Жастар порталы
Негізгі конфуцийшілдік категорияларды түсінудің заңдылықтары («Лунь Юй» еңбегі негізінде)
669 0 aiko

Негізгі конфуцийшілдік категорияларды түсінудің заңдылықтары («Лунь Юй» еңбегі

Дінтану

Ұлттық əдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Əрине, ол сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланысты жəне басқа халықтар əдебиетімен қарым-қатынаста болды. Осы қарым-қатынас ішінде аударманың орны ерекше. Аударма – жалпы адамзат атаулының танымдық рухани алмасуы нəтижесінде мəдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қҰлттық əдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Əрине, ол сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланысты жəне басқа халықтар əдебиетімен қарым-қатынаста болды. Осы қарым-қатынас ішінде аударманың орны ерекше.ол жеткҰлттық əдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Əрине, ол сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланысты жəне басқа халықтар əдебиетімен қарым-қатынаста болды. Осы қарым-қатынас ішінде аударманың орны ерекше.ізуіне, санасының өсуіне, дүниетанымының кеңеюіне апаратын жолдың бірі. 

Ежелгі қытай тіліндегі дереккөздерді қазақ тіліне аудармасының ерекшеліктерін сараптау – отандық қытайтану ғылымының ең өзекті мəселелерінің бірі. Негізінен, аударма тарихы өте маңызды десек те, ол ғылымның аз зерттелетін саласы болып келеді. Аударма əдебиетін зерттеудің маңыздылығы, əсіресе конфуцийшілдік əдебиеттер сияқты қиын ескерткіштерді сөз еткенде тіптен арта түседі. Бұл кітаптар қытай мəдениетінің тарихын қалыптастыруда аса үлкен рөл атқарды. Канондар негізінде білім беру жүйесі қалыптасты. Алайда бұл классикалық еңбектердің мəні, тілі мен жазылу стилі қиын болғаны соншалық, бұл еңбектер көптеген комментарийлер мен түсіндірмелерге толы болып келді. Əр кезеңде құрастырылған комментарийлер канондардың мазмұнын да, жеке түсініктерді де түрліше түсіндіргенмен, олардың ортақ мақсаты конфуцийшілдік идеяны сақтап қалу болды. Осы мақсаттың негізінде конфуцийшілдік түсініктер тарихи кезеңнің əр дəуірінде жаңаша мəнге ие болып, толықтырылып отырды. Бұл конфуцийшілдік ілімінің негізгі категорияларының түпкі мəніне жетудің жолын қиындатып жіберді, себебі əр тарихи кезең бұл ұғымдарға өз түсіндірмесін берді жəне ол сол кезең үшін ең тиімді болды. Өзінің ұзақ өмір сүруі барысында жаңа тарихи жағдайларға бейімделу үшін ол бірқатар реформалардан өтті. Бұл жағдай қытайлық жазба тілінің дамуымен бірге конфуцийшілдіктің жеке түсініктерін түсіндіруде де келіспеушіліктерді туындатты. 

Көптеген аудармашылар мен қытайтанушылар тарапынан аудару барысында əрдайым көптеген түсініксіз тұстарға толы болып келген конфуцийшілдік классикалық еңбектер қатарында ең алдымен «Лунь юй» трактаты аталады. «Лунь юй» тілі мен стилі жағынан бірыңғай еместігі бұрыннан белгілі. Онда ерте жəне кейінгі кезеңге жататын бөліктер бар. Бұл еңбектің Конфуцийге жақындығын оның стилі растайды. Ол қазіргі заман оқырмандарын өзінің жүйесіздігімен, бөлшектілігімен таңдандырады. Оның əр тарауы бастапқы сөздермен аталатындығы бұл ретсіздікті дəлелдей түседі. Кітаптың басы мен аяғын бөліп алу өте қиынға соғады. «Лунь юй» кішігірім диалогтардан, ой толғаулардан жəне əртүрлі афоризмдерден құралады. Бұл ішкі бөлшектік үзінділер арасындағы шекараларды жойып, ретсіздіктің жалпы көрінісін күшейте түседі. Алайда дəл осы себептен де бұл еңбек іштей де, сырттай да ашық мəтін болып есептеледі. «Лунь юйдің» қысқалығы Конфуцийдің сөзі аяқталмаған деген ойға алып келеді. 

Оқырман «Лунь юйдің» алғашқы бетін ашпастан бұрын, аударманың маңызды ерекшелігіне – оның текстологиялық ерекшелігіне көңіл бөлуі қажет. Конфуцийшілдік ілімнің негізгі терминдерін түсінудің жəне əртүрлі тілдерге аударудың ежелден бері келе жатқан дəстүрлері бар. Бұл қазіргі таңда осы мəселеге байланысты көзқарастардың ортақтығы бар дегенді білдірмейді. Көптеген жұмыстарда негізгі мəселе болып қандай да бір сөздің нақты жəне тура мағынасын табу болып табылады, алайда нəтижесінде зерттеуші əртүрлі мағыналардың жиынтығына келіп тіреледі. Осы жағдайда қабылданған аударманың шарттылығы туралы айта бастайды.

Көптеген қытайтанушылар анықтағандай, конфуцийшілдіктің негізін салушының өзінде де нақты жəне бір мағыналы түсініктердің жүйесі болған емес. Бұл сəйкес терминологияның ізденісін тоқтату керек дегенді білдірмейді. Конфуцийде сөз, негізінен, семантикалық өзегі бар жəне қандай да бір мағыналық бағыттылығымен ерекшеленеді. Аударма жасағанда осыны беруге тырысу қажет. Əрине, мұндай аударма кез келген жағдайда біршама шартты сипатқа ие болады жəне түпнұсқаның мағынасын соңына дейін көрсете алмайды. Алайда бұл кемшіліктер əртүрлі контексте сөздің семантикалық бояуын бере алатын аударманың қосымша нұсқасын ендіру арқылы жойылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда «Лунь юй» мəнін түсінудің екі деңгейі бар. Біріншісі Батыстағы барлық еуропалық тілдерге аударылып, кең таралған Дж. Леггтің (XIX ғ.) ағылшынша аудармасына негізделген. Екіншісі – көптеген жүз жылдықтар бойында канонның əрбір иероглифін жан-жақты саралаған «Лунь юйдің» қытайлық комментаторлықмектебі. Бұл мектептің өзінің аты танымал шеберлері бар. Ресейлік қытайтануының патриархы академик В.М. Алексеевтің пікірінше, «Лунь юйдің» аудармасы ортағасырлық зерттеуші мен конфуцийшілдіктің танымал теоретигі Чжу Сидің (1130-1200) толық комментарийлер аудармасымен берілу керек. Философ, комментатор, əдебиеттанушы, текстолог Чжу Сидің ғылыми жетістігі – ол «Сы шуды» əр сөзі мен сөз тізбектеріне толықтай түсіндірме беріп, Конфуций жəне оның ізбасарларының еңбектерін бірге біріктіргенінде. Чжу Сидің 40 жыл уақыт жұмсап құрастырған бұл жинағы үкіметпен мақұлданып, ерте конфуцийшілдіктің ресми түсіндірмесіне айналды. Чжу Си комментарийлері конфуцийшілдік мəдени аймақта негізгі үлгі ретінде қалыптасты жəне «Лунь юйді» түсінуге үлкен əсерін тигізді. Алайда Чжу Си жолын қуған зерттеушілер мəтіндерде əлі де «қараңғы жəне даулы» жерлер көп екенін байқап, орта ғасырлардың соңына қарай Қытайда Чжу Си түсініктемелеріне күмəндік келтірген оқымыстылар пайда бола бастады. Олар Чжу Сиді бастапқы идеяларды əдейі бұрмалады деп айыптап, мəтінді зерттеп, түсіндірмелердің өз нұсқаларын ұсына бастады. Бүгінгі таңда əртүрлі бағыттағы комментаторлық мектеп қалыптасып, олар тоқтаусыз өз еңбектерін көпшілік алдына ұсынуда.

Өзінің дүниеге келген ғасырынан бастап өткен уақыттар ішінде «Лунь юй» көптеген түсініктерге толды жəне оның негізінде əртүрлі мектептер мен бағыттар қалыптасты. Сондықтан «Лунь юйдің» түсініктер аппаратын түсіндіргенде қазіргі зерттеушілерге жəне аудармашыларға үлкен талап қойылатындығы заңдылық, себебі көптеген терминдер алғаш рет Конфуцийдің өзімен қалыптастырылып, Қытай мəдениетінің негізін қалаушы ретінде бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келуде. Зерттеушілер алдында туындаған негізгі мəселе – терминнің бастапқы, шынайы мағынасын жандандыру. Қытай иероглифтерінің көпмағыналылығы əрбір автор мен аудармашыға белгілі бір контекстегі кез келген белгіге өзінше түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Алайда қандай да бір этикалық терминнің көп мағынасының болуы оқырманға дэ неліктен А.М. Карапетьянц аудармасында «дарындылық», В.А. Кривцов аудармасында «мораль» жəне «өнегелілік», Л.С. Переломовта «рақымшылдық», А.С. Мартыновта «моральдық немесе игілік күші дэ», Ян Хиншунмен «заттың жолының көрінуі», С. Кучерамен «моральдық қасиеттер», «мораль қағидалары», «адалдық», А.Б. Красновпен «жақсы қасиеттер», «мейірімділік», «қадір-қасиет» деп аударылатындығын түсіндіріп беру қиыншылық тудырады. Тіпті қытай тілін білетін адам да бір ғана этикалық термин ли аудару барысында «рəсім», «этикет», «ереже», «мінез-құлық ережелері», «салт жора», «құрметтеушілік», «мінез-құлық қағидалары» жəне «ұстанымдар» деген мағыналарды беруі мүмкін екендігін жиі біле бермейді. Конфуцийшілдік терминдерді аудару барысындағы əртүрлілік белгілі бір мөлшерде бұл мəтіндердің ішкі құрылымын түсіну дəрежесіне тəуелді болып келеді [3, 205].

Конфуций іліміндегі «жэнь» сияқты негізгі категорияны аударудағы қиындықтар осындай болып келеді. Ұстаздың өзі оған толығымен анықтама бере алмайтын. Сондықтан ол «Лунь юйді» аударуда ең үлкен қиындықтарға алып келеді. Ұстаз өзінің негізгі ұғымын əртүрлі түсіндіреді деп айтса болады. Осы себептен «жэнь», əдетте «ізгілік», «адамгершілік», «нағыз адами (бастама)», «адамсүйгіштік», «жоғары рақымдылық», «қайырымдылық», «мейірімділік», «мейірбандық», «нағыз адами бастама», «игілік», «турашылдық» деп аударылады да, қытай философиясының негізгі категорияларының бірі болып саналады. Бұлұғым өзінде үш негізгі мағыналық аспектіні қамтиды: 1) моральдық-психологиялық – «əділеттілікпен» (и), рəсімдік «өнегелілік» (ли), «саналықпен» (чжи), «сенімділікпен» (синь) қатар тұратын «адамдарға деген [туысқандық] аяушылықсүйіспеншілік» (айжэнь); 2) əлеуметтік-этикалық – басқа адамға жəне қоғамға деген жақсы қарымқатынастың жиынтығы; 3) этико-метафизикалық – «заттарға деген сүйіспеншілік» (ай у), яғни жеке тұлғаның жансыз заттарға да, қоршаған заттардың барлығына деген сүйіспеншілігі. Бұл категорияны аудару барысында көптеген аудармашыларға оны иероглифтің графикалық құрылымына қарап, оны формальді жəне жартылай түрде «адамгершілік» деп аударуына тура келеді [1, 53].

«Жэньнің» этимологиялық мағынасы – «адам жəне адам» немесе «адамдар арасындағы адам». «Лунь юйде» бұл ұғым 109 рет кездеседі. Чэнь Юнцзенің айтуы бойынша «Конфуцийге дейін қытайлықтарда жалпы адамгершілік туралы түсінік болмаған еді», ал мұндай түсінік ретінде Конфуцийде алғаш рет «жэнь» ұғымы қолданылды. Бұл ұғым бірден орталық категориялардың біріне айналды. Конфуцийдің өзі бұл ұғымды əртүрлі тұрғыдан түсіндірді. Бірде ол «ізгіліктің негізі – адамды сүю» [2, XII22] десе, енді бірде «өз-өзіңді жеңіп Ережеге қайтып келу – бұл адамгершіліктің негізі» [2, XII-1] деген. Конфуцийшіл Мэн-цзы «жэнь»- ді «туысқандар арасында байланыс орнату» мүмкіндігін немесе «ата-ананы жақсы көру» деп түсіндіреді. Көптеген жылдар ішінде «жэнь» термині əртүрлі мəндерге толықтырылып, бүгінгі таңда қытай тілінде «ізгілік» сөзінің синониміне айналды. Алайда бұған қарамастан, зерттеушілер арасында «жэнь» ұғымын Конфуций ілімінде қалай түсіндіру керек деген мəселе төңірегінде ізденістер тоқтаған жоқ. 1989 жылы Конфуций қорының құрметті кеңесшісі профессор Чжоу Гучэн «жэнь» терминіне жаңа түсініктеме берді. Оның пікірінше, Конфуций түсінігіндегі алғашқы мағына келесіні білдірген: «Адам адам болу керек». Ал А. Маслов өз еңбегінде «жэнь» иероглифі екі кілттен «адам» жəне екі көлденең сызықтан тұратындығын көрсетеді. Адам əлемдік үштіктің бөлігі ретінде екі бастаманы – Жер мен Аспанды өзі арқылы байланыстырады деп түсіндіріп, кімде-кім өзі арқылы Жер мен Аспанды байланыстыра алса, сол «жэнь»-ге ие болады, яғни ол медиатор болып табылады деп көрсетеді. Ал енді бұл ұғымның графикалық мағынасы тағы келесідей түсініктемеге ие: сол бөлігі – «адам», оң бөлігі – «екі». Бұл екі бөлікті қосқанда «екі адам» деген мағына береді де, адамдар арасындағы бір-біріне деген қарымқатынасты білдіреді [3,180].

Конфуцийдің барлық ой толғауларында цзюньцзының (қайырымды ер) – идеалды адамның көрінісін байқаймыз. Цзюньцзы əдетте «кемел адам» (П. Попов), «қайырымды адам» (Л.С. Переломов), «құрметті тұлға» (В.М. Алексеев) немесе «қадірлі ер» (Сухоруков) деп аударылады. «Қайырымды адам» конфуцийшілдік дəстүрдің символына, əрбір қытайлық шенеуніктің жетуге тырысатын мақсатына айналды. Конфуций қайырымды адамдарды өз қоғамында емес, Ежелгі Қытайды басқарғандар арасында көрді. Конфуций үшін цзюньцзы Білімге ие, Дао туралы білетін ерекше адам болды. Ол ерекше күшке ие болған адам еді. Алайда батыстық əдебиетте цзюньцзы бейнесі өзгеріске ұшырап, шынайы, адал қызметкер бейнесін қабылдады. Уақыт өте қытайлық бюрократтар бұл ұғымға жаңа мəн беріп, бұл түсінікті жоғары басшыларға қаратып қолдана бастады. Реформалардың басты аспектісіне айналған кадр мəселесі бүгінгі таңдағы кадр қызметкері қандай болу керек деген сауалға жауап ретінде конфуцийшілдіктің цзюньцзы идеалының өнегелік-моральдық бейнесін қолдануға негіз салды.

Конфуций ілімінде адамның тағы бір моделі – «сяо-жэнь» («кішкентай адам») бар. Бұл терминнің мəні Конфуций ілімін зерттеушілердің көзқарастарына байланысты. Себебі көптеген ғалымдар бұл ұғымды əртүрлі түсіндіреді. Ғалымдардың көпшілігі (Н.И. Конрад, В.А. Кривцова, Н.Т. Федоренко, А.С. Мартынов жəне т.б.) бұл терминнің этикалық мағынасын жасырып, «сяо-жэнь»-ді «кедей адам» немесе «кішкентай əріптен басталатын адам» деп аударады. Негізінен, «сяо-жэнь» – көп мағыналы термин. Ең алдымен, ол – этикалық сана. «Лунь юй»-де «кішкентай адам» термині шарт бойынша «парасатты адам» терминімен қатар қолданылады. Конфуций ілімінде негізгі ойды білдіретін цзюн-цзыдан ерекшелігі, сяо-жэнь көп кездеспейді. Егер де цзюн-цзы термині «Лунь юй»-де 107 рет кездессе, сяожэнь тек қана 24 рет кездеседі. Егер цзюн-цзы адамның барлық жақсы қасиеттеріне бөленсе, сяо-жэньде барлық жаман қасиеттер көрінеді. Цзюн-цзы өзінің игілікті қасиеттерін жетістіріп жатса, сяо-жэнь тек қана заттай құлпырумен ерекшеленеді: «Ұстаз айтты: «Парасатты адам жоғарыға ұмтылады, ал кішкентай адам төменге ұмтылады» [2, XIV, 23].

«Сяо-жэнь» ұғымы əдептілік түсінігі екендігі күмəн тудырмайды. Бірақ бұл терминнің мағынасы тек қана ізгілік санатына жатқызсақ дұрыс болмас еді. Қиындығы, Конфуцийдің бұл терминді ішінара қолдануында жəне де əлеуметтік мағынада да түсіндіргендігінде: «Ұстаз айтты: «Парасаттыадам» моральдың ұстануын қарайды, ал «кішкентай адам» жер туралы ойластырады». Сонымен, «сяо-жэнь» түсінігі көп мағыналы, алайда көп жағдайда ол этикалық санат ретінде қолданылады. «Кішкентай адам» сұлбасы өзіне барлық бұрыс жақтарды жинақтаған. Бұл түсінік арқылы Конфуций өзінің замандастарына жəне келешек ұрпаққа адам мораль туралы ұмытып, өз басының қажеттіліктерімен жүре берсе, онда қандай болатынын көрсеткісі келгендей. Себебі «сяо-жэнь» түсінігінің астында тағы бір идея жатқандай, адам өзін-өзі шыңдай берумен айналысуы керек, Конфуций ілімін игеруі жəне оны өмірде қолдануы керек. Олай істемесең, өзіңнің дамуыңды тоқтатсаң, артқа кетіп жəне бəрі жамандайтын, жиіркенетін сяо-жэньге айналасың.

Конфуций бойынша «қайырымды ер» «вэньге» ие болу керек болды. «Вэнь» иероглифі иньдық (б.з.д XIV-XII ғ.) сүйек жазбаларында кездеседі. Оның алғашқы мағынасы – «денесіне сурет салынған адам», «бояу», «ою». И.С. Лисевич айтуы бойынша, иньдықтармен денелеріне сурет салу сакральді мəнге ие болды, ол «құдаймен, табиғаттың құпия күшімен жақындасу, магиялық күшке ие болу» дегенді білдірді [4,16]. Конфуций кезіне қарай бұл термин басқа мағынаға ие бола бастады, енді ол «əдебиет», «мəдениет» ұғымдарын белгілеу үшін қолданды. Мұнда Конфуцийдің қосқан үлесін атап өтуіміз керек, себебі ол бұл терминнің алғашқы мағынасынан алшақтап, оған халықтың жазба дəстүрімен, оның рухани мəдениетімен байланысты мағына берді. «Лунь юйде» (I, 6) вэнь – адам оқу барысында ие болатын нəрсе жəне əр адам бабалардың рухани мəдениетін игеруге тиіс деген ой нақты келтірілген.

«И» – «əділеттілік», «парыз», «міндет», «шыншылдық», «қағида», «мəн», «дұрыстық» – конфуцийшілдіктегінегізгікатегориялардыңбірі. «И»-діңэтимологиясы «мен» (wo) жəне «қошқар» (yang) белгілерінің қосындысынан шығады. Соңғысы «мейірімділік» (shan) жəне «сұлулық» (mei) иероглифтерінің құрамына кіріп, жалпы қабылданған «талғам» мағынасын береді. «И» ұғымының семантикасындағы деонтологиялық түсініктеме келесіге келіп саяды: «ішкі сезімге (wo) айналған жалпы қабылданған талғам (yang)». Жалпы антропологиялық мағынада «и» адам табиғатының айырылмас бөлшегі, «бес тұрақтылықтың» (у чан) бірі. Біршама нақтырақ əлеуметтік-этикалық мағынада – бес əлеуметтік рөл арасындағы қарым-қатынастың нормалары: əке мен бала, аға мен іні, күйеу мен əйел, үлкен мен кіші, басшы мен қызметші [5, 240].

Конфуцийдің ойлап тапқан адамгершілік критерийлері «ли» («ереже», «рəсім», «этикет») терминімен біріккен. Қоғамның əрбір мүшесі туылғаннан бастап өліміне дейін ережелерге бағыну тиіс. Конфуций «ли» арқылы өз ілімінде қоғамменмемлекеттіңбірігуінеқолжеткізді. «Ли» категориясының семантикалық аясын сараптай келе, «Лунь юйде» ол 74 рет кездесетіндігін байқап, басқа да ұғымдар сияқты оған бір ғана балама табу қиын екендігін көрсетуіміз қажет. Конфуций бұл ұғымды «қайырымды адамның» бөлінбес бөлігі ретінде қарап, «мінез-құлықтың негізгі нормалары» ретінде қарастырды. Ал біздің қазіргі əдебиеттерде ол əлеуметтіксаяси сипаттағы маңызды бақылаушы-реттеуші қызмет атқаратындығы көрсетілуде. Мемлекет пен халықты басқару «ли» негізінде жүргізу – ол, əрине заңға сүйену деп түсіндірілуде.

Даулы мəселе тудыратын тағы бір термин – бұл «чжун». Қазіргі мағынасы «адалдық», «берілгендік», «шыншылдық», «ниеті түзушілік» деп түсіндіріледі. Бүгінгі таңдағы комментаторлар негізінен Чжу Сидің берген түсініктемесіне сүйенеді: «чжун» – бұл «өзөзіңді бітіру» деген мағына береді. Конфуций бұл ұғым арқылы адамдарға қарым-қатынас нормаларын үйретеді: кеңес бере отыра немесе көмек көрсеткенде адам «басқа адамға өзінің барлық рухани жəне физикалық күшін беру керек», яғни «өзін толықтау, бітіру, сарқу қажет». Кейін «чжун» шенеуніктердің жүріс-тұрысына қаратылып қолданды да, «жоғарыдағыларға адалдық», «жұмысқа, жұмыс орнына деген берілгендік» деген мағына берді.

В.С. Спирин құрылымдық анализ əдісін пайдалану арқылы ежелгі қытайлық мəтіндер үш сөз жəне үш бағана ережесі бойынша құрылатындығын ашты. Тоғыз сөйлемнен тұратын жиынтықты ол «канон» деп атады. Əртүрлі тəсілмен байланыстырылып, мəтіннің бұл бірліктері айтылар ойдың белгілі бір формасын құрайды. В.С. Спирин мəтіннің өзіндік ерекше құрылымы мен иероглифтік қатардың мағынасы белгілі бір мəнге ие жəне оның шынайы мағынасын біршама толықтай ашуға мүмкіндік беретінін атап өтеді. Конфуцийшілдік негізгі терминдерді түсіндіру барысында бұл жұмыс үлкен ұқыптылықты қажет етеді. Бүгінгі таңға дейін бұл мəселе жан-жақты қарастырылса да, əлі біржақты ортақ көзқарас қалыптасқан жоқ. Біржақты көзқарас бойынша, қытай мəдениеті мен философиясының түсініктерін метафора ретінде қарастыру керек. Басқа көзқарас бойынша, барлық терминдер қатаң рационалды, нақты ғылыми мағынаға ие болып келеді. Бұл екі жақты көзқарасты синтездеуге тырысқан А.И. Кобзевқытайдыңдəстүрліфилософиясының терминдерін көбі «Лунь юй» қоржынынан шыққан, символдар ретінде қабылдауға ұсынған болатын. Ғалым: ««Символ» ұғымының ерекшелігі поэтикалық сөздің компоненттерін де, логикалық-математикалық формаларды да қамтитындығында. Осыған орай, дəстүрлі қытай философиясының терминдерінің ерекшелігі – олар мəтінді құрастырғанда бейнеліметафоралық та, рационалды да түсіндірулердің болуына жол беретіндігінде. Бұл əртүрлі түсіндірулер бір символды түсінудің түрлі деңгейі ретінде өмір сүре алады. Бұл жерден қытайлық ойшылдардың эстетикалық мəселелерді талқылау барысында арнайы эстетикалық емес, жалпыфилософиялық терминдерді қолданудың негізгі себебі бұл терминдерді əртүрлі мағынада түсінуге мүмкіндік беретін оның символдылығында екені бірден түсінікті болады», – деп жазды [5, 49].

Енді «Лунь юй» түсініктерінің бастапқы мағыналарын ашудың негізгі жолдары туралы айта кетсек. Бүгінгі таңда мұндай үш əдіс бар. Бірі – жоғарыда атап өткен В.С. Спирин ашқан жəне А.И. Кобзев дамытқан əдіс. Екіншісі – термин барлық қолданыс жағдайында зерттелетін контексті анализ. Үшіншісі – қытайлық оқымыстылармен екі мың жылдан астам уақыт бойы қолданып келе жатқан классикалық əдіс – комментаторлық жұмыс. Ежелгі қытайлық философиялық немесе саяси-этикалық мəтіндердің бірде-бірін онымен бірге жүретін комментаторлық əдебиетті толық зерттеусіз түсіну мүмкін емес. Шын мəнісінде, бұл өзіндік түсініктер аппараты бар ғылым болып табылады. Қорыта айтсақ, Ұстаз ілімінің негізгі түсініктерін өзіне қамтыған «Лунь юй» еңбегі басталуы мен аяқталуы бір ғана ортақ тақырыппен анықталады: адамның өз-өзін кемелдендірудің нəтижесі болып табылатын идеалды қоғам құру. Білім алу мен өзі сияқты адамдармен қарымқатынас құру арқылы жоғары рухани мəдениетке жету үрдісі негізінде жатқан тұлғаның өзін-өзі жетілдіру идеясы мəтіннің тұла бойында көрініс табады. Ескерткіштің əдеби құндылығы – тілдің бейнелілігі жəне мағыналылығы, адамдар мен олардың іс-əрекетінің жан-жақты сипаттамасы. Алайда өкініш тудыратын жағдай – ол бүгінгі таңда «Лунь юй» мəтініне жəне конфуцийшілдік терминологияға байланысты жалпыға ортақ кешенді зерттеу əдісінің жоқтығы. Философ мəтіннің бір мəнін ашса, тарихшы немесе филолог басқа жағынан көп көңіл аударар, ал заңгер мүлдем үшінші жағын ашып көрсетер.


Əдебиеттер 

1. Конфуций. Я верю в древность / сост., перевод и коммент. И.И. Семененко – М.: ТЕРРА,1998. – 384 с. 

2. Переломов Л.С. Конфуций: «Лунь юй» / Исследование, перевод с китайского, комментарии. Факсимильный текст «Лунь юя» с комментариями Чжу Си. – М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1998. 

3. Маслов А. Тайный код Конфуция. – Ростов-наДону: Феникс, 2005. – 288 с. 

4. Лисевич И.С. Литературная мысль Китая. – М.: Наука, 1979. – 266 с. 

5. Кобзев А.И. О категориях традиционной китайской философии/ НАА. – 19827 – №1. 

6. Древнекитайская философия. Собрание текстов в 2-х томах. – М.: Принт, 1978-1879.


Мәліметтер алынған дереккөз: М.Б. Асыл. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы.  №2 (59). 2012

Ерлі-зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық құбылыс ретінде Ерлі-зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық
Қазіргі таңда отбасын тұрақтандырудың манызды құралы болып ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсарту, некемен қанағаттану деңгейін көтеру болып
Баспа қызметіндегі авторлық құқық мəселелері Баспа қызметіндегі авторлық құқық мəселелері
Қазіргі дамыған елдер санаткерлік меншікті қорғау мəселесіне ерекше көңіл бөлуде.  Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымын (ДСМҰ) құрған, 1967 ж. 14
Аударманың түрлері Аударманың түрлері
Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сəйкестікте немесе толық құндылықта беру
Қазақ əдебиеттануындағы бағыттар мен ағымдар мəселесі Қазақ əдебиеттануындағы бағыттар мен ағымдар
Əдеби бағыттар мен ағымдар – əдебиеттану ғылымындағы күрделі əрі өзекті мəселелердің бірі. Əдебиеттің даму ерекшеліктері, көркемдік таным арналары
ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ
Халықтың діни бірегейлігі туралы сөз болғанды дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, әр халықтың ұлттық құндылықтары дұрыс қалыптасуы үшін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×