Жастар порталы
Истисхабтың дәлел ретінде саналуы
388 0 aiko

Истисхабтың дәлел ретінде саналуы

Дінтану

Истисхаб қандайда бір мәселеге қатысты дәлел табылмаған жағдайда қолданылады. Барлық мәзһабтар истисхаб дәлеліне сүйене отырып үкімдер шығарған. Бірақ қолдану ерекшелігіне байланысты ғалымдар оны әр түрлі атаумен атаған. Тіпті қиясты дәлелге санамаған захирилер мен имамия мәзһабтарының өзі истисхабқа жүгіне отырып, көптеген мәселеге қатысты үкім шығарған. Теориялық тұрғыдан истихсанды дәлел ретінде алмаған шафиғилер де истисхабты өзге мәзһабтарға қарағанда көбірек қолданған. Өйткені өзге мәзһабтардың әдетғұрып пен истихсанға негіздей отырып үкім шығарған мәселелерінде имам Шафиғи истисхаб дәлелін қолданған. Ханафи мен мәлики ғалымдары көбіне қияс, истихсан секілді ижтихад тәсілдеріне жүгінгендіктен, истисхабты өзгелерге қарағанда аз қолданған.

Истисхабтың дәлелдігіне қатысты ғалымдардың көзқарастары әр түрлі. Солардың ең негізгі екеуі мыналар: 

1. Ханафи мен мәлики ғалымдары истисхаб дәлелін бір мәселенің керісінше жағдайы мәлім болмайынша ескі күйінде қалатындығын дәлелдеу мақсатында айғақ ретінде қабылдайды. 

Осыған орай истисхаб арқылы адам жаңа құқық иеленбейді, керісінше ескі құқығынан айырылудың алды алынады. Бұл «мәфқуд» (жоғалып кеткен адам) мәселесінде жақсы көрініс тапқан. «Мәфқуд» деп не өлі, не тірі екені беймәлім күйде жоғалып кеткен адамға айтылады. Егер бір адам хабарсыз жоғалып кетсе, сот арнайы зерттеулер жүргізіп, ол адам қайтыс болды деген үкім шығармайынша, оның әйелі заңды жұбайы болып есептеледі. 

Қысқасы, жоғалған адамға қайтыс болғаны дәлелденбейінше, тірілерге қатысты үкім жүреді. Яғни оның мал-мүлкі мұрагерлерге үлестіріліп берілмейді, әйелі басқаға тұрмысқа шыға алмайды. Өйткені жоғалған кезде оның тірі екені нақты белгілі болған. Қайтыс болғандығы дәлелденбейінше «тірі» деп қабылданады. Бірақ артта қалдырған мұрагерлеріне, әсіресе жұбайының тап болатын қиыншылықтарын жеңілдету үшін жоғалған кісіні сот арқылы өлген деп үкім шығаруға болады. Ханафилардың тұжырымы бойынша сондай үкім шығару үшін жоғалған адамның замандастарының қайтыс болуы немесе 90 жасына жетуі шарт қойылады. Мәликилердің тұжырымы бойынша адам жоғалған уақытынан төрт жыл өтуі керек. Соғыс кезінде жоғалғандар үшін күтілетін мерзім – соғыс бітіп, жауынгерлер мен тұтқындардың оралғандарынан бастап бір жыл өтуі керек.

Алайда жоғалған кісі табылған жағдайда, ол жаңа құқық иеленбейді. Бұл уақыт аралығында мұра немесе өсиет ету жолымен оған қандайда бір мүлікті иелену құқы өтпейді. Осыған орай оның жоғалып кеткен кезеңінде мұрагер болатын бір туысы қайтыс болса, оның үлесі ықтияттылық үшін бөлек алынып қойылады. Егер аман-есен оралса, оны алады. Егер сот ол жайлы қайтыс болды деп үкім шығарса, онда ол үшін қалған үлес өзге туыстар арасында жаңадан бөліске салынады. Өз дүние-мүлкіндегі құқы сот тарапынан өлгеніне қатысты шешім шыққанға дейін жалғасады да, қайтыс болғандығына қатысты шешім шығарылған кезде ғана мұрагерлеріне үлестіріліп беріледі. Яғни ол һәм мұрагер һәм мұра қалдырушы бола алмайды.

Ханафи және мәлики мазхабы бойынша истисхаб ол үкімді жоюда емес, керісінше бекітуде дәлел ретінде қолданылады. Сондықтан ханафилерде истисхабтың бұл мағынасы жоқ нәрсеге емес бар екендігі белгілі нәрсенің болмысын сақтау үшін дәлел саналады.


2. Мәлики, шафиғи, захири мен шиғалардың көпшілік ғалымдары истисхабты бір нәрсені әрі жою үшін әрі дәлелдеу үшін де айғақ деп қабылдайды. Олардың көзқарасы бойынша, жоғалып кеткен адам басқаларындағы өз ақысын алады. Истисхабқа сүйене отырып, оның аман екендігіне қатысты үкім беріліп, басқаларға мұрагер бола алады әрі өзіне біреу өсетпен мүлік қалдырса оны иелену құқын алады, дүние-мүлік иеленуге қатысты ескі құқықтары жалғаса береді. Олардың көзқарасында қайтыс болғандығы айқындалғанға дейін тірі ретінде қарастырылып, тірі адамға тиесілі бүкіл құқықтарға иелене алады. Өйткені негізгі қағидаға орай оның тірі болуы, өлгендігі дәлелденбейінші осы негізге қарай истисхаб жасалады.

Шафиғи мен ханбали ғалымдарының көзқарасы бойынша бұрын бар болып, кейіннен оның жалғасып-жалғаспағандығына қатысты күмән туындаған дәреттің, некенің немесе мүлікке иеліктің жалғасуына истисхаб жолымен үкім шығарылады. Олар «Егер истисхаб дәлелге саналмаса, аталған жәйттардың осылайша жалғасатындығына қатысты үкім шығарыла алмас еді», – дейді. 


Мәліметтер алынған дереккөз: Әділбаева Ш. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №4(58). 2017


Истисхабтың түрлері Истисхабтың түрлері
1.Тыйым салатын қандайда бір дәлел табылмайынша бір нәрсені пайдалану немесе қандайда бір істі жасаудың мүбах екендігіне қатысты шешім қабылдауға
Истисхаб Истисхаб
Истисхаб сөзінің тілдік мағынасы «жолсерікті өзімен бірге ала жүру, айырылмас дос болу, үнемі соңында жүру, үздіксіз ілесу, бірге жүру, серік болу»
Ханафи мазһабы Ханафи мазһабы
Негізін салған – Имам Ағзам Әбу Ханифа (699-767ж.). Әбу Ханифа мазһабы – суннизмдегі басқа мазһабтарға қарағанда неғұрлым толерантты, қанағатшыл,
Фиқһ саласындағы мәзһабтардың шығу себептері. Исламдағы құқықтық мектептер: Ханафи мазһабы Фиқһ саласындағы мәзһабтардың шығу себептері.
Мәзһабтың сөздік мағынасы араб тілінде «жол, баратын жер» дегенді білдіреді. Ислам терминологиясында мәзһаб  – белгілі бір бағыт, ілім,
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
    Мұхаммед пайғамбарға түскен уахилар ауызша, есте сақтау арқылы таралды. Құранның толық мәтіні (Сухуф) Мұхаммед (с.ғ.с.) өлімінен соң ғана
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×