Жастар порталы
Дінтану саласында гендерлік қатынастардың көрініс табуы
407 0 aiko

Дінтану саласында гендерлік қатынастардың көрініс табуы

Дінтану

Гендерлік зерттеулер әлеуметтану саласында, оның ішінде дінтану саласына да өзіндік жаңалықтар мен зерттеу алаңдарын кеңейтуде. Бұл ең алдымен секуляризация, модернизация және эмансипация үдерістерімен тығыз байланысты. Дінтану саласындағы гендерлік зерттеулер мен феминизмнің рөлі мен маңыздылығы туралы мәселе әйелдер арасындағы діндарлықтың жоғарылауына байланысты туындайды, оны зерттеушілер әртүрлі жолдармен түсіндіреді, бірақ кез келген жағдайда, барлық осы экспрессивті және сипаттау әрекеттері гендерлік шеңберде айтылған теориялық ережелерге негізделген. Дінтану саласында гендерлік категорияның әдіснамалық және аналитикалық ресурстары кеңеюде: біріншіден, дінді енді тек ер адамдар ғана емес әйел адамдар да зерттеуге көшті. Екіншіден, діни ландшафттағы әйелдердің өздері зерттеушілердің негізгі зерттеу объектісіне айналды. Гендерлік зерттеулер әйелдер мен олардың рухани тәжірибесін жеке зерттеуге лайықты екенін көрсетеді. 

Діндегі әйел мәселесі жайындағы алғаш зерттеулер батыстан бастау алып, қазіргі кезде Орта Азия мемлекеттерінде де зерттеулерді қажет ететін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Феминистік теология ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды және мәдениеті мен тарихы әртүрлі қауымнан жиналған әйелдер шіркеудің патриархалды ілімдері мен әдетғұрыптарына қарсы шығып, құдайға деген өзіндік сенім мен идеяларын қалыптастырды (Pui-Lan K, 2004:23). Феминистік теологияның нысаны – «дін саласындағы, діни тәжірибелер мен рәсімдер саласындағы әйел категориясы» (Колосова, 2005: 195). 

Дінтану саласында әлемдік діндердегі әйел статусы, ұлттық діндердегі әйел бейнелеріне, әйел болмысына арналған көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың ішінде діндегі әйел мәселелерін зерттеген батыстық зерттеушілер – А. Уадуд, А. Барлас, Д. Кандиоти, Л. Ахмад т.б.


Қорытынды 

Гендерді зерттеуші дінтанушылар діни дәстүрлердің барлығына қатысты зерттеулер жүргізіп, өзгерістер енгізуді көздеді. Себебі көптеген діни дәстүрлердегі әйелдердің рөлдері діннің талабынан емес, жергілікті таптаурынды мәдениеттің әсері деп түсінді (Amico, 1998:123). 

Хрестиандық феминизм идеологиясында феминистер дінге әйелге қатысты христиандық пікірлермен келісе бермеді. Теологиялық феминизмнің ең алғашқы негізін қалаушы – америкалық Елизабет Стентон (Elizabeth Cady Stanton, 1815-1902) есімімен байланыстырылады. Е. Стентон шіркеудегі патиархаттылықты көріп, феминизм қозғалысының негізгі сынға түсетін объектісі – дін деп түсінді. Сондықтан Е. Стентон жақтастарымен біріге отырып «Әйелдер Киелі кітабын» басып шығарды («Woman‘s Bible» 1895, 1898). Е. Стенсон бұл әйелдерге арналған киелі кітапта «сыни феминистік түсініктемелер» берді (Stanton, 1993:14-15). Христиандық феминизм әйелдерді кемсітетін тұстарын алмай, теңдік мәселесін ту етеді. ХХ ғ. Киелі кітапты заманауи ағылшын тіліне жынысқа бөлмей аударған. Яғни еркек (a/the man, men) деген жерде – адамзат (human) деп аударылған (Колосова, 2005:198). ХХІ ғ. көптеген христиандық шіркеулер әйел адамның дін қызметшісі (священник), эпископ бола алатын мүмкіндіктері бар деген шешімге келуде. 2010 жылы Италияның ескі католиктік шіркеуіне әйел-дін қызметкері сайланған (www.maranatha.org.ua, 2014). 2013 ж. күзінде Англикандық шіркеуі әйел-эпископ болуға рұқсат еткен (www.pravoslavie.ru, 2014). Осылайша, көптеген дереккөздерді талдай отырып, біз христиан феминизмі гендерлік теңдік принципін ұстана отырып, белгілі бір мәдени және діни дәстүрлерде қалыптасқан стереотиптерді жоюға бағытталғандығын көреміз. Ал ислам дінінде гендерлік мәселелер белгілі қалыптасқан шариғат заңдарының шеңберінде шешіледі. Алайда, ислам дінінің кейбір ағымдарының бұрмалауының әсерінен мұсылман әйелдерінің құқықтары тапталуда. Қазіргі дінтанудағы ислам дінінде гендерлік мәселелерді зерттеудің негізгі мақсаты – шариғат шеңберінде берілген әйел құқықтарын қорғау болып табылады.


Мәліметтер алынған дереккөз: С.Б. Кагазбекова, С.С. Рахипова, Қ.А. Затов, Ш. Әділбаева. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы.   №3(73). 2020

Экономика саласындағы гендерлік қатынастар Экономика саласындағы гендерлік қатынастар
Қазіргі экономика саласының жаңа бағыты – гендерлік экономика. Гендерлік экономиканың негізі – ерлер мен әйелдердің экономикалық айырмашылықтарын
Саясаттану саласындағы гендерлік зерттеулер Саясаттану саласындағы гендерлік зерттеулер
Әлемдік тәжірибе көптеген елдерде гендерлік мәселелер мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатынын көрсетіп отыр. Халықаралық қоғамдастық
Психология ғылымдарының гендерлік аспектілері Психология ғылымдарының гендерлік аспектілері
Зерттеуші Елена Иванованың17 еңбегінде психологиядағы гендерлік зерттеулердің негізгі даму кезеңдерінің мынадай сипаттамасы беріледі: кезең:
Египеттегі гендерлік қатынас Египеттегі гендерлік қатынас
Араб елдерінің арасынан ең алғаш феминистік мәселелерді көтерген Египет Республикасы болғанымен, бұл елдердегі гендерлік жағдай 1952 жылғы
Қазіргі кездегі гендерлік психология мәселелері және олардың перспективалары Қазіргі кездегі гендерлік психология мәселелері
Гендерлік психология – заманауи, қарқынды дамып келе жатқан ғылым саласы. Гендерлік зерттеулер психология ғылымындағы басқа салаларға қарағанда,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×