Жастар порталы
Қазақстан қоғамындағы конфессияаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі жолдары
1 059 0 aiko

Қазақстан қоғамындағы конфессияаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі жолдары

Дінтану

Қазіргі кезеңде Қазақстан дамуындағы ерекшеліктер сипатының бірі қоғам өміріндегі дін рөлінің ұдайы артуы болып табылады. Оның беделі мен мәртебесі өсіп, әлеуметтік қызметтері кеңейгендіктен, сенушілер мен діни ұйымдардың саны да арту үстінде. Сонымен қатар рухани жаңарудың аталмыш процесі Қазақстан бұрын соқтығыспаған мәселелерді тудырды. Елде Қазақстандағы барлық дәстүрлі діни ұйымдар (ислам, христиан) мен Қазақстанда діни ұйым ретінде танылмаған жаңа дәстүрлі емес ұйымдардың поликонфессионалды кеңістігі қалыптасты. Сондай-ақ, Қазақстанда деструктивті және тоталитарлы бағыттағы діни экстремизмнің пайда болуына негіз болған жалған діни құрылымдар да көріне бастады. Ғылыми-талдау орталығы Қазақстан аумағындағы түрлі конфессиялардың қызметін саралай отырып, жағдайдың күрделене түскенін атап өтеді. Әртүрлі діни құрылымдарға қарсы конфессияаралық шиеленістің шығуы поликонфессионалдылықтың шынайы ізі болып табылады. Діни құрылымдарға қарсылық таңдау мен салыстыру мүмкіндігін берген адамға бұл әлеуметтік шиеленіс болып табылады. Алайда осындай қайшылықты күшейту барысында оны тайталасуға дейін жеткізетін жағымсыз әлеуметтік шиеленістерге әкелуі мүмкін. 

Біздің елде соңғы 20 жылдың ішінде «әкімшіліктің орнына, тіпті сенушілерді заңды түрде қадағалау мен азаматтардың ар-ождан еркіндігі принципін бақылау» жүріп жатқан кезде Қазақстан социум өмірінде поликонфессионалдылықтың мәні ұзақ тарихи үдерістердің негізінде емес, қоғамдық сана жаңа әлеуметтік-саяси шарттарға әсер етуі секілді негізделді. Осыған байланысты поликонфессионалды кеңістіктің компоненттері сапалық көрсеткіштерге шамалас болмағанымен, қоғам идеологиясына барынша септігін тигізеді [1]. 

Бір жағынан, кез келген демократиялық мемлекет діни наным-сенімді таңдау еркіндігіне кепіл болу керек. Екінші жағынан, мемлекет діни ұйымдардың келеңсіз қызметтерінен өз азаматтары мен қоғамды қорғауға міндетті. Аталмыш екі принцип батыс Еуропа мемлекеттері жаңа діни қозғалыстармен өз қатынасын орнатқаны секілді фундаментті болып табылады. Бірақ, оларды нақты жүзеге асыру терең ғылыми талдауды қажет ететіндіктен, жоғары деңгейдегі мемлекет билігі иниститут мәселелерін шешуде қиындыққа кезігуде.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси үлгіленудің жолында» атты 18 ақпан 2005 жылы Астанадағы Парламент палатасының біріккен Кеңесіндегі Жолдауында мынаны атап өтті: «Қазақстан діни сенім еркіндігін қамтамасыз ете отырып, конфессияаралық келісім мен діни теңдік саясатын жүргізді. Бізде әртүрлі бейбіт конфессияны қамтамасыз ете отырып, діни экстремизмен күрес жүргізуде. Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі біздің елдегі бітімгерлік потенциалдың өсуіне дәлел бола білді». Сондай-ақ, Елбасы Н. Назарбаев «қазақ жерінде барлық әлемдік діндер кездеседі, сондықтан бізге діни фанатизм мен төзімсіздік жат. Бұл рухани дәстүр, құдай сөзімен көмкерілген жайдарлылық – Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің маңызды негіздерінің бірі. Біз өз төзімділігімізбен, этника және конфессияаралық келісім мен диалогымызбен, тыныштығымызбен танымал елміз. Біздің елдегі бітімділік потенциалының өсуі келешекте де дамып, сақталып отыруы қажет», – дейді [2]. 

Отандық философ Б.И. Абирова: «Заманға сай қазақ қоғамындағы динамикалық өзгерістер қазақ халқының рухани тәжірибесі мен тарихи жәдігерлерін жаңғырту әрі діндер туралы идеалдандырылған пікірлерді жою ұлттық мұраны сыни түрде ұғынуға жетелейді. Осындай тарихи мұраны үйрену отандық мәдениеттің бірегейлігін сақтау, мәдени ұқсастықты іздеу жолын анықтау үшін маңызды болмақ. Көптеген мәдениет бірегейлігін сақтау құрылымдаушыларының ішіндегі әлеуметтік уәкілдер қатары дінді алға тартуда. Ал біздің мәдени кеңістік исламға, соның ішінде, сопылыққа баса назар аударуда. Ақпараттық әлемдегі мәдениет кеңістігі жаһанданған үдерістер жағдайындағы сопылық пен исламның орны мен рөлін анықтауда сыни қатынасты ұстануда. Мәдениет пен менталитет болған жерде жалпылық мәдениет қарқыны күшейе түседі де жаһандық әсер конструктивті шығармашылық әрекеттің жаңа формасы ретінде ғана ашылып қоймай, мәдениетаралық байланыс пен диалогқа белсенділік, дайындық динамизм жобасын қабылдауымызға мәжбүрлейді» [3]. 

Конфессияның конструктивті диалогы елдегі бейбітшілік сақтау мен тұрақтылыққа жетудің маңызды жолдарының бірі болып табылады [1]. ҚР Парлементі Мәжілісінің депутаты, с.ғ.д., профессор К.Н. Бурханов Қазақстан ұлттық бірлігі доктринасын талқылау барысында «Кез келген радикалды ұлттық ой кез келген қоғам үшін қауіпті әрі олар ұлтаралық қатынастар аумағында тиімсіз» екендігін ескерте кетті. Ғалым аталмыш жағдайға қатысты ұлтаралық қатынастарды саясаттандыру қауіпті екендігіне де мән беріп, сөз қозғады: «Төтенше қауіп мәселесі бойынша саяси партиялар діни немесе ұлттық, этникалық негіздерге құрыла алмайтындығы жөнінде заң қабылданды. Ұлтаралық қатынастар саясиландырылса, онда қолайсыздық туындап, шиеленісті өршелендіруі мүмкін. Аталмыш шиеленістер таулы Карабах, Грузия, Югославия, Молдова, Синьцзян және басқа да жерлерде көрініс тапқан болатын. Сондықтан, осындай шиеленістің алдын алу үшін барлық этностарға мейіріммен, кішіпейілдікпен қарауымыз керек әрі елде басымдылық танытып тұрған қазақ этносы болғандықтан, біз биязы орта екенімізді ұмытпауымыз қажет» [4].

Қазіргі Қазақстанда зайырлы-діни және конфессияаралық қатынастардың барлық саласы оңай әрі қолайлы емес. Біздің елдегі түрлі тектегі «жалған дін» өз шегінен шығып кеткендіктен, ұқыпты әрі абай болу керек. 

Мемлекет, дін, зайырлы қоғам мен адам құқығы мәселелері бойынша Еуропа Кеңесінің Парламент Ассамблеясы (ЕКПА) №1804 (2007) 29 маусым 2007 жылдағы ұсынысын реттеуге келтірді. Осыған қарамастан, бұл ұсыныстар Еуропа елдеріндегі қазіргі діни жағдай есебінен берілді. Алайда қазіргі Қазақстан қоғамы үшін біздің елдегі діни жағдайға байланысты жетілдірулерге қызығушылық оянды. Сондай-ақ, бұл Еуропа елдері басынан кешірген «діни ренесанспен» тікелей байланысты болғандықтан, басқа да діни мәселелерді шешуде үлкен тәжірибеге ие. 

Еуропа Кеңесінің Ассамблея Парламенті (ЕКАП) ұсынысында Еуропа әртүрлі жағдайды басынан кешіріп жатқандығы айтылады. Кейбір елдерде бір ғана діннің басым болуын ұстанады. Дін өкілдері Палата лордындағы епископтар жиыны өтетін Біріккен Әмірлік секілді нақты бір саяси рөлді ойнауы мүмкін. Кейбір елдер мектептерде діни рәміздерді пайдалануға тиым салды. Біздің қоғамымыздың өмірінде дін маңызды рөл атқарған кезде көптеген Еуропа мемлекеттеріндегі Кеңес мүшелерінде заң шығарушылық анахронизмді құруды ұстанады.

Соңғы 20 жылда діни культ Еуропа елдерінде елеулі құлдырау болды. Еуропада еуропалықтардың бестен бірі аптасына бір рет діни қызмет атқарады. Сол уақытта барлық Еуропа мемлекеттеріндегі Кеңес мүшелерінде мұсылман қауымының күшеюін бақылап отырады. Глобализация нәтижесінде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияның тез дамуы кейбір топтар­ға ерекше болып көрінеді. Алайда соңғы жылдары діннің Еуропа елдерінде талқыға түсетін ортақ тақырыпқа айналғандығын теріске шығара алмаймыз. Еуропада рим католиктері, православтық шіркеу, евангелистер мен мұсылмандар белсенді қызмет атқаруда. 1396 ж. (1999 ж.) Парламент Ассамблеясының Ұсынысында дін мен демократия туралы жарияланды. Қазіргі замандағы шешілуі қиын мәселелердің бәрінде фундаменталистік қозғалыстар мен лаңкестік актілер, расизм мен ксенофобия, сондай-ақ, этникалық шиеленістер секілді діни көзқарастар бар. Бүгінгі күні бұл мақұлдау қазіргі Еуропа елдері секілді қазақ қоғамында да өзекті болып табылады.

Алайда дін мен демоктария бір біріне мүлде үйлеспейді. Кейде дін әлеуметтік рөл атқарады. Қоғам мәселелерімен айналыса отырып, азаматтық билік діннің қолдауымен діни экстремизмнің пайда болуына жол бермейді. Сондықтан өкіметке діни қауымдастық бейбіт, ынтымақтастық, төзімділік, бірегейлілік, мәдениаралық диалог пен құндылықтардың таралуын нығайту жоспарында ерекше мүмкіндіктерге ие болу керек. 

Еуропа Кеңесінің Ассамблея Парламенті (ЕКАП) ұсынысында белгіленгендей, дін еркіндігі адам құқығы туралы Еуропа конвенциясының 9 бабында дін еркіндігі, ал 18 бабында адамзат құқығының жалпы декларациясы қаралған. Алайда бұл еркіндік шексіз болып табылмайды. Себебі басқа құқық негіздеріне қайшы келетін тиімсіз дін, доктрина немесе салт-дәстүрлер бар. Қандай болғанда да еркіндікке үстемеленген шектеу «заңмен жазылған және қоғамдық тәртіпті қорғау, денсаулық пен моральды, басқалардың еркіндігін қорғау үшін қоғамдық қауіпсіздіктегі демоктариялық қоғамның қажеттілігі» керек (9.2 Конвенция бабы). 

Мемлекет адам өміріне зиян келтіретін діни принциптерді таратуға құқы жоқ. Егер осындай жағдайда күдік туатын болса, онда мемлекетке кез келген діни принциптер астарындағы адамзат құқығы туралы Еуропа конвенциясында негізделген адам құқығын бақылау дін басшыларынан талап етіледі. 

Ұсыныспен келісетін болсақ, Парламент Ассамблеясы дін Еуропа қоғамындағы маңызды сипаттардың бірі болып табылатындығы жөнінде атап өтеді. Бұл діндердің тарихи ғасыры бар екендігін ескерте отырып, Еуропа тарихына әсер еткендігін айта кетуге болады. Бүгінгі күні Еуропа континентіндегі діндердің саны артып, сенімдер мен шіркеулер көбею үстінде. ЕКАП ұсыныстарында дін қоғамнан бөлінбейтін бөлік ретінде таныла отырып, дінді тұтыну еркіндігіне құқығы бар азаматтарға арналған институт ретінде қарастырылу керек. Бірақ дін барлық потенциалы жағынан азаматтық қоғамның бір бөлігі болып табылатын ұйым екендігіне назар аударылу керек. Осыған байланысты Еуропа Кеңесі әр мемлекеттегі діндердің ерекшеліктері есебінен Еуропа азаматтарының барлығы дінді рухани, идеологиялық, моралдық және этникалық форма ретінде құрмет тұтады. 

Ассамблея Парламенті мемлекет пен шіркеудің бөлінуін ұлттық ерекшеліктерді көрсететін Еуропа құндылықтарының бірі деп есептейді. Бұл демократиялық елдердегі институттар мен саясатта жалпы мақұлданған принцип. 1720 ж. (2005 ж.) Ұсыныста Ассамблея дін мен құрылым туралы «әрбір адамның діні әркімнің өз таңдауы» айтылды. 

Сонымен қатар, Ассамблея Парламенті адам құқығы бойынша Еуропа соты дін еркіндігі мен ой-пікірін қорғайтындығын атап өтті. Алайда Еуропа конвенциясына сәйкес адам құқығы бойынша Еуропа мемлекеттер Кеңесінің мүшелері діни институттар мен мемлекеттік билік арасындағы айырмашылықты айта отырып, кейбір мемлекеттер дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас туралы заңды енгізді. 

Ассамблея Парламенті ұсынысында діни құрылым мәселесіне баса назар аударады. Аталмыш құжатпен келісетін болсақ, діни құрылым сауатсыздықпен, стереотиптермен, діндерді және олардың көшбасшыларын дұрыс түсінбеумен күресуде әрі демократиялық қоғамды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Мәдениет аралық диалогтың негізгі форумы мектептер болып табылады. Олар фанатизммен күресе отырып, жасөспірімдерді діннің негізі болып табылатын фәлсафа мен тарихпен таныстырады. Бұл жерде маңызды рөлді отбасы мен жалпылық ақпарат ойнайды. Дін ілімі өркениет пен адамзат тарихында бөліп алуға келмейтін білімнің бір бөлігі болып табылады. Ол қандай да бір діннің сенім-дәстүрлерінен ерекшеленіп тұрады. Тіпті бір дінге ғана ие мемлекттер барлық діннің шығу тарихын оқытуға міндетті. Бұл мәселе қазақ қоғамы үшін де өзекті болып табылады. Бүгінгі күні аталмыш мәселе бойынша мектеп бағдарламаларында «Дінтану» енгізіліп, жоғарғы оқу орындарында күрделі тұстарын меңгерту мақсатында міндетті пән ретінде оқытылуда. Еуропа Кеңесінің Ассамблея Парламенті (ЕКАП) қазіргі діни жағдайды талдау барысында министрлер комитетіне төмендегілерді ұсынады:

‒ діни қауымдастық барлық Еуропа мемле­кеттеріндегі Кеңес мүшелеріне 9 бабқа сәйкес дін ұстану еркіндігіне мүмкіндік беруді әрі 19 бабқа сай адамзат құқығы жөніндегі жалпы декларацияны қамтамасыз ету; 

‒ діни істерге араласу, діни ұйымдарды азаматтық қоғамның бір бөлшегі ретінде қарап, оларды бейбіт, ынтымақтастық, төзімділік пен бірегейлілік, мәдениетаралық диалог пен Еуропа Кеңесіндегі құндылықтардың таралуында белсенді рөл атқаруға шақыру; 

‒ тәуелсіз заң мен саясат принциптерін діннен алшақтату; 

‒ мәдениетаралық диалогты діни тұрғыда өлшеуді жалғастыру, оның ішінде, дін көшбасшыларымен, философ өкілдермен кездесулер ұйымдастыру; 

‒ Еуропа Кеңесінің адам құқығы, демоктария және жоғарғы заңының негізгі құндылықтарын қолдау; 

‒ діни қауым басшыларымен диалог өткізуді кеңейту; 

‒ оқу бағдарламаларын жасау туралы мәселені, Еуропа елдеріндегі Кеңес мүшелерінде діни мұраларды оқыту үшін әдістеме мен білім беру материалдарын қарастыру керек; Бұл аталмыш бағдарламалар Еуропада көрініс тауып жатқан әр түрлі дәстүрлі дін өкілдерімен бірлесе отырып құрастырылу керек. 

‒ оқытушыларды дін пәндерін оқытуға дайындай отырып, дін қызметтерінің тарихын терең меңгеруге бейімдеу керек; 

‒ халық еркіндегі кейбір элементтерді заңнан біртіндеп шығарып, діни демократиялық плюрализммен дискриминациялау керек [5]. 

Дін мемлекеттің ісіне, мемлекет діннің және діни ұйымдардың, ондағы дінді ұстану еркіндігі ісіне араласпайды. Сонымен қатар мемлекет азамт өмірінде болып жатқан діни өзгерістерге де араласпау тиіс. Бірақ рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақтылықты қолдау мақсатында жағдайға қатынасын реттеп отыруға міндетті.

Мемлекет елдегі конфессия мен деноминация жағдайы туралы нақты ақпараттарға үнемі қол жеткізе бермейді. Сондықтан бастапқы маңыздылық міндеттері бүгінгі күні біздің елдегі діни жағдайдың мониторингін жоспарлы әрі терең меңгеру болып табылады. Қазақстан Республикасындағы заңның нығайтылуы діннің мемлекеттен бөлінуі маңызды емес. Өз сенімдері бар азаматтардан құралған мемлекет дін қызметтерінен тысқары бола алмайды. Қазір жалпы мақұлданған діни факторға назар аудармай тұрып, әлеуметтік процестердің кілтін болжау, түсіну мүмкін емес.

Дін өз алдына адамзат тарихының мәні мен маңызы туралы сұрақтарды қоя отырып, адамзаттың бірлігін алға тартып, тұлғалық, ар-ождан туралы түсіндірмелерді береді. Дін адамның ішкі дүнесімен ғана емес, сыртқы әрекеттерін бақылау мен реттеуде үлкен қызмет атқарады. Батыс пен көптеген зайырлы шығыс мемлекеттерінде дін азаматтық қоғамның интернационалды-бақылау механизмі ретіндегі үлкен бөлігі болып табылады. Азамат қоғамындағы діннің қызметтері әлеуметтік мәдени жүйені толығымен сақтау болып табылады. Өзін өзі бақылаушы азаматтық қоғамда адам өзімен өзі әрі қоршаған ортамен өмір сүре отырып, барлық социумдағы әмбебап конвенцияларға жету қажет.

Қазақстан халқының күрделі конфессиялық құрамы этнократтық және исламдық мемлекеттердің құрылу ойын жоққа шығарады. Біздің республикадағы белгілі бір дін құндылықтарының жоғарылауы азаматтық қоғамда ымырасыз топтың ыдырауына әкелер еді. Сондықтан Қазақстандағы демократиялық және азаматтық қоғамның құрылуы дінаралық диалог пен келісімді талап етеді.


Әдебиеттер 

1 Социально-экономическое положение Республики Казахстан за январь-декабрь 2000 года (оперативные данные). – Алматы: Агенство РК по статистике, 2001. – c. 34. 

2 Н.А. Назарбаев. Новый Казахстан в новом мире. Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2007. – 1марта. 

3 Абирова Б.И. Культурфилософские аспекты суфизма. – Алматы: ТОО «Алла прима», 2006. – 171 с. 

4 Бурханов К. Главное – слушать и услышать друг друга// Литер неделя. –2010. – 11 февраля. 

5 Государство, религия, светское общество и права человека. Рекомендация ПАСЕ (Парламентская Ассамблея Совета Европы) 1804 (2007) от 29 июня 2007 г. – //http: www/Strasburg-reor.org



Мәліметтер алынған дереккөз: Кокеева Д.М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы.  №3 (73). 2015

Жастар саясатын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныс Жастар саясатын жүзеге асыруға уәкілетті
I. Ағартушылық блок.  Жастардың дін саласындағы сауаттылығын мақсатты түрде арттыру мемлекеттік жастар саясатының аса маңызды бағыттарының бірі болуы
Жастар әлеуметтік-демографиялық топ есебінде Жастар әлеуметтік-демографиялық топ есебінде
Жастар – кең мағынада жас ерекшелігіне қарай және соған байланысты қызметтің басты түрлері негізінде құрылған топталған қауымдастықтардың ауқымды
Қазақстандағы діни жағдай Қазақстандағы діни жағдай
Қазақстан Республикасы − 140 ұлттың өкілдері тұратын, 40-тан астам діни бағыттағы ұйымдар шоғырланған көп ұлтты, көп дінді мемлекет. Қазақстандағы
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6-тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» №875 Жарлығына
Қазіргі Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің қоғамдағы рөлі Қазіргі Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің
Қазақстанда православ дініне сенушілер саны бойынша Исламнан кейінгі екінші діни бағыт болып табылады. Елімізде православтықтардың пайда болу тарихы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×