Жастар порталы
Философия мен әдебиет (Ф.М. Достоевский, Л.Н. Толстой.)
626 0 aiko

Философия мен әдебиет (Ф.М. Достоевский, Л.Н. Толстой.)

Философия

Орыс мәдениетінің екі алыбы – моральдық және өнегелілік проблемаларды көтеруші Ф.М.Достоевский мен Л.Н. Толстой философиямен шұғылданушы жазушылар болды. 

Ф.Достоевкий (1821-1881 жж.) орыс мәдениетінің дағдарысы негізінде туды. «Рухани құндылықтары бар сана оянса, оларға махаббат сезімі, сонымен қатар ықылас пен сақтау мен қорғауды аңсау күшейеді» (Н.Анцыферов).

Ол осы дәуірге өзінің жанын аямады және халықтың рухани жанын өз шығармашылығымен байытты. Добролюбовтың анықтауы бойынша, Достоевкий өзінің «Кедей адамдар» романында, ол гуманист ретінде – оның негізгі көзқарасы «адам туралы ауру» екенін білдірді. Достоевкий өзінің гуманистік идеяларын «Сұлулық әлемді сақтап қалады» формуласымен танытты. Оның философиялық мазмұны «материалдық өмірде іске асырылған сұлулық – ақиқат пен жақсылыққа» негізделген. Жақсылық пен ақиқаттан тыс сұлулық зұлымдық құралына, адамды бұзуға, оның трагедиясына айналады.

Достоевкийдің өмірі руханилықты іздеу мен трагедиялық жағдайларға толы. Ол 28 жасында утопиялық социализмді насихаттаған петрашевтіктердің үйірмесіне қатысқаны үшін ату жазасына кесілген еді. Соңғы минуттарда «Ат! Жабыла ат!» деген командасын өзгертті, бұл үкімді көп жылдық каторга мен алты жылдық әскерге бару қызметімен (Сібір мен Қазақстанда) ауыстырды. Жазушы ол жақтан Құдайға сенгіш адам болып, қоғамдық өмірді жақсарту үшін революциялық акциялардың мағынасыздығына көз жеткізіп оралды. Адам табиғатында басынан берілген жамандықты революциялар жоя алмайды. Алайда, оны бұрынғыша «орыс социализмі» идеясы қызықтырды. Ол оны қауымдық пен жақынына деген махаббатқа негізделген алғашқы христиандық рухта түсіндірді.

Достоевкий «адамдар әлемі күшпен құтқарылмайды», – деді. Ол революционерлерді «адамдарды зорлыққа итермелейтін әзәзіл» деп атады. Әрбір адамда осы әзәзілдердің бір бөлігі болады, бірақ жамандық пен зорлықтың үстінен жақсылықтың басымдылығы ақиқат. Бір адамның өміріне, бір тамшы қанға, бір баланың саусағы немесе көз жасына құрбан болуды алдына мақсат етіп қоятын нәрсе жоқ, болмайды да.

Еуропа мен Достоевский сыни қарым-қатынаста болды. Ол: Батыс теріс пиғылда, онда «ағайындық» бастау болмайды және индивидуализм, эгоизм, утилитаризм өркендейді. Ол Батыстың әлеуметтік, рухани дамуының болашағын көрмейді. Достоевскийдің бір кейіпкері Батыс Еуропаны «ең қымбат зират» деп атайды.

Ойшыл XIX ғасырдың 60-жылдары Лондонда Герценде болды. Онда ол капиталистік Батыстың «мещандық идеалының» орнына «жаңа орыс идеясы» – «почвенничествоны» енгізді. Оның мәні қоғамның жоғары қабаттарын орыс халқымен, қауымдық идеяны алға апарушы «барлық туысқандарды бір махаббатқа, бейбітшілікке, революциялық емес түрде біріктіру». Достоевский бұл идеяда католицизмнің, материалистік және атеистік емес мұрасын, махаббатқа негізделген және «барлық әлемдік бірігу» христиандық-православиелік социализмде «біздің орыс социализмінің» тамырларын көреді.

ХХ ғасырдың 60-жылдары орыс жерінде В.Астафьев, В.Белов, П.Проскурин, Н.Рубцов, А.Яшин сияқты үздік өкілдер қатысқан жазушылар, ақындар, публицистер арасында осыған ұқсас «деревнялықтар» қозғалысы пайда болды.

Достоевскийдің барлық шығармашылығы – діни-философиялық тұрғыда Құдайды іздеуге және адам болмысын ашуға толы. Онда бір құпия бар, оны ашу керек деді. Ол адам танымында ақыл-ойдың шектелуі мүмкіншіліктерін көрсете отырып, тұлғаның маңызын «ақылды субъектіге» түйістіруге болмайды, ол рационалды философияда қабылданған деді.

Жазушы рационалды білімге және иррационалды ерікке «орыс руханилығын» – «уақтылы емес ойларға» және махаббаттың, міндеттің, моральдық «архаикалық» ұғымдарына қарама-қарсы қойды.

Ойшыл адам жанының тереңінде бірінен-біріне ауысатын жапа шегу және ләззәт алу, ұятсыздық және ар-ұят сияқты «демондық» және «Құдайлық» бастамалар бар деді. Адам табиғаты екі жақты болады. Жақсылық немесе жамандықтың жеңуі өзіне байланысты. Сенім мен сенімсіздіктің проблемаларын қарастыра отырып, Достоевскийдің кейіпкерлері: «Егер Құдай өлсе, онда бәріне рұқсат етілген», – деп, мәселені турасынан қояды. Олар бірден: «Адамға Құдай керек!» деген жауапты таңдайды. Құдай жоғалса, өмірдің мәні де жоғалады.

Достоевскийдің айтуынша, адамның күрделілігі оны қалыптастыратын факторлардан (биологиялық және әлеуметтік) тұрады. Оның құрылымында (саналы және санасыз), ал оның өнегелі салаларынан жақсылық пен жамандық көрінеді. Адамның күрделі салаларынан байқалатыны – сонғысында бәрін анықтайтын нақты нәрселер бар. Бұл адам тұлғасының сипатын ашады.

Достоевский өз шығармаларында рухани тазару, өнегелі құндылықтар – махаббат, намыс, ұят, әділдік, бақыт туралы көп айтады. Осы кезде ол адамның ары өшпейтін нәрсе, тек сол ғана адамдарды бақытқа кенелтетініне сенеді. Оның «Нақұрыс», «Қылмыс пен жаза» романдарында гумандық дегеніміз – бұл кешіре білу және басқадан өзінің қабілеті жетпейтіндерді талап ете алу. Гумандық, Достоевскийдің пікірі бойынша, алдында әлем де тұра алмайтын өнегелі құндылық. Ол үшін бұл – аксиома.

Достоевскийдің айтуынша, әлеуметтік жамандықтан адамды оның рухани еркіндігі мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін христиан этикасы ғана құтқара алады. Оның ойынша, адам өз-өзіне, өзінің материалдық табиғатына «қан тамырлары ақауы және күнәлары» болып табылады. Сондықтан тыйым салынбаған адам табиғаты шексіз эгоизмді жеңеді. Оның ойынша, шын сенім, «адамды қайта жасаумен», аскетизммен, моральдық және өнегелілік өзін-өзі жетілдірумен кездеседі.

Ол батыс қоғамына тән сословиелердің жауласуынан қаша отырып, еуропиялық өркениеттің нәтижелерін меңгеру керек деп есептеді.

Провославиемен тікелей байланысты этикалық идеалды жалпылай іске асыруда Достоевский орыс халқының тарихи міндетті ісін көре білді. Орыстың ұлттық идеалының «барлық адамилығын» дегеніне көндіре отырып, ол Батысқа ешқандай жауласу жоқ деп түсіндірді. Достоевскийдің ойынша, «Орыс идеясы» – бұл еркіндік пен бір ұлттың, бір индивидтің көлемінде бір-бірінің қарым-қатынасына қарай жалпыға тән кешірім сұрауы, ал болашақта – барлық халықтың рухани еркіндігінің шеңберінде бірігуі мен өнегелі тазалығы жатыр.

«Ағайынды Карамазовтарда» ойшыл орыс халқының терең өнегелі тамыры бар екенін, ішкі еркіндіктің моралін білдіруші екендігін баса көрсетеді. Сондықтан ол Ресейден «бүкіл адамзаттың қайта тірілуі мен оның жаңаруын» күтті. Ол орыс адамы ұлтына қарамай, «барлық адамзатқа жаны ашиды», өйткені оның жалпы азаматтық инстинкті бар деп сендірді. Сондықтан «орыс идеясы Еуропа өзінің және ұлттарында дамытып жатқан барлық идеялардың жинақталуы болады», – деді .

Достоевский православиенің түпкі тамырында адамға берілген барлық еркіндік сақталады, бірақ православие топырағында хаосты жеңу мүмкін емес, – деп өзіне есеп берді. Әлеуметтік қарама-қайшылықтар адамзатқа бірдей моральді күштеп жапсыру арқылы емес, барлық адамдарды шіркеуге шақырып, жарастыру арқылы шешілуге тиіс. Бүкіл өмірін «шіркеулік өмірге» арнауды ол Ақсүйектік өмірдің шіркеулік жарғыға бағынуы ретінде емес, өмірдің еркін және ішкі христиандық бастамалардың жағдайы ретінде түсінді. Шындығында бұл Вл.Соловьевтің литургиясына сәйкес келеді.

«Ағайынды Карамазовтар» романы – адамдардың саналы түрде жақсылық пен жамандықты таңдауын Достоевскийдің философиялық тұрғыда ұғынуының биік шыңы.

С. Моэм бұл шығарманы «барлық уақыттың және барлық халықтың ең үздік, көрнекті кітабы» деп атады. «Ағайындылар» мәтініне Ұлы инквизитор туралы аңызды қосады. Ол романның «шарықтау шегі» болып табылады. Сонымен қатар өз бетінше Құдай – Адам – Христың жеке тұлғасы туралы философиялық шығарма болып есептеледі. Аңыздың көпжоспарлы концептуальды символикалық мазмұны онда теодицеяны көруге, антихристиандық бағытталушылық туралы басқаларға айтуға мүмкіндік туғызады.

Кәсіби философ болмай тұрып-ақ Достоевский Ресейде экзистенциализмнің негізін қалады және XIX-XX ғғ. аяғында діни философиялық ойлар мен мәдениеттің қалыптасуына әжептәуір әсер етті.

Атақты орыс философы Флоровский: оған идеялардың көпжоспарлылығы жүйесін бере отырып: «нағыз метафизикалық тәжірибенің тереңдеуі мен жан-жаққа қарай қозғалысы», – деп атады.

Достоевскийдің көзқарастарының күрделілігі мен қарама-қайшылығын Т.Манн былай деді: «Барлық адамзаттың және оған деген махаббаттың атынан: бүкіл тозақтық азап пен танымның тереңдерінен өткен және риторикадан айырылған жаңа гумандықтың атынан».

Л.Н.Толстойдың «Тәубе», «Менім сенімім неде?», «Құдай патшалығы біздің ішімізде» атты еңбектерінде жамандыққа күшпен қарсы болмау – оның моральдық ілімінің негізі болды. Оның ойынша, адам болмысының драматизмі өлімнің бұлтартпастығы мен адамға тән өлшеуді аңсаудың қайшылықтарында болады. Өз рухын құтқару, өмірге мән беру үшін адам тіпті өзі жамандық пен зорлықтың негізгі нысаны болса да, жамандық, зорлық жасамау керек. Оның моральдық ілімінің мағынасы – жамандыққа жамандықпен жауап бермеу, жамандыққа зорлық жасаумен жауап қайтармау керек, – деді.

Л.Н.Толстой өз еңбектерімен күн көретін қарапайым адамдардың рухани тәжірибелеріне қарай отырып, олар өз рухтарын өлтірмеу үшін Құдай заңдылықтарымен өмір сүруге тырысатынын түсінді . Ол барлық адамзаттың басқа бір білімі бар және өмір сүруге мүмкіндік беретін ақылға сыймайтын сенімі бар екенін мойындайды. Оның философиясында сенім ұғымына адам өмірінің мәні туралы білімі кіреді. Оның нәтижесінде адам өзін жоймайды, қайта өмір сүреді деген. Сенім – өмір күші. Осыдан келіп, Толстой: «егер сенімге негізделсе, онда адам өмірінің мәні бар» – деп мәлімдейді. Жазушы өнегелілік идеалының мәнісі ескіні бұзып, өмірге жаңа негіз салған Христ ілімінде толығынан айтылған деп есептейді. Алайда, ұлы реформатордың ілімі Евангелиеда баяндалған, оның айтуынша, ол православие догмасы мен басқа христиан шіркеулерінде бұрмаланған.

Толстой: «Махаббат адамның өмір сүру жағдайының қажетті әрі рахат шарты. Оны ертедегі діни ілімдер де мойындаған» – деді. Барлық ілімдерде Египет даналарында, браминдерде, стоиктерде, буддисттерде, даосистерде достық қалып, аяушылық, қайырымдылық, қолдаушылық және махаббат рахымшылықтың бастыларының бірі болды. Жазушы Христос махаббатты мәнгі идеал, өмірдің жоғары заңы ретінде алынатындардың деңгейінде биікке жоғарылатып жеткізді.

Оның баяндауларында Христиан махаббаты мынадай өсиеттерде берілген: «Ашуланба!», «Әйеліңді тастама!», «Ешкімге ешқашан ант берме!», «Жамандыққа күшпен қарсы тұрма!», «Басқа халықтарды дұшпан санама!».

«Тарих философиясы» баяндауында Толстой адамзаттың тарихи қозғалысын қарастырды. Ол қозғалыс үзіліссіз, бұл қозғалыстың мәнін аңғару – тарихтың мақсаты деп есептеді. Толстойдың пікірінше, тарихта бостандық пен қажеттілік маңызды рөл атқарады. Бұл философиялық категориялар адамдардың әрекеттері, қоғам және объективті табиғат заңдарымен өзара қарым-қатынасты білдіреді.

Бостандық – «шын қажеттілікті тануға» сүйене отырып, адамның өз қажеттері мен мақсаттарына сәйкес әрекет етуі.

Қажеттілік – сол кездегі жағдайларда бола алмайтын, бірақ міндетті түрде болатын нәрселер. Ол бұл құбылыстардың ішкі маңызды өзара байланысынан, қарым-қатынасынан және өзара әрекетінен шығатын құбылыстардың дамуы деп түсінді. Бостандық пен қажеттіліктің арақатынасы ылғи өзгеріп отырады, яғни дін, дұрыс мағына, адамзат, құқық ғылымы мен тарихтың өзі қажеттілік пен бостандықтың арасындағы қатынас деп түсінеді.


         Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Діни философия және космизм Діни философия және космизм
Орыс философиясының даму шыңы – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы діни философия. Оның бастауында орыс философы, мистик, ақын әрі публицист В.С.
19 ғ.аяғы мен 20 ғ. 1-ші жартысындағы қазақ ақындары мен жазушылары 19 ғ.аяғы мен 20 ғ. 1-ші жартысындағы қазақ
Ш. Құдайбердиев  (1858-1931 жж.) – ағартушы, ғалым, публицист. Ол «Үш анық» кітабында адамның дүниедегі алатын орны туралы айтады. Оның ойынша,
Философия өнер ретінде: даралықты табу (Данте, Петрарка т.б.) Философия өнер ретінде: даралықты табу (Данте,
XIV-XVI ғғ. – Еуропа елдерінің экономикасындағы, саяси және мәдени өміріндегі өзгерістер уақыты. Еуроәлем бірінші кезекте Орталық, Батыс Еуропа және
Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин) Патристика дәуірінің ЕКІНШІ кезеңі. (Августин
Патристиканың екінші кезеңі ІV ғасырдың басымен V ғасырдың жартысы, христиандық шіркеулер грек-рим қоғамында елеулі тұлға болған кезеңге тап келеді.
Плотин және неоплатонизм Плотин және неоплатонизм
Эллинизмнің соңғы ірі мектебі неоплатонизм болды. Оның негізін қалаушы Аммоний Саккас болып табылады, ал оның белгілі тұлғасы – Плотин (б.д.д.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×