфы бар «Афина мен Иерусалим» еңбегінде «Афина мен Иерусалимнің», Академия мен Шіркеудің, еретиктер мен христиандардың арасында ортақ не бар? деген риторикалық сұрақтар қояды. Адам өмір сүруінің қайғылы болатындылығын уайымдап, өмірдің қайғысы мен сұмдықтарын дұрыс деп санайтын рационализмді сынға алады. Шестов ақылдың шектеулілігін сенім жеңеді – деді. Ол бұл байланыста қорқыныш табиғи нәрсе емес: «оны ақылы бар, өзін Құдайдың орнына қоятын біреу, шағатын жылан сияқты күбірлеп оқиды; адамға Құдай емес, кепілдік керек деп болжайтын ақыл, діннің толқымалы уәделерінің орнына алдап беріп жібереді.

Алхимияда, Құдай сөздерінде және философияда нәтижелері аянышты болуы адамдардың ақылды тастамай ертіп жүруінен және нақ сол жерде бас тарта алмауынан, ақылға заттардың табиғаты бойынша кету немесе тынуға сенуінен болды. Ол өзінің таным теориясында гносеологияның міндеті «ақылды басқарушы рөлден алып тастау немесе құқықтарын шектеу» сәтін анықтау екенін ашық айтты. Орыстың діни экзистенциалисі өз кезегінде күнәлі болуға әкеп соғатын ештеңенің алдында болатын қорқыныштың себебі ақыл болып табылады деп сенеді. Оның ойынша, ақыл таным теориясының ажырамас бөлігі, ол «метафизиканың алдында болу керек». Философия әлемді тану теориясының қажетті, бірақ жеткіліксіз бөлігі, ол дінмен толықтырылуы керек.

Шестов «Киргегард және экзистенциалдық философия» атты кітабында иррационалдықтың адам болмысындағы рөлі мен орнын қарастырады. Гусерльге дейін егер «барлық жерден қуылып жүрген даналық пен терең ойлау өзіне орын тапса, тек қана «басын қоярға жер таппай» жүрген рақымшыл философтың кеудесінен тұрақты мекен табуы мүмкін» деп міндетті ойлау қабылданған болатын. Бірақ ол даналық пен рақымшыл адамның философиясынан шын мекен беруден бас тартады. Ол мысқылдай отырып былай деді: оларға жеке немесе қоғамдық игі қайырымдылық көмегіне жүгінуге тура келсе де, «өмір сүруге керек құралдарды олар басқа жерден табуы керек». Мұндай кемістік барлық адамзат баласына тән.

Шестов: «Гуссерль сияқты адамдар да ақыл куә болудан бас тартатын Құдайды мойындағысы келмеді», – деді. Бұл оның философияда жаңа сөз айтуға байланысты Гуссерльдің шағымына жауап еді. Шестов философияны қатал ғылым деп есептейді. Бұл ол үшін өмірді қолдан келгенше беймәлім әрі проблемалық етуді бейнелейтін өнер. Ақыл – әлемді тануда соңғы саты емес, дін сияқты «діннің пұттары» сияқты, оның айтуынша, «ақылдың пұттарына қарағанда атағы жағынан кем емес», – деп тұжырым жасайды.

Орыс философиясында интуитизм теориясын Н.О.Лосский (1870-1965 жж.) жасады. Ол көрнекті, ірі орыс философы еді. Кезінде Ленин оны Кеңестік Ресейден «философия кемесінде» зиялы қауымның көрнекті өкілдерімен бірге айдауға жіберген еді. Лосский «субстанциональды қайраткер» ретінде «Мен туралы» антропологиялық ілімді жасады; «иерархиялық персонализм» жүйесін негіздеді; философиялық ойлардың тарихына зор үлес қосты.

Лосскийдің ағылшын тілінде шыққан «Орыс философиясының тарихы» АҚШ пен Батыс Еуропада «Орыстың діни-философиялық ойларын» зерттеп білу бойынша классикалық негіз болып, дүниежүзілік атаққа ие болды.

Оның қаламынан шыққан басқа да еңбектер француз, словак, неміс, орыс тілдерінде жарияланып, танымал болды: «Абсолюттік қайырымдылықтың шарты»; «Этика негіздері», «Гносеологияның негізгі мәселелері», «Сезімтал, интелектуальды және мистикалық көкейкөз», «Құдай мен әлемдік жамандық» (1941 ж. жазылған мистикалық көкейкөзде ашылған Құдайдың проблемаларын метафизикалық түрде ұғыну және фашизм масқаралары мысалында қарастырылған жамандық мәселелері). «Логика», «Ерік бостандығы» және т.б. шығармалары дүние жүзіне әйгілі болды. Орыс философтарының шығармалары арқылы Лосский «нағыз философ таза адамгершілікті, қайырымды болып, нақты сенімнің иесі болу керектігін көрсетті». Ол тек қана – кәсіби ойшыл емес, Ақиқатқа қызмет етуші болу керек, – деді.

А. Бергсонның көзқарастарын дамыта отырып, Лосский «Үйлестірілген қабылдау» туралы ілімді жасайды. Бұл ілімнің мәні – жеке сезім ағзаларына жағдай жасау және оған сәйкес ми қабатындағы физиологиялық үрдіс арқылы адамның қоршаған ортадағы шынайы заттарды ажырата алу актілері мен адам есін аударатын ынталандырғыш қызметін атқаратындығы. Бұл көкейкөз Құдайды ең жоғары құндылық, рахаттану, ақиқат махаббат, қайырымдылық ретінде түсінуге мүмкіндік береді.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Философия мен әдебиет (Ф.М. Достоевский, Л.Н. Толстой.) Философия мен әдебиет (Ф.М. Достоевский, Л.Н.
Орыс мәдениетінің екі алыбы – моральдық және өнегелілік проблемаларды көтеруші Ф.М.Достоевский мен Л.Н. Толстой философиямен шұғылданушы жазушылар
Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне тән эмпиризм мен сенсуализм және рационализм Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне
Позитивизмнің екінші тарихи формасы – махизм мен эмпириокритицизм (Э. Мах, Р. Авенариус және т.б.). Эмпириокритицизм – «таза тәжірибеге» негізделген
XIX ғасырдағы марксистік философия XIX ғасырдағы марксистік философия
Маркстік философияның даму кезеңін үшке бөлуге болады. Бірінші кезең Маркс пен Энгельстің идеализмнен және революциялық демократизмнен бас тартып,
Философия және ғылымның өзара байланысы Философия және ғылымның өзара байланысы
Әлем жөнінде кәсіби-ғылыми білімді адамзат рухының ешбір саласы, оның ішінде философия да бере алмайды. Философ ғалым медик, биолог, математик,
ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ
Тарих философиясы дегеніміз не? Мәселе түсінікті болу үшін әуелі «тарих» және «тарих философиясы» ұғымдарының мәнін талдап алу қажет. Нақты тарих деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×