Жастар порталы
Діни философия және космизм
371 0 aiko

Діни философия және космизм

Философия

Орыс философиясының даму шыңы – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы діни философия. Оның бастауында орыс философы, мистик, ақын әрі публицист В.С. Соловьев (1853-1900 ж.) тұрды. Оның өзіне тән діни терминологиясының астарында: біртұтас, бұзылмайтын барлық адами және ғарыштық саланы қамтитын өмір туралы, тұрмыс туралы философиялық ілім жасырын жататын (А.Ф.Лосев). «Дерексіз бастамаға сын», «Батыс философиясының құлдырауы» атты еңбектерінде ол антикалықтан Гегель, Конт, Милль, Спенсерлерге дейінгі алдыңғы философияны спекулятивтік- теоретикалық немесе діни болсын кез келген дерексіз ұстанымдарының дәрменсіздігі туралы жазады.

Соловьев осы талдаулардың шеңберінде ымырасыз Гегельдік философия Платонға дейін жоғары көтерілген абстрактылы рационализмді, панлогизмді абсурдқа жеткізетінін көрсетті. Соловьев батыстың рационализм дағдарысынан шығуды мистикалық және табиғи, ғылыми білімді жинақтау жүйесі, ал «бірыңғай бірігу» ілімі «теософия ілімі» ретінде «жаңа философия» жасау арқылы жасауға болатынын көре білді.

Соловьев жаңа философия мен теософияны «Ізгілікті ақтау. Мінез-құлықтық философия», «тұтас білімнің философиялық негіздері», «Құдай- адам туралы оқулар» атты еңбектерінде жасап шықты. Бұл еңбектерінде ол соборлыққа, жалпы бірігуі мен адамның абсолюттік құндылықтарына ерекше көңіл бөлді.

Соловьев соборлық дегенді – адамдардың Құдайға және бір-біріне махаббаты негізінде өз еркімен бірігуі. Бұл өз беттерімен ұйымдасқан адамдар қауымы. Олар өздерінен жоғары сыртқы беделді білмейді – деп пайымдайды. Жалпы бірігудің негізгі ұстанымы – «Барлық бірлік бәрі бірдей бір Құдайда». Соловьевтің ұғымында Құдай – бұл мейірбан, еркі өзінде, бәрін сүйетін абсолюттік тұлға. Ол әлемнің материалды және рухани бірлігін қамтамасыз етеді. Ол Құдайды «ғарыштық ақыл-ес», «бәрінен биік тұратын жоғары тұлға», «әлемдегі ерекше ең күшті ұйымдастырушы, әрі әрекет етуші» деп сипаттайды.

Барлық бірлікті ол үш аспектіде қарастырады – гносеологиялық – білімнің үш түрінің бірлігі: эмпирикалық (ғылыми білім), рационалдық (философия) және дінге негізделген мистикалық (діни пайымдау).

 Әлеуметтік – практикалық – православия, католицизм және протестантизмнің бірігуі негізіндегі мемлекеттің, қоғамның және әлемдік шіркеудің бірігуі.

 Аксиологиялық – үш абсолюттік құндылықтардың – ізгілік, сұлулық, ақиқаттың бірігуі.

Соловьевтың айтуынша, адамның абсолюттік құндылығы өз еркімен Құдайды Құдайадамды бірігіп жаратушы болу үшін, яғни ақиқатқа бастапқы шындықты басқару үшін ақылмен болмыстың мәнін тану. Соловьевтың айтуынша, адамның абсолюттік құндылығы Құдайды (Құдай-адамды) бірігіп жаратушы болумен, яғни ақиқатқа деген махаббатты бастапқы мәні ретінде қарап, оны басшылыққа алу. Осылайша, Құдайдың – болмыстың идеалды маңызын ақылмен таңумен шектелді. «София», «Әлемнің жаны» туралы ілім оның философия ілімдерінің мистикалық жағы, оны Құдайға, әлемге, адамзатқа тұтастықты білдіруші жаратушы мен жаратылған жандардың арасындағы байланыстырушы буын деп қарастырады.

Оның айтуынша, Құдай адамзаттың шын және жетілдірілген түрде іске асырылғандығының нәтижесі. Христиан догматы бойынша шын Құдай мен шын адам болып табылатын Исус Христос. Оның бейнесі әрбір Құдайға сенуші адам тырысатын идеал болып қана қоймай, бүкіл тарихи үрдістің дамуының ең жоғары мақсаты болып табылады. Христос адамға жалпы моральдық құндылықтарды ашты, оны өнегелі түрде жетілдіруге жағдай жасады. Христостың ілімдерімен қарым-қатынаста бола отыруп, дінге сенуші адамзат барлық тарихи кезеңдерін қамтитын рухтанған жолмен жүреді, «әлемдік шіркеу» мен монархиялық өкіметтің бірлігі әлемнің салтанат құруына, әділеттілікке, шындық пен ізгілікті паш етуіне әкеледі.

«Махаббаттың мазмұны» атты трактатында Соловьевтің этикасы анық көрсетілген. Ол оның үш түрін көрсетеді: алғанынаң берері көп махаббат немесе бәсеңдейтін махаббат (ата – ата-аналық, Отанды сүюден тұрады); алғаны бергенінен көп махаббат немесе жоғары көтерілуші (бұл балалардың ата-анасына деген махаббаты, ол отбасынан тыс жерде де рухани құндылықтар туралы түсінікті туғызады); жыныстық махаббат өмірлік өзара келісудің жоғары шегі болып табылады, ол «жеке өмірдің жандануы», өзіңе басқа нәрседе көз жеткізе білу.

Махаббаттың мазмұны (тәңірлік және адамзаттық), Соловьевтің айтуынша, бұл жаңа адамды жасау (тікелей және метафизикалық мағынада). Махаббат – тек қана субьективті түрде қайғыру емес, біреудің өміріне белсене түрде ену, бірге шығармашылықпен әрекет ету.

«Ғарыштық» философияны Н.Ф.Федоров, К.Э.Циолковский, В.И.Вернадский, Д.И.Чижевский сияқты ғалымдар дамыта бастады. Бірақ олар «таза» философтар болған емес. Олардың еңбектері – адам мен ғарыштың проблемаларын алғаш рет көтеріп, күн тәртібіне Адам мен Әлемді қойды және оның қазіргі өмір үшін қажеттілігін көрсетті.

Олар жаһандық көлемде көптеген адамзат проблемаларын ұғынуға ұмтылып, болашақтан не күтуге болатынын, адамзат өркениеті дамудың қандай кезеңінде екендігін анықтауға тырысты. Н.Ф.Федоров христиандық және «ғарыштық» философияда ерекше орын алады. Ол білімнің барлық санасында зор ойсана мен феноменальды еске ие болды (сол кезде ол туралы Мәскеуде түрлі аңыздар айтылып жатты). Ол аскетикалық кейіпте өмір сүрді және өз өмірін тек қана қоғамға қызмет етуге арнады. «Жалпы істің философиясы» атты еңбегінде ол адамзаттың экологиялық және өнегелілік дағдарыстарын адамның табиғатын өзгерте отырып табиғат ғылымы мен ғарыштың үрдістерді басқарып отырып жеңуге болады.

Адамның міндеті – «барлық ортақ істердің» және теориялық пен практикалық ақыл-ойдың жинақталуын іске асыру үшін өнегелі өмір сүру. Адам табиғаттың соқыр күштерін жеңе алады және оны қажетті құралына айналдыра алады. Федоров метеорологиялық үрдістерді басқару туралы және күн энергиясын пайдалануды, оны көмірдің орнына қолдануға болатынын айтты. Электромагниттік энергияны меңгеріп, оның қозғалысын кеңістікте реттеу үшін кемелерді ғарышқа ұшыруды және басқа планеталарға қоныс тебуді ұсынды. Ол адамзат ғылыми танымы мен еңбегінің арқасында өзінен тыс және өз ішіндегі апатты күштерді меңгере алып, меңгеру және қайта өзгерту мақсатымен ғарышқа шыға алады. Сонымен қатар Болмыстың жаңа өлмейтін статусын бұрынғы өмір сүрген ұрпақты (толық құрамда ғылыми тұрғыдан қайта тірілту арқылы) іздеп тауып алуға болады деп есептеді.

Федоров ноосфера идеяларын болжап білді, экология және қайта қоныстану мен аштық мәселелерін көтерді және оларды дүниежүзілік көлемде қалай шешу керектігін ұсынды. Федоровтың ілімі К.Э.Циолковский, В.И.Вернадский, А.Л.Чижевскийлердің еңбектерінде кеңінен дамытылды.

К.Э.Циолковский (1857-1935 ж.ж.) – өз бетімен болған ғалым және ойшыл, теориялық негіздерін жасаған «орыс ғарышнамасының әкесі». Орыс космизмінің философиялық проблемаларын өзінің жеке есебімен аз тиражбен шығатын басылымдарда шығарды. Оның «Әлемнің монизмі», «Ғарыштың себебі», «Жердің болашағы және адамзат», «Әлемнің еркі», «Белгісіз ақыл – ой күштері», «Ғарыштың жан-жануарлары», «Өздігінен жаралу» сияқты еңбектері бар.

Бұл еңбектерінде Циолковский адам мен ғарыштың өзара қарым- қатынасының мәселелерін бірыңғай жүйенің элементтері ретінде қарастырады. Ол Жерді адамзаттың бесігі деп атады. Ол өзінің атақты ой-түйіндерінде: «Адамзат жер бетінде мәңгі қалып қоймайды, бірақ кеңістік пен жарықты қууы атмосфераға именіп ақырын еніп кетеді де, содан кейін Күн маңайында кеңістік құрады» – деді. Ғалымның айтуынша, тұтастай алғанда материя мен материалдық өмірдің атрибуттары болып табылады.

Ғарыш бірыңғай физикалық заңдылықтарға бағынады және құрылысы жағынан сезімталдықтың әртүрлі дәрежесі бар атомдардан тұрады: «математикалық мағынада барлық ғалам тірі». Ол дамиды. Шексіздік пен мәңгілік уақытындағы атомдар ақыл-ойға ғарыштық ажалсыздық кепілдігін береді. Шындығында, ғалам – бұл жеке қуанышы мен кемелденгендікті тудыратын, бақытсыздық пен ақылсыздықты білмейтін, бірыңғай өзін-өзі басқаратын жүйе. Әлемді материалдық емес жоғары махаббат пен ақылдың шексіз махаббаты болып табылатын Алғашқы себептер жасады.

Циолковскийдің пікірінше, адамзаттың ұжымдық ақыл-ойы мен планеталық деңгейде танымдық еркі де адамдарды бақытты қыла алады. Бірақ бұған көбіне құмарлыққа душар болатын адам табиғаты кедергі болады. Барлық адамзаттың азап шегуінің бастапқы көзі – «Шаттықтан агонияға дейін». Мұндай адамзаттық барлығына тән кемшілікті жеңуге болады. Циолковский адамзатты жетілдірудің бағдарламасын ұсынады. «Қазір және болашақта біздің бақытымыздан, яғни барлық тірі жандардың бақытынан маңызды ештеңе жоқ». Оның ойынша, адамзаттың шексіз әрі бақытты прогресі Жаһанның кең далаларында болашақта орналасып және ғарыштың кеңістіктеріне шыққан кезде ғана іске асырылады.

Циолковский: адамзат ғарышта тұруға қабілетті, бірақ олар басқа «энергетикалық» мақұлықтар болады. Ол өз өмірінде осындай мақұлықтармен үш рет кездескенін айтады. Олар дамудың өте жоғары деңгейінде және олардың тұрпайы материалдық денелері болмайды. Олар жетілген әрі энергетикалық тұрғыда «нәзік» болып келеді.

Циолковскийдің көзқарасы бойынша, адамзаттың өркениетінің жоғары дамуы, эволюциялық үрдістер сияқты, әлемнің құрылымын өзгерту қабілеті болып табылады. Ғалымның астронавтика мен зымырандық динамика саласындағы ғылыми жаңалықтары оның ұсынған философиялық тұжырымдарын экспериментті түрде растау үшін қабылдаған болатын.

Циолковский өмір мен ақыл-ой Әлемнің негізгі атрибуттары болып табылады деп есептеді. Ол Жерден тыс өмір, Жерден тыс өркениет бар деп күмәнданған жоқ. «Белгілі әлемде миллиондаған, миллиардтаған күнді есептеуге болады. Бізде де Жерге ұқсас сонша планета бар. Олардағы өмірді де жоққа шығарсақ адам нанғысыз болар еді».

В.И.Вернадский (1863-1945 жж.) «ноосфера», яғни ақыл-ой өрісі идеясын ұсынды. Ол басқа ғалымдардың, негізінен Тейяр де Шарденнің биосфера туралы түсініктерін әрі қарай нығайтты.

Биосфера – табиғаттың ерекше түрі, онда тірілер мен жансыз заттардың өзара әсері туралы айтылады. Тірі ағзалар өледі де жердің қабығына айналады. Ол: «тірі табиғат пен өлі табиғат арқылы сірескен материяның «өзара әсері» биосфераны қалыптастырады».

В.И.Вернадский биосфераның дамуының жоғары деңгейі ноосфера болып табылады, – деді. Ол: «... адам мәдениетінің салалары және адам ойының көрініс табуы сияқты барлық ноосфера – шексіз, кішкене зат тәрізді жоғалып кететін ғарыштық кеңістіктен тыс жатады».

Бұл термин арқылы жер бетінде болып жатқан ақыл-ойдың үрдістерге әсері, оның үстемдік етіп, өзінің, тірі табиғаттың алдында жауапкершілігі артқанға дейін күшейе түсетінін көрсеткісі келді. Ноосфера біртіндеп жалпыпланеталық көлемде шын күш бола бастады.

Адам оның әрекеті планетаның кейпін толығынан өзгертетінін кеңінен сезіне бастады. ХІХ ғасырда мұндай проблемалар болған жоқ, біздің қазіргі кезімізде жағдаяттар түбірінен өзгерді.

Біз бәріміз ноосфера қызметтерінің жанама нәтижелері ретінде қазіргі заманғы жаһандық проблемалардың кепілі мен жасаушысы боламыз.

Тірі мен өлінің, адам мен ғарыштың, психикалық және физикалық нәрселердің бірлігі идеясы атақты орыс ғалымы А.Л. Чижевскийдің (1897-1964 жж.) көтерген негізгі мәселелері болды және оның ғылыми зерттеулерінің бағытын айқындады. Осындай батыл гипотезаларды алға апару оның кейінгі эмпириялық тексерістерінен кейін, ол үшін табиғатты ғылыми танудың негізгі әдісі болды.

Ол «Әлемнің негізгі бастамасы» еңбегінде табиғаттың бірлігі бірыңғай табиғи субстрат пен бірдей ұстанымдармен қамтамасыз етілген деп жазды. ХІХ ғасырдың аяғында ашылған электрондардың «субстрат – алғашқы негіз» ретінде қарастырылды.

«Материалдық әлем бірізділіктің, заңдылықтың, комбинацияның, бірыңғай субстрат – электрондардың аренасы», одан әрі: «... табиғаттың механикасы бірыңғай, бәрін сыйдыратын ұстанымдарға, яғни барлық құбылыстар бағынатын энергияның айналуы ұстанымына негізделіп орнатылған».


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

В.Г. Белинскийдің философиялық көзқарастары В.Г. Белинскийдің философиялық көзқарастары
В. Белинскийдің (1811-1848 жж.) көзқарастарында публицист және әдебиет сыншысы неміс философиясының, атап айтқанда, романтизм эстетикасының,
Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль
XIX ғасырдың соңына таман капитализм дәуірі алға тартқан мәселелерге Жаңа дәуір философиясының жауап беруге қауқары жетпеді.
18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа философиясы 18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа
ХІХ ғ. философиясында бір-біріне қарама-қарсы көзқарастардың өрістеп, теориялық пікірталастардың қарқынды түрде дамығанын, көптеген түрлі ағымдар мен
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
Діни философия Діни философия
Дінді философиялық тұрғыдaн пaйымдaйтын бaстaпқы көзқaрaстaр мен ондaғы aдaм мә­селесіне келіп ойысaтын идеялaр жaңa зaмaндa, aтaп aйтқaндa, оның
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×