Жастар порталы
Ф. Гүлен жəне діни төзімділік идея турасында
778 0 aiko

Ф. Гүлен жəне діни төзімділік идея турасында

Дінтану

Фетхуллаһ Гүлен есімі қазақ жұртшылығына соңғы жылдары етене таныс бола бастады. Оған себеп бірінші кезекте республика көлемінде ашылған қазақ-түрік лицейлері болса, екінші себеп ғалым еңбектерінің қазақ тіліне аударыла бастағандығы десек қателеспейміз. 

Ислами мазмұндағы жалпы саны 60-тан астам кітаптың, 1200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы Фетхуллаһ Гүлен түбі бір түркі жұртынан шыққан əлемге танымал бүгінгі күннің ең беделді исламтанушы ғалымдарының бірі. Ф. Гүленнің еңбектері бүгінгі таңда əлемнің 40-тан астам шет тілдеріне аударылды. Атап айтқанда, ағылшын, француз, испан, неміс, орыс, араб т.б. Ғалым еңбектерін қазақ тіліне аударып, оқырмандарға жеткізу ісін елімізде «Көкжиек» баспасыатқарып отыр. 

Ф. Гүлен Түркия шеңберінде ғана емес, əлемдік деңгейде ғылыми-ағарту жəне мəдениетаралық, дінаралық татулыққа көп үлес қосып келе жатқан ғалым. Осы еңбегі үшін де ол айтулы ұйымдардың көптеген марапаттарына ие болған. 

Ф. Гүленді 2008 жылы əлемдегі ең беделді басылымдардың бірі «Foreign Policy» жəне «Prospect» журналдары интернет арқылы жүргізген сауалнама нəтижесінде əлемдегі ең беделді зиялы ретінде жариялады. Исламтанушы ғалым Ф. Гүлен есімі бүгінгі күні қазақ зиялыларына да жақсы таныс. Оның дəлелі, 2010 ж. «Анарыс» баспасынан «Сана сəулетшісі» деген еңбек жарық көрді. Онда 45 қазақтың белгілі ақын-жазушылары Ф. Гүлен еңбектері жайында оң пікірлерін білдірді. 

2009 ж. Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А. Нысанбаев пен профессор Г. Соловьеваның «Фетхуллаһ Гюлен и современный мир: толерантность, диалог, взаимопонимание» атты еңбегі жарық көрді. 

2011 ж. қара шаңырақ əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің философия жəне Саясаттану факультетінде сол факультеттегі философ профессорлардың ұйымдастыруымен «Бейбіт қатар өмір сүру философиясы: Ф.Гүлен үндеуі жəне қазақстандық үлгі» тақырыбында дөңгелек үстел мəжілісін өткізді. Бұл дөңгелек үстелмəжілісінежиналған ғалымдар Ф. Гүленнің бүгінгі күні білімді дамытуға, жастар тəрбиесіне қосып отырған үлесіне, дінаралық жəне мəдениеттер аралық татуластыққа шақырған ісшараларына оң баға берді. 

Фетхуллаһ Гүлен – бүкіл өмірін бейбітшілік пен дінаралық татулықты орнатуға арнаған айтулы тұлға. Ол қазір АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарасты Нью-Джерси қаласы маңындағы шағын ауданда емделуде. 

Қазақ зиялыларының Ф. Гүлен жайлы пікірін білуде 2010 жылы Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат министрлігі, Ақпарат жəне мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша, Мəлік Отарбаевтың құрастыруымен шыққан «Сана сəулетшісі» атты жинақтың мəні зор. Жинақта қазақтың қарымды қаламгерлері мен сөз зергерлері Гүлен туындыларының тереңіне бойлап, оның адамдық һəм гуманистік идеясына, парасат биігіндегі пəлсафалық ойларына, əдебиет пен мəдениет, діл мен дін, адам мен қоғам өмірі туралы көзқарастарын зерделеп, бағамдаған.

Енді ғана тəй-тəй басып дамып келе жатқан жас мемлекетіміздің діни білімі төмендеу екені баршамызға белгілі. 70 жыл солақай саясаттың зардабын шеккен еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін де ұзақ уақыт ата-бабасы ұстанған дін мен ƏОЖ 2-7+92 Ф. Гүлен жəне діни төзімділік идея турасында дəстүрді толық меңгеріп кете алмады. Қазақ жұртының осы осалдығын пайдаланып, көп деген бұрыс ағымдар үгіт-насихаттарын белсенді жүргізе бастады. Онсыз да рухани ашаршылыққа душар елдің санасын əбден улаған сол ағымдардың ойлаған мақсаттары бүгінде айтарлықтай жүзеге асуда. Сол ағымдардың айдауында кетіп, дінге деген көзқарасымызды дəлелсіз пайымдаулармен ластап алмау үшін Фетхуллаһ Гүлен секілді ғалымның еңбектерімен таныс болу біз үшін сарқылмас білім қайнары екенін кітаптағы қазақ зиялыларының жазған пікірлерінен анық байқауға болады.

Кітаптың алғашқы бетіне Фетхуллаһ Гүлен жайлы өз пікірін қалдырған – ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттік сыйлығының иегері Серік Қирабаев болды. 

«Ф.Гүлен есімі қазір əлем халықтарының көбіне таныс. Ол дүниежүзілік дамудың мүмкіндіктерін пайдалану жайындағы жаңа идеяларымен көпке танылды жəне ірі қоғам қайраткері ретінде мойындалды. Өткен жылы Американың «Foreign policy» журналы əлемдегі ең танымал интеллектуал ретінде Фетхуллаһ Гүлен есімін бірінші атады. 2004 жылы «Руханият» Ассоциациясы оған «Халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім» үшін сыйлығын берді. «Халықтар арасында тəуелсіздік пен төзімділік идеясын насихаттағаны» үшінолЮНЕСКО-ныңжүлдесіне ие болды. Түркияда құрылған халықаралық «Диалог Еуразия» платформасы, оның органы «da Қазақстан» журналы Ф.Гүлен идеясын əлемдік көлемде насихаттауға жəне таратуда үлкен жұмыс жүргізіп отыр. Осының арқасында Ф.Гүлен идеясы халықаралық азаматтық қозғалысқа айналды. Ф.Гүленнің қазірдің өзінде алпыс бес кітабы, жеті мыңнан астам мақалалары көптеген халықтар тілдеріне аударылып тарады» [9, 10 б.] – деп, ғалымның өмірдегі жетістіктері мен əлемдегі алатын орнын айқындайды. Серік Қирабаев Фетхуллаһ Гүленнің қазіргі əртүрлі көзқарасқа құрылған, біріне-бірі құлақ аспай, халықаралық жағдайды шиеленістіріп отырған қоғам тіршілігіне наразылығын ашық білдіруші екенін өз мақаласында айта кетеді. 

Мазмұнды пікір білдірген тағы бір зиялы кісі 1932 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген қазақтың шебер жазушысы Шерхан Мұртаза. 

Шерхан Мұртаза алаш тарихын Осман империясының тарихымен ұштастыра отырып, Фетхуллаһ Гүленнің көтерген мəселелері мен кезінде Абай атамыздың идеясы бір арнада сабақтасатынына көңіл аудартып былай дейді: «ХІХ ғасырда Шоқан мен Абай бастаған ағартушылық ағым халқымыздың жаңа биікке шығуына əсер етті. Халық рухының кемелденуін аңсаған Абай тек біліммен ғылымды, табиғат пен махаббатты жырлап, қағазға түсіруді мақсат етпеген. Хəкім Абай ақындықты өзек етіп, қазаққа таныс əдіспен, даналық ойларын алға тартып халқын тəрбиеледі. Абай жолы деген осы... 

Кешегі қылышынан қан тамып тұрған қызыл империяның өзінде Тұрар Рысқұлов, Мұстафа Шоқай секілді Алаш ардақтылары түркі жұртының тұтастығын ойлаған жоқ па? Ең бастысы, олар қандай қоғамдық қызметте жүрсе де, ізгілік пен имандылықты ту етіп, адамдық асыл қасиеттерді жетілдіріп, дамытып отырды. 

Осы ретте, адамзаттың ынтымағы мен қоғамның үйлесімділігін үндестіре білген гуманист, ойшыл Фетхуллаһ Гүленнің де өзіндік көзқарастары, идеялары көңіл аударарлық. Əлемдегі барлық елдердің ортақ сұранысын, діндердің ымырашылдығы мен түсінушілігін, адамдар арасындағы бейбіт қарым-қатынасты қалыптастырудағы оның еңбегі ерекше екені байқалады. 

Түрік дүниесінен шыққан ойшылдың құнды көзқарастары, өзінің идеясымен жүзеге асып отырған білім беру сатылары Ұлы Жаратушыға сенген, байтақ даласына құт қонған, жігерлі де қайратты халқымызға жат емес» [9, 54 б.]. 

Ал Ресей Либералдық демократиялық партиясының лидері Владимир Жириновский былай деп пікір білдіріпті: 

«Біздің интеллектуалдарымыздың өзі Фетхуллаһ Гүленді білмейді. Бізді тек Түркияның туристік жерлері ғана қызықтырады. Онда болған жағымсыз жайттарды ғана əңгімелеуге құмармыз. Ал, ұлы философ жəне ойшылдың бізге аса пайдалы боларлық ойлары біздерге əлі күнге жетпей жатыр» [5, 54 б.]. 

Фетхуллаһ Гүлен өз еңбектерінде дін аралық диалогты жақтай отырып, осы тұрғыда бірқатар маңызды шаруалардың атқарылуына бастама көтерді. Ол əлемдегі дін аралық диалог, өзге дін өкілдерімен ортақ ымыраластықта болу Ислам үшін жат еместігін өз еңбектерінде білдіреді [14];

«Түрлі дін өкілдерінің арасындағы диалогтың мақсаты – рухани бірлік пен келісімді жүзеге асырып, сонымен қатар діннің жан-жақты бесаспаптық қасиетін қолдау болып табылады. Дін  барлық сенім түрлерін қамтиды, əрі оларды табыстыра отырып, үлкен талпыныспен алға жылжиды. Олар өз пайғамбарлары арқылы сүйіспеншілік, өзара сыйластық, сабырлық, кешірімділік, мейірімділік, адам құқығы, бейбітшілік, бауырмашылдық жəне еркіндікті ұлықтайды» деген пікір білдіреді [14]. 

Яғни, ғалымның айтуынша, өзгедін өкілдеріне төзімділік таныту əрі шынайы діндер арасы диалог тек болашаққа тəн идеал емес, ол толық мұсылмандықтың белгісі, дін негізі осыны талап етеді [2, б.193-94]. 

Осы орайда діни төзімділіктің Исламдағы негіздерін саралау да қажет. Ол үшін тарихқа жүгінуге, қасиетті Құран аяттары мен хадистерді талдап, сондай-ақ  Мұхаммед  пайғамбар (с.а.с.) мен кейінгі əділетті халифалар бұны қалай іске асырғанына көз жүгіртуімізге тура келеді. Өйткені мұсылман қоғамы қай кезде де өзге дін өкілдерімен ортақ ымыраластықта қатарласа өмір сүріп келген. 

Көктен түскен илəхи кітаптардың соңғысы Құран кəрім мына аяттарында адамдарды бірбірімен аралас-құралас, таныс-біліс болуға шақыруда: 

«Əй, адамдар! Біз сендерді бір ер мен əйелден жараттық. Бір-бірімен таныссын деп сендерді өзара ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Күмəнсіз, Алланың қасында ең құрметтілерің Одан ең көп қорқатындарың» [10, 49/13]. 

Жаратушының бұл əмірі адамзат баласын бір-бірін тосырқап жатсынбай, кез келген жеке тұлғаны жеріне, нəсіліне, ұлтына, дініне қарамастан бір-бірімен жақын танысуға шақыруда. Жер бетіндегі өркениеттер мен мəдениет өкілдерінің бір-бірімен жақын араласуы, бірбірінің дүниетанымымен санасуы, діни т.б. ерекшеліктерімен таныс болуы ол тек қана əлемде бейбітшіліктің орнауына алып келері сөзсіз. 

Тағы бір аятта діні бөтен болған жағдайда да тіл табысуға шақырып, ортақ сенімде мəмілеге келу керектігі былай баяндалған: 

«Былай де: Əй, кітап иелері!Келіңдер, бəрімізге ортақ мына сөзге тоқталайық: Алладан басқаға құлшылық жасамайық. Оған ешкімді серік қоспайық. Ешкім Алладан өзгеге тəңір деп табынбасын» [10, 3/64]. 

ҚұрандаАлланың: «Кітап иелеріменеңкөркем түрде, сыпайылықпен əдептілік сақтап пікір таласыңдар» деуі [10, 29/46] мұсылмандарды олармен үн қатысу кезінде сыпайыгершілікке, өзара түсіністікке, сыйластыққа шақырып тұрғанын айқын аңғартады. «Анкабут» сүресінде де былай делінген: «Іштеріңдегі зұлымдық жасағандарынан басқа кітап иелерімен көркем түрде пікір таласыңдар. Оларға: «Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Жəне біздің Құдайымыз да сендердің Құдайларың да біреу-ақ. Біз Оған мойынсұнғандармыз» деңдер» [10, 49]. 

Міне, Құранның дəріптеп отырған əдісі осы. Пікір талас өрбіту кезінде сыпайыгершіліктен аспау Исламда ізгілік этикасы болып табылады. 

Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өз өмірінде Құранның əмірлерін қалтқысыз орындап, кітап иелерімен жылы қарым-қатынаста болуға тырысқан. Христиандармен диалогы алғаш рет уахи келгенде-ақ басталған. Өйткені оның пайғамбарлығын растаған Уарақа ибн Нəуфəл Інжілге қанық білімді христиан еді. 

Пайғамбарлықтың үшінші жылында Византия Ираннан жеңіліс тапқанда, мұсылмандар бұған іштей қайғырған да болатын. Тіпті бұл жөнінде аят та түскен [10, 30/1-5]. 

Өзге дін өкілдеріне жасалған кеңпейілдіктің үлгілерін Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) жеке өмірінен көптеп кездестіреміз. Айталық, бір жолы бір еврейдің табытын көтеріп бара жатқан топты көргенде, дереу орнынан түрегеліп құрмет көрсетеді. Жанындағылар оның мұсылман еместігін ескерткенде, Алланың елшісі «Кім болса да адам емес пе?» деп ойлы жауап қатқан [7, 78/81]. 

Ислам діні келген алғашқы уақыттарда өзге дін өкілдері бұны жылы қабылдамағаны тарихтан белгілі. Ата-бабалары табынып келген пұттардан бас тартқаны үшін мүшріктер алғашқы мұсылмандарға көп қысым жасаған. Қинап өлтіріп тастауға дейін асқынған бұл қысымнан мұсылмандар қатты зардап шеккен кезінде, Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына көршілес Эфиопияға көшуге кеңес берген. Өйткені Эфиопия патшасы Ашама ибн Əбжар христиандықты ұстанатын еді. Мұсылмандардың сол уақыттарда басқа сенімдегілерден емес христиан елден пана табуы расында да тарихи тұрғыдан өте маңызды. Өйткені кейінгі ғасырларда христиандардың да мұсылмандардан əділеттілік көрген оқиғалары жиі кездеседі. Эфиопияны таңдауын Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) былай түсіндірген:

«Хабашистанды сағалағандарыңды жөн көрем. Неге десеңдер, ол жақтың патшасы Ф. Гүлен жəне діни төзімділік идея турасында  қарамағындағыларға зұлымдық жасамайды. Ол жақта əділеттілік үстемдік құрған. Алла сендерге бір жол көрсеткенше сол аймақта бола тұрыңдар» [11, 117 б.]. 

Еврей ұлтынан Абдуллаһ ибн Үбəй ибн Сəлүл мұсылмандарға дұшпандықта тым шектен шыққандардың бірі еді. Алайда екіжүзді Ибн Сəлүл қанша қастық пиғылдан бас тартпай кетсе де, Алла елшісі ол қайтыс болғанда, өз шапанын шешіп беріп, сонымен жерлеткен. Тіпті əлгінің жаназа намазын да өзі бастап оқытқан. Хазірет Омар оның көзі тірісіндемұсылмандарғажасаған жамандықтарын тізбелеп айтып бұны қанша жатырқап, жақамаса да Пайғамбарымыз «Алла бұл істе таңдау еркін өзіме қалдырды. Қаласам жетпістен аса мəрте кешірім тілеймін» деп жауап қатады. Осы кезде «Тəуба» сүресінің сексен төртінші аяты түсіп, мынандай үкім беріледі: 

«Олардан өлгендердің ешбірінің жаназа намазын оқыма. Қабірінің басына барып дұға тілеме!». 

Бұл мысалдардан Мұхаммед пайғамбардың өзге дін өкілдеріне адам болғаны үшін-ақ құрмет көрсетуге, кешірім етуге лайық деп білгенін көреміз. Бұл түсінік əрине Ислам дінінің түп негізінде жатқан кеңпейілдіктен бастау алуда. 

Мəдинаға хижраттың алғашқы күндерінде болған оқиға да мұсылмандардың өзге дін өкілдеріне қандай жақындық танытқанына дəлел. 

Сол уақыттарда еврейлердің ораза ұстап жүргенін көрген Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) оның себебін сұрастырғанда, «Осы күні Мұса пайғамбар перғауынның зұлымдығынан құтылған. Мұса пайғамбар осы күнді ораза ұстаған» деген жауап естиді. Сонда Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) «Сендерге қарағанда Мұсаға біз анағұрлым жақынырақпыз» деп, мұсылмандарға да сол күні ауыз бекітуді бұйырған. Ол ораза «Ашура» деп аталады [3, 68 б.]. 

Исламдағы діни төзімділік алғаш рет Мəдина құжатында да көрініс тапты. Аталмыш құжаттың жиырма бесінші бабында мынандай үкім жазылған: «Еврейлердің діні өздеріне, мүминдердікі өздеріне». Бұл бап Мəдинадағы əрбір дін өкіліне наным-сенім еркіндігі берілгенін ұқтыруда. Яғни еврейлерге өз дінін, ал мүминдерге өз дінін ұстануына жол ашылған [11, 14 б.]. Бір қызығы, құжат заңдық күшіне еніп, еврейлер Мəдинадан ығыстырылғанға дейінгі аралықта еврейлерге мұсылмандыққа өту жөнінде ешқандай діни қысым жасалмағаны анықталған. 

Мына бір мысал да ойымызға дəлел бола алады. Бəни Харис ибн Қағыб бастаған топқа Исламды үйретуді табыстап тұрып Мұхаммед пайғамбар жазбаша түрде берген кеңесте сол аймақтағы еврейлер мен христиандарды Ислам дініне күштеп кіргізуге қинамау керектігін баса ескерткен [6, ІІ/593 б.]. 

Жалпы діни төзімділік пен кеңпейілдікті негізге алған Ислам дінінде біреуді өз сеніміне күштеп кіргізу, қинау атымен болмаған. Мұхаммед пайғамбардың өнегесіне басшылыққа алған мұсылмандар қай кезде де қасиетті Кітап иелеріне зор құрметпен қараған. Кітап иелерінен қыз алуға болатыны, солар құрмет тұтатын бүкіл пайғамбарларға құрметпен қарауға шақыруының өзідеИсламныңбасқадінөкілдерінеқаншалықты ілтипатпен қарағанына дəлел. 

Халифалар дəуірінде де мұсылмандарды паналаған өзге дін өкілдеріне ешқандай қысым жасалған жоқ, қайта олардың құқы əркез қорғалып отырды. Діни төзімділік дəстүрі үзілмеді. Осының əсерімен еврейлердің Абдуллаһ ибн Сəлəм сияқты айтулы ғалымдары Исламды қабылдағаны белгілі. 

Ислам қоғамында христиандарға жəне олардың шіркеулеріне құрметпен қаралды. Шіркеудегі түрлі мүсінді тастарға, мозаикаларға, суреттерге, арнайы мерекелерде тағатын айқыштарына, қабірлері мен жаназаларына құрмет көрсетілді. Мəселен, Синай тауындағы Синай монастырлығы ІІІ ғасырда салынған ғимарат. Ол христиан тарихында алғашқы шіркеулердің қатарында болғандықтан мұсылмандардың қолына өткенде мешітке айналдырылмаған. Тек қана мұсылмандардың нышаны ретінде бір бөлмесі ғана намаз оқуға əзірленген. 

Стамбулдағы Аясофия мешіті де осының айғағы. Əлі күнге христиандардың шіркеуі ретінде тарихи естелік болып сақталған [8, 2-3 б.]. Бұндай үлгілерді бүкіл ислам əлемінен байқауға болатынын еске саламыз. Айталық, Дамаск мешітін кеңейту үшін Яхонна шіркеуіне сызат түсірген халифа əл-Уəлид ибн Абдулмəликтің қателігін халифа Омар ибн Абдулазиз түзеуге тырысқан [8, 2-3 б.]. Мұсылман билігіне қарасты төленетін салықтың өзі шамасы келетін еркектерден алынып, əйелдерден, балалардан, поптар мен мүмкіндігі жоқ науқас, соқыр, кедейлер мен құлдардан алынбағандығын христиан зерттеушілері зор құрметпен жазған [1, 157 б.]. 

Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) «Сендерге кітап иелерін, яғни христиан мен еврейлерді аманат етемін», – деп өсиет қалдырған. 

Басқа бір хадисте «Кімде-кім кітап иелерін жəбірлесе, ақыретте мен оның дұшпанымын», – деп қатаң ескерткен. 

Ендеше, қазіргі заман ойшылы Ф. Гүлен бастама көтерген өзге дін өкілдерімен ортақ тіл табысуға тырысу, бейбіт қатар өмір сүруге талпыну Ислам дінін оларға дұрыс жеткізу мұсылмандардың ең негізгі міндеті болмақ. 


Əдебиеттер 

1 Арнольд. С. əд-Даутул илал Ислам / арабшаға аударғандар: Хасан Ибрахим Хасан жəне жолдастары. – Б. 157. Кахира. 

2 Ali Unal. Advocate of Dialogue: Fethullah Gulen, (Fairfax; The fountain, 2000) p. 193-94 

3 Бұхари. Əбу Абдуллаһ Мұхаммед ибн Исмайыл, Сахиху Бұхари 

4 Давуд Айдуз. Тарих боюнжа динлерарасы диалог. Ышык йайынлары, 2005. 

5 «Диалог Еуразия» (da) журналы, 2009, №28. 45 б. 

6 Ибн Хишам, əс-Сира, ІІ 

7 Мүслим, Əбу Хұсейін Мүслим ибнулХажжаж, Сахиху Мүслим 

8 Левент Өзтүрк. Ислам топлумунда христианлара гөстерилен хошгөру өрнеклери, с. 2-3. Сайгы ве хошгөру семпозиуму, 15-18 майыс 2000 Чанаккале. 

9 «Сана сəулетшісі» (Қазақ зиялыларының Фетхуллаһ Гүлен жайлы ой-толғамдары). – Алматы: Ан Арыс баспасы, 2010. – 536 б. Құрастырушы: Мəлік Отарбаев. 

10 Халифа Алтай. Құран кəрім: мағына жəне қазақша түсінігі. 

11 Хамидуллаһ. «Хазрети Пейгамбер гайримуслимлере насыл давранды» (Ауд: Суфи Сейф), Илим ве санат, 2, 7 сан, 1986. 

12 Хамидуллаһ, Мухаммед Ислам пейгамбери, (Ауд: Салих Туғ, Ирфан йайынлары, Стамбул, 1991). 

13 http://www.religions-congress.org

14 http://kz.fgulen.com.


Мәліметтер алынған дереккөздер: Қ. Бағашаров. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, Мәдениеттану, Саясаттану сериясы.  №1(38). 2012

Аударманың түрлері Аударманың түрлері
Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сəйкестікте немесе толық құндылықта беру
Ислами білім берудің қазақстандық моделі Ислами білім берудің қазақстандық моделі
Зерттеуші, дінтанушы А. Әбдірәсілқызының айтуынша, Қазақстандағы ислами білім беру жүйесінің ерте орта ғасырлардан басталған мың жылдан аса тарихы
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТҮРІК ДІНИ ЖАМАҒАТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТҮРІК ДІНИ
Ел аумағында қызмет етіп жатқан басқа да шетелдік діни конфессиялар мен діни ұйымдар секілді түрік жамағаттары да әлі күнге дейін кең ауқымды
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАТОЛИЦИЗМ ЖӘНЕ ПРОТЕСТАНТИЗМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХРИСТИАН МӘДЕНИЕТІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАТОЛИЦИЗМ ЖӘНЕ ПРОТЕСТАНТИЗМ.
Қазақстандағы алғашқы католик миссионерлері францискандық монахтар болды. Римдік жоғарғы дінбасының тапсырмасы 1245 ж. Ұлы хандарға   Джованни дель
ҚазҰУ – шетелдік ғалымдар көзқарасымен ҚазҰУ – шетелдік ғалымдар көзқарасымен
Біз кез келген университеттің тек республика шеңберінде шектеліп қана қоймай, халықаралық деңгейде қызмет еткенін қалаймыз. Қазіргі таңдағы сондай
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×