Жастар порталы
Христограмма
653 0 aiko

Христограмма

Дінтану

Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында Рим катакомбаларында христограмма белгісі пайда болды. Христограмма – бұл Иса Мәсіхтің монограммасы, яғни грек тілінде оның есімінің алғашқы әріптерінен құрылған вензель. Әдетте бұл I (йот) және Х (хи) немесе Х мен Р (ро) әріптері. Христограмма Мәсіхтің өзін және өлімнің өзін жеңгенін білдірді, сондықтан да бұл мәңгілік өмірдің белгісі. Сонымен қатар, Христограмма Құдайдың жоғары қамқорлығының символы ретінде де қызмет етті. Бұл таңба ертедегі мәсіхшілер арасында кең танымал болғанымен, ол христиан діні пайда болғанға дейін белгілі болған. Мысалы, ежелгі халдейлер арасында осыған ұқсас монограмма күнді білдірді, ал грек тіліндегі болған «хрестос» сөзі «жайлы» деген мағынаны берді және сол «хи» және «ро» әріптерінен басталды. Түрлі христограммаларда грек әріптерінің әр түрлі тіркесімдері ғана емес, сонымен қатар символдық фигуралар да қолданылды.

Христиан дінінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде, христограммамен бір қатарда балық та жаңа діннің басты эмблемасы ретінде қызмет етті. Ертедегі христиандар оны ыдыстарда, шамдарда, қобдишалар және басқа да тұрмыстық заттарда бейнеледі, алайда оның бейнесі Рим катакомбалары мен қабір қабырғаларында көбірек кездеседі. Формасы жағынан «Ж» әрпіне ұқсайтын алғашқы христограммалардың бірі Иса Мәсіхтің І және Х грек әріптерінен құралған. Сонымен қатар ол, ортасынан тік сызық кесіп өткен Андреев айқышы тәрізді болды. Мұндай монограмма ІІІ ғасырдағы қабір тастарынан да табылған. Христограмманың бұл түрі Рим империясында христиан діні заңдастырылғаннан кейін де (313) ұзақ уақыт бойы қолданылды; кейін онымен христиан шіркеулері безендірілді. Христос сөзінің алғашқы екі әрпінен (хи және ро) құрылған Христограмма «Константиннің монограммасы» ретінде белгілі. Римнің алғашқы христиан-императоры осы христограмманың бейнесін өзінің байрағына орналастырған.

Одан басқа, Константиннің монограммасы біздің дәуіріміздің ІV ғасырындағы Рим монеталарында бейнеленген. 

«Бақташы аса таяғы» монограммасы 

Константинге дейінгі христограмманың негізінде пайда болды. Бұл жердегі Иса есіміндегі І (йот) әрпі бақташы аса таяғы ішінде жасырылған және ол рухани бақташыны меңзеді. Шіркеу тарихшылары бұл христограмманың пайда болуын Мәсіхтің әйгілі: «Мен мейірімді бақташымын; мейірімді бақташы қойлары үшін өз өмірін құрбан етеді» деген сөзімен байланыстырады. «Бақташы аса таяғы» христограммасы сол сияқты рим катакомбаларынан табылған кейбір саз балшық шамдарында бейнеленген.

Мәсіхтің ағарту күші «күн тәрізді» монограммада көрініс тапты, Қасиетті Жазбаларға сәйкес «Құдай – ол Күн». 

«Күн тәрізді» христограмманың Константин монограммасына көлденең кесінді қосылғаны арқылы құрылатындығын аңғаруға болады. Ол да алдыңғысы тәрізді ІV ғасырдағы Рим монеталарына салынды.

«Үш ашалы айыр» монограммасы өз атауын Мәсіхтің Аспан Патшалығын «теңізге лақтырылып, әр түрлі балық түсірген» ауға теңеуінен алады. Бұл жерде балық дегеніміз – адамның жаны.

Бұл аудың символизмі басқа балық аулау құралдары сияқты үш ашалы айырға да қатысты болды. Алайда соңғысының артықшылығы – оның формасының құдайдың үштұғырлығын еске түсіруінде жатыр.

Уақыт өте келе, әрбір христограммада жасырылған айқыш біртіндеп алғы орынға шыға бастайды. Мұны ІV-V ғасырлардан бергі христограммалардан көруге болады. Соңғысының ерекшелігі, «P» (ро) және «T» (тау) грек әріптерінің қосарлануында, мұнда олардың біріншісі көктегі патшаны бейнелесе (римнің REX – цезарь, патша), екіншісі керіліп шегеленген – Т-тәрізді айқышты меңзеді. Тек қабірлер мен сағаналарға бейнеленген осындай айқыш христограммалар Тир, Мегар және басқа ежелгі қалалардың ежелгі зираттарында кездеседі.

Ақырында, айқыш ежелгі және мықты символ ретінде, біржола христограмманы ығыстырып, христиандықтың жалғыз эмблемасына айналды. Айқыштың жеңісіне осы діннің тез таралуы мен оның әлемдік дінге айналуы ықпал етті. Алайда христограмма сияқты айқыш та біртұтас, канондық форманы сақтай алмады, адамның қиялы оның көптеген алуан түрлерінің таралуына жол ашты.


Мәліметтер алынған дереккөздер: Мустафина Ж.Д., Борбасова Қ.М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы.  №1(21). 2020

Ертехристиандық айқыштар Ертехристиандық айқыштар
(Зәкіртәрізді айқыштың түрлері)  Зәкіртәрізді айқыштың пайда болуы апостол Павелдің есімімен байланысты. Ол өз жолдауларында жандарына мықты, әрі
Айқыштың ежелгі түрлері Айқыштың ежелгі түрлері
Анк  – өмір мен жанның мәңгілігін білдіретін құлақшасы бар мысырлық айқыш. Айқыштың бұл формасы әр түрлі түсіндіріледі, мысалы: күннің шығуы,
Керілетін айқыштардың түрлері Керілетін айқыштардың түрлері
Айқыштың алғашқы формасы Т әрпінде болды және ол өлім жазасының құралы функциясын ғана атқарды. Рим империясының оңтүстік және шығыс бөлігінде
Айқыш символының пайда болуы мен эволюциясы Айқыш символының пайда болуы мен эволюциясы
Айқыш христиан дінінде болды ма, және ол қайдан келді, айқыштың түрлеріне және т.б. сол сияқты сұрақтарға тоқталсақ. Негізінен еврейлерден ғана
Айқыш таңбасы Айқыш таңбасы
Айқыш – христиан дінінен әлдеқайда бұрын пайда болған ең ежелгі символдардың бірі. Ұзақ даму тарихы бар айқыштың мазмұны өте бай. Бастапқы уақытта
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×