Жастар порталы
Н.Г.Чернышевскийдің философиялық көзқарастары
1 898 0 aiko

Н.Г.Чернышевскийдің философиялық көзқарастары

Философия

Философиялық ойлардың ұқсас ақыл шабыт сияқтылар белгісіз бір психологиялық бірлікте жинақталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы «жаңа адамдардың» алдыңғы ұрпақтан айырмашылығы ретінде бастан өткізіледі. Осы кезеңнің материализмі мен радикализмінің өкілі және идеялық көсемі Н.Г.Чернышевский болды.

Н.Г. Чернышевскийдің (1828-1889 жж.) радикалды көзқарастары Ресейдегі империяның өтіп жатқан оқиғалардың және Л.Фейербах, О.Канттың философиялық ілімдерінің әсерімен қалыптасты. Н.Г.Чернышевский өзіндік материалистік көзқарастарын «Өнердің болмысқа эстетикалық қатынастары» (1885 ж.), «Философиядағы антропологиялық ұстанымдар» (1860 ж.), «Адам білімінің сипаты» (1885 ж.) еңбектерінде жария етті. Ол «парасатты эгоизм» теориясын дәлелдеді. Оның негізіне қоғамдық сәттіліктерге жету үшін адамға өзін-өзі құрбан қылу ұстанымы жатты.

ХІХ ғасырдың ортасында Н.Г.Чернышевский Ресейдегі саяси өкіметтің демократиялық қайта құрылуының бағдарламасын ұсынды. Ол Еуропада, Ресейде үлкен тарихи болашағы зор қоғамдық дамудың заңдылықтары бар екендігіне сенді. Крестьяндық социализмнің идеяларының авторы тарихи уақыттың «сығымдалуына» себепші болған артта қалған халықта «қоғамдық құбылыстардың дамуы алдыңғы қатарлы халықтың әсерінен орташалардан аттап өтіп, алға жылжиды» деп есептейді. Оның Герценнен айырмашылығы – циклді даму идеясы, «ескі» және «жаңа» халықтар идеясы болды.

Н.Г. Чернышевский диалектика заңына және қоғамдық дамудың серіппелі түрі идеясына сүйеніп, бұл проблеманы шешеді. Ол адамдардың ақыл-ой, өнегелі дамуына мүмкіндік туғызатын қоғамдық формалар мен объективті жағдайлар өркендеуіне сенді.

Осымен қатар Чернышевский мына тезисті дамытты – қоғамдық дамудың басты шарты – егер әрбір адам «өзіндік сенімі» бойынша әрекет етсе, адамдар өз еркімен, өз қалауымен қызмет етеді.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

М.А. Бакуниннің философиялық көзқарастары М.А. Бакуниннің философиялық көзқарастары
М.А. Бакунин (1814-1875 жж.) – ресейлік батыс радикалдардың көрнекті өкілі. Оның философиялық білімі Кант, Фихте, Гегельдің идеяларын меңгеруден
А.И.Герценнің философиялық көзқарастары А.И.Герценнің философиялық көзқарастары
А.И. Герценнің (1812-1870 жж.) әдеби-философиялық шығармашылығының негізіне халықтық пен орыстың крестьяндық социализмі теориясы жатты. Герценнің
18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа философиясы 18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа
ХІХ ғ. философиясында бір-біріне қарама-қарсы көзқарастардың өрістеп, теориялық пікірталастардың қарқынды түрде дамығанын, көптеген түрлі ағымдар мен
Классикалық неміс философиясындағы қауіпсіздік жөніндегі тұжырымдамалар Классикалық неміс философиясындағы қауіпсіздік
Классикалық неміс философиясы әлемдік философиядағы ерекше құбылыс. Оның 100 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерін ерекшеліктері ретінде көрсете аламыз.
Философиялық антропологияның  мәні мен мақсаты туралы Философиялық антропологияның мәні мен мақсаты
Философиялық антропологияның философиялық сөздіктерде берілген анықтамасына жүгінсек, көптеген анықтамаларды саралай келіп, оның мазмұнын біршама
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×