Жастар порталы
А.И.Герценнің философиялық көзқарастары
247 0 aiko

А.И.Герценнің философиялық көзқарастары

Философия

А.И. Герценнің (1812-1870 жж.) әдеби-философиялық шығармашылығының негізіне халықтық пен орыстың крестьяндық социализмі теориясы жатты. Герценнің көзқарастары қалыптасуына декабристердің көтерілісі әсер етті. 14 жастағы бала декабристердің көзқарасынан кейін Мәскеуде І Николай-дің коронациясы кезінде қаза болғандардың өшін алу үшін осы тақпен, осы альтармен күреске өз өмірін арнауға ант берді («Өткендер мен ойлар»).

Ол Воробьев тауларында досы Огаревпен бірге өз өмірлерін декабристер бастаған күреске арнауға ант етті.

Герцен өзінің рухани өсуі кезінде гегеляндыққа еліктеудің кезеңінен өтті, ол оның философиялық сипаттағы еңбектерінде байқалды. Жас кезінде ол Шеллингтің, романтиктердің, француз ойшылдарының (әсіресе Вольтердің) және социалистердің (Сен-Симон), Фейербахтың ықпалында болды.

ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында Сен-Симонның революциялық көзқарастарын насихаттағаны мен оған еліктегені үшін тұтқындалып, айдауға жіберілді. Ондаған жылдар өткеннен кейін Францияға эмиграцияға кетіп, «Полярлық жұлдыз» және «Қоңырау» қоғамдық-саяси журналдарын шығара бастады. Онда «сол заманның күңгірт кезеңдерін», самодержавие мен православиені қолдайтын крепостнойлық құқық пен славянофилдерді сынға алды.

«Қоңырау» журналының беттерінде «Русьті балтаға шақырыңдар!» деген үндеуі дүние жүзіне тарап кетті.

Герценнің философиялық ойлары терең экзистенциальды болатын, ол Еуропа мен Ресейдің тағдырларына қайғырды. Әлеуметтік әділетті іске асыратын жаңа қоғамдық идеал жасауға діни-социалистік идеалдарды іске асыру мүмкіншілігін таппады. Герценнің көзқарастары буржуазиялық және социалистік революция қарсаңында орыс интеллигенциясының санасындағы қарама-қайшылықты көрсетті.

«Ғылымдағы дилентантизм» мақалалары циклінде ол таным және әлемнің революциялық өзгеруі (революция алгебрасы) мен қайта өзгеру құралы ретінде гегельдік диалектиканы талдап, негіздеді.

Оның ойынша, адамның болашағы қоғамдағы антагонистік қарама-қайшылықты революциялық жолмен «алып тастауға» әкеп соғуға тиіс еді. Шындық өмірден алыс ғылыми және теориялардың орнына шындық өмірмен тығыз байланысқан ғылыми-философиялық білім келеді, осындай дамудың нәтижесінде «материя мен рухтың» қосылуы пайда болады.

Герценнің айтуынша, орталық шығармашылық күш «өмір пульсінің әлемдік шындықпен соғуы», «мәңгілік қозғалыс» адам осы әмбебап үрдістің «жалпыға ортақ парасаты» ретінде көрінеді.

Бұл идеялар оның философиялық шығармалары «Табиғатты зерттеу туралы хаттарында» (1845-1846 жж.) дами бастады. Герцен социализмді жақтаушы ретінде болса да оны сынға алды және қоғамдық қатынастың ең үздік формасы ретінде қарастырды. Ол былайша болжады: «Социализм өзінің барлық фазасында жөнсіздікке дейін өрістейді...», «... қайтадан күрес басталады, онда социализм қазіргі консерватизмнің орнын басады және бізге белгісіз болашақ революция оны жеңеді».

Герцен өзінің шығармашылық жолының соңында Батыс Еуропаның «ұсақ буржуазиялық рухына» түңіліп, 1848 жылғы революциясынан жабырқап, қоғамдық өмірдің революциялық қайта құрылуының идеяларынан наразы болып, бас тарта бастайды. Сонымен қатар ол «біртіндеп» әлеуметтік реформаларын жақтай бастады. Ол орыстың деревнялық қауымдастығы мен артеліне баса көңіл аудара бастады.

Герцен кейіннен өзінің «Алыстан жазылған хаттарында» индивидуализмге (эгоизм) негізделген жаппай сананың жаңа типін тудыратын Батыс өркениетін пессимистік түрде бағалайды.

Қоғамдық өмірде тұлғалар өшіріліп кетіп жатты, ... Адамдар тауар ретінде жаппай тарай бастады, бірақ олар көп те, күшті де еді. Жалпы тасқындағы сарқыраманың шашыраған сулары секілді жеке тұлғалар жоғала бастады. Осыдан келіп «жақыныңның өмірге селқос қарауы» біз үшін жағымсыз, Батыс үшін табиғи нәрсе болып саналады.

Герценнің мойындауынша, еуропалық прогреске көңілінің қалғаны «адамгершілігінің өлімінің шегіне» әкеп соқты, одан оны «Ресейге деген сенімі» ғана құтқарды. Ол өз елінің жарқын болашағын «крестьяндық» социализммен байланыстырады.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

Н.Г.Чернышевскийдің философиялық көзқарастары Н.Г.Чернышевскийдің философиялық көзқарастары
Философиялық ойлардың ұқсас ақыл шабыт сияқтылар белгісіз бір психологиялық бірлікте жинақталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы «жаңа адамдардың»
М.А. Бакуниннің философиялық көзқарастары М.А. Бакуниннің философиялық көзқарастары
М.А. Бакунин (1814-1875 жж.) – ресейлік батыс радикалдардың көрнекті өкілі. Оның философиялық білімі Кант, Фихте, Гегельдің идеяларын меңгеруден
В.Г. Белинскийдің философиялық көзқарастары В.Г. Белинскийдің философиялық көзқарастары
В. Белинскийдің (1811-1848 жж.) көзқарастарында публицист және әдебиет сыншысы неміс философиясының, атап айтқанда, романтизм эстетикасының,
XIX ғасырдағы марксистік философия XIX ғасырдағы марксистік философия
Маркстік философияның даму кезеңін үшке бөлуге болады. Бірінші кезең Маркс пен Энгельстің идеализмнен және революциялық демократизмнен бас тартып,
ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХИ САНА ФИЛОСОФИЯСЫ
Тарих философиясы дегеніміз не? Мәселе түсінікті болу үшін әуелі «тарих» және «тарих философиясы» ұғымдарының мәнін талдап алу қажет. Нақты тарих деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×