Жастар порталы
М.А. Бакуниннің философиялық көзқарастары
135 0 aiko

М.А. Бакуниннің философиялық көзқарастары

Философия

М.А. Бакунин (1814-1875 жж.) – ресейлік батыс радикалдардың көрнекті өкілі. Оның философиялық білімі Кант, Фихте, Гегельдің идеяларын меңгеруден басталды. Жас Бакунинге еуропалық мистиктердің, әсіресе Сен-Мартеннің шығармалары әсер етті. «Германияға реакция» мақаласында ол «революциялық күйреу және шығармашылық» үдерісі ретінде абсолюттік рухтың гегельдік диалектикасы туралы жазды. Ол кезде оның философияға деген қарым-қатынасы сыни түрде болды.

Бакунин: «ақырғы және шексіздік туралы логикалық және теориялық қиялдау жойылсын: мұндай нәрселерді жанды іс ретінде ғана ұтуға болады» – деді. Осындай «жанды іс» үшін ол революциялық утопизм мен экстремизм пафосы оның барлық шығармашылығына ене бастады. Ол: «Қиратудың қуанышы – бір мезгілде шығармашылық қуаныш та бола алады», – деді. Бұл оның көп пайымдауларының бірі еді.

Бакунин – революционер өз өмірі мен басқалардың өмірлерін құрбан ететін «Жарқын болашақ» атты оның жазбаларында ғаламат утопия ретінде көрінеді. Ол: «Біз ұлы әлемдік тарихи төңкерістің алдында тұрмыз... Ол саяси сипатта емес, бір беткей, діни сипатта болады...»

1873 ж. «Мемлекет және анархия» еңбегінде ол гегельяндікті «сомнамбуликалық көрініс пен тәжірибе тізбегі» ретінде жазды. Өзінің радикальды сындарында Бакунин философиялық идеализмді қабылдамауын шектемеді, метафизикалық түрде ол Л. Фейербахты, философ-позитивистерді тіпті Бюхнер және Маркс сияқты материалистерді де кінәлады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

А.И.Герценнің философиялық көзқарастары А.И.Герценнің философиялық көзқарастары
А.И. Герценнің (1812-1870 жж.) әдеби-философиялық шығармашылығының негізіне халықтық пен орыстың крестьяндық социализмі теориясы жатты. Герценнің
Гуссерльдің феноменологиясы Гуссерльдің феноменологиясы
Ұлы неміс математигі, логик және философ Эдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.) «Логикалық зерттеулер» атты еңбегінде трансценденталды феноменологияны
Философиялық герменевтика негізінің қалануы Философиялық герменевтика негізінің қалануы
Неміс философы, әрі діндар, әрі филолог Фридрих Эрнст Даниэль Шлейермахер (1768-1834 жж.) қазіргі философиялық герменевтиканың бастауында тұр. Ол
XIX ғасырдағы марксистік философия XIX ғасырдағы марксистік философия
Маркстік философияның даму кезеңін үшке бөлуге болады. Бірінші кезең Маркс пен Энгельстің идеализмнен және революциялық демократизмнен бас тартып,
18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа философиясы 18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа
ХІХ ғ. философиясында бір-біріне қарама-қарсы көзқарастардың өрістеп, теориялық пікірталастардың қарқынды түрде дамығанын, көптеген түрлі ағымдар мен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×