Жастар порталы
Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне тән эмпиризм мен сенсуализм және рационализм
2 444 0 aiko

Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне тән эмпиризм мен сенсуализм

Философия

Позитивизмнің екінші тарихи формасы – махизм мен эмпириокритицизм (Э. Мах, Р. Авенариус және т.б.). Эмпириокритицизм – «таза тәжірибеге» негізделген философиялық жүйе, басқаша – сыни эмпиризм деп атайды. Бұл жүйе «әлемнің шынайы бейнесі туралы ұғымдарды» қалыптастыру мақсатында кез келген метафизикалық болжамды жоққа шығарады да, философияны тек тәжірибеге негіздейді. Позитивизм махизм кезеңінде таным мен тәжірибенің табиғаты; субъекті мен объекті мәселесі; «зат», «субстанция» ұғымдарының сипаты; шындық өмірдегі «негізгі «элементтердің» табиғаты; физикалық пен психикалықтың қатынасы т.б. мәселелермен байланысты қарастырылды.

Бұл мәселелерді зерттеуде махистер феноменологияға қатысты көзқарастарды қалыптастырды, бұл жағынан позитивизм Д.Юмнің философиясы мен Д. Берклидің субъективтік идеализміне жақындады. Олар «әлемдегі элементтердің» «бейтарап» сипатта болатынын дәлелдеді. Махистер материализм мен идеализмнің «метафизикалық» қайшылығын жоққа шығаруға тырысқанымен, іс жүзінде субъективтік идеализм мен феноменологияның көзқарастарын ұстанған болатын.

Эмпиризм – кездейсоқ құбылыс емес. Теорияның абстрактылы ұғымдарының эмпирикалық деректермен байланысы мәселесі ғылымда негізгі категориялардың мағынасын жіктеуге қажеттілік туған кезде ғылымның логикасы тәжірибеде қаншалықты негізделген деген мәселеге байланысты үнемі көтеріліп отырады. Бұл мәселе ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында да туындады. Бұл кезде жаратылыстану саласында революция болған еді. Бұл ретте Э.Махтың классикалық физикадағы негізгі теориялық ұғымдардың логикалық сипатына қатысты еңбегі де үлкен пікірталас тудырды. «Механика» деп аталатын еңбегінде ол Ньютонның уақыт пен кеңістіктің шексіздігі турасындағы пікірлерін сынап, салмақ, есептеу жүйесі т.б. ұғымдардың «логикалық мазмұнын» анықтауға тырысады.

Электронның дүниеге келуі Мах пен Авенариусты «материяның жоғалып кететіндігі» туралы пікірге жетеледі. Егер философияның негізгі ұғымы жалған, қолдан жасалған болса, онда осыған дейінгі жасалған метафизикалық пайымдаулар да қате, сондықтан ғылымды керексіз метафизикалық абстракциялардан тазалау керек. Осы пікірге сүйеніп, олар «эмпириокритицизм материализм мен идеализмнен жоғары» тұрады дегенді айтты. Мах пен Авенариус заттар мен бізді қоршаған өмірдегі шындықты «адамның сезімдерінің кешені» деп, субъективтік идеализм тұрғысынан анықтайды. Әлемдегі заттардың түр-түсі де, салмағы да жоқ әрі жылы да, салқын да емес. Адамдар оларды сезім органдары қалай сезсе, солай қабылдайды деді. Дегенмен, махистер бір нәрсені ескермеді, бұл мәселенің шешімі маңызды екі сұрақтың – сезім көздері қандай және олардың қалыптасу тетіктері қандай деген сұраққа жауап бола алмайды.

Белгілі француз математигі әрі физигі Анри Пуанкаре (1854-1912 жж.) бірқатар танымдық мәселелерде эмпириокритицизмге жақын келді. «Ғылымның құндылығы» атты еңбегінде (1905ж.) ғылымдағы прогресс ондағы қалыптасқан ұстанымдардың өзіне күмәнмен қарауға әкеледі деді. Мысалы, Эйнштейннің ашқан жаңалығы жарықтың жылдамдығы жарық көзінің жылдамдығына байланысты болмайтынын көрсетті. Радиоқабылдағыштан берілетін қуаттың салмағы тұрақты әрі әрекетке сай және ол әрекетке қарсы балама жоқ екендігі Ньютонның үшінші заңына да сенімсіздік тудырды. Евклидтің геометриясы жалғыз болуы мүмкін жалғыз геометриялық жүйе екендігі жоққа шықты. ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында осындай сәйкессіздіктер физиканы тоқырауға ұшыратты.

Қалыптасқан теориялық түсінікке сай келмейтін жаңа ғылыми деректер табиғаттың заңдарына конвенция түрінде, яғни шартты сөйлемдер түрінде қарау керектігін көрсетті. Заңды шартты түрде жазылған сөйлем деп түсіндіру Пуанкаренің таным теориясының басты ерекшелігі болды, нәтижесінде ол «конвенционализм» деген атау алды. Пуанкаренің ойынша, «бұл конвенциялар біздің рухымыздың еркін әрекет етуі нәтижесінде туады және оған бұл салада ешқандай кедергілер жоқ. Ол өзінің қалауынша пайымдайды...» деді.


Мәліметтер алынған дереккөз: В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия. Оқулық. – Алматы, 2011. – 291 б.

XIX ғасырдағы марксистік философия XIX ғасырдағы марксистік философия
Маркстік философияның даму кезеңін үшке бөлуге болады. Бірінші кезең Маркс пен Энгельстің идеализмнен және революциялық демократизмнен бас тартып,
18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа философиясы 18 ғ.аяғы мен 19 ғ. соңындағы Батыс Еуропа
ХІХ ғ. философиясында бір-біріне қарама-қарсы көзқарастардың өрістеп, теориялық пікірталастардың қарқынды түрде дамығанын, көптеген түрлі ағымдар мен
Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм,
Жаңа уақыт (XVI-XVIII ғғ.) – бұл кезең капиталистік өндіріс әдісінің қалыптасуының, сауданың, ғылыми уақыт және буржуазялық революцияның дамуы. Саяси
Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі Философиялық бағыттар мен жүйелердің
Философия тарихы үшін негізгі мәселе оның кезеңденуі болып табылады. Анағұрлым бұл мәселеге жақын Г.В.Ф. Гегельдің «дәуірдің рухани квитэссенциясы»
«Білім», «таным», «ғылым» ұғымдарының мазмұны «Білім», «таным», «ғылым» ұғымдарының мазмұны
Адам санасы, сана елегінен өткен болмыс, оның болмысқа қатынасына көңіл бөлу алға шықты. Білім – адам санасындағы объективтік шындық. 
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×