Жастар порталы
ОРТА ҒАСЫРДА АНГЛИЯДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ШІРКЕУ ҚАТЫНАСЫ
1 006 0 aiko

ОРТА ҒАСЫРДА АНГЛИЯДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ШІРКЕУ ҚАТЫНАСЫ

Дінтану

Орта ғасырдағы Англияға тән мемлекет пен шіркеу қатынастарын анықтау барысында «Кларендон конституциясына» тоқталу қажетақ. 1164 жылы Англия шіркеуі архиепископы Фома Бекет Кентерберийский мен король ІІ Генрих арасындағы кикілжің салдарынан осы конституция шіркеу тұлғаларын лауазымды орынға қою құқық корольге нақтылап берген болатын. Король заңды таңдалған прелатқа жерлер өткізіліп бергенге дейін иесіз қалған шіркеу мүлкін бақылап, одан кіріс алуы тиіс болды. Бұдан бөлек, «Кларендон конституциясы» «қандай айып тағылмасын клириктер король куриясына келіп, сонда жауап берулері тиістігін» қарастырды.

Король жоғарғы рухани жетекшілер үшін басқа да қысымдар жасады. Мәселен, клириктердің шетелге шығуына, шіркеу билеушілерімен кикілжіңге барған король домендеріне қызмет ететіндерге интердикт қоюға тыйым салуға қатысты. Осы кезде бірқатар идеологтар Англияда мығым король билігінің заңды құзіретін жақтап шықты. Кейбірі бірақ шіркеу құқын қорғады. Иоанн Солсберийский шығармасынан Орта ғасырлық Европада «қос қылыш теориясы» (зайырлы және рухани) күн тәртібінде тұрғанын көреміз. Шығармада оқырманға кез келген руханилықтың (шіркеу билігі) зайырлы биліктен жоғары тұратындығы жұмсақ түрде жеткізілген. 

Король легистері өз көзқарастарын саяси идеалға шығарып бақты. Олар король тікелей Құдаймен байланыста, сол себепті оның іс-әрекеттерінде Құдайдың қалауы бар деп білді. Яғни түсініктері «билеуші дұрыс деп білген нәрсе заңдық күшке ие» болды (quod rex placuit, leges habet rigoum). Зерттеуші Т.Г. Минееваның пайымынша, ХІІ ғасырда Англиядағы король дворы мен католик шіркеуінің қақтығысы принципиалды сипат алды. Алайда қалыптасқан бұл антогонизмнің нәтижесін жазбаша өтініш емес саяси тәжірибе анықтады.

Ағылшын шіркеуінің саяси жағдайы ХІV ғасырға дейін жүз жылдан аса жалғасты. Бұған еркіндіктің Ұлы хартиясы да, алғашқы ағылшын парламентінің пәрмені де жүрмеді. Тек ХІV ғасырда ғана ағылшын королдері мен зайырлы ұстанымдар шіркеудің ерекше құқықтарына араласып, біршама табысқа жетті. Оған екі жағдай әсер етті: әуелгісі папа тағы беделінің түсуі. ХІV ғасырдың басында ІІІ Иннокентии ізбасарлары француз вассалдарының коронасы ретінде Француз корольі бақылайтын Авиньонға қоныс аудару жағдайында болды. Екіншіден, ағылшын шіркеуі ХІV ғасырдың 60 жылдарына бастап ірі жауға жолықты: олар Д. Виклифті жақтаушылар еді. Д. Виклиф 1378 жылы жекелей евхаристия догматына қатысты, католик шіркеуінің канондық доктринасын терістейтін ілім алға тартқан болатын. Одан да күрделі теологиялық ілімді терістеу шіркеуді толықтай қайта құруды қажет ететін мәселе көтерген болатын. Яғни ХІV соңы мен ХV ғасырдың басында Англияда ерте реформациялар туралы сөз етілді. 

Қалалардың пайда болуымен, онда білімді, сауатты адамдардың тұруымен католик клириктерінің жеке адамдардың жүріс-тұрыс, қалтасы, санасына толықтай бақылау жүргізу дағдысы бұзылды. Олар шіркеудің алымдарына, басқа да түрлі «Духовные аспекты формирования религиозной идентичности народа Великой Степи» мәжбүрлеушіліктеріне төзгісі келмеді. Олардың ортасында шіркеудің материалдық байлығы мен қағидалық қысымдарына төзу мүмкін болмай бара жатыр деген мәселелер көтеріле бастады. Қалалықтардың ізін ала ауылдықтар да қалыптасқан жағдайларды өзгертуді, әсіресе, сол кездегі канондық құқық пен қымбат католиктік жағдайды кедей шіркеуге ауыстыруды талап етті. Осындай пікірлердің болғанын шіркеу иерархиясының төменгі қызметкерлері, францискан орденіндегі кедей монахтар тілге тиек етті.

Қоғамдағы қайшылықты көзқарастар күресін батыл түрде Джон Виклифтің евангелистік доктринасы көтерді. Джон Виклиф өзінің «Триалог», «Парламент пен корольге петиция», «Евангелиялық еңбек» және тағы басқа шығармаларын жаңа өсиет негізінде қолға алды. Ал, оның евангелистік доктринасының түпкі мәні неде еді?

Зерттеуші Т.Г. Минееваның пайымынша, Виклиф негізінен евангелистік өсиеттер арқылы адамды қайта тәрбиелеу керек деген идеяда жүрді. Осындай жоғарғы адамгершілік қасиеттер иеленген жан жамандықтан қашып, жақсылық жасайды, жақындарына қарасады, Жаңа өсиеттегі көркем мінез жеке адамға қатысты канондық құқықта қалыптасқан әділетсіз әрі қатаң нормаларды жояды деп сенді. Біз бұл тұста Д. Виклифтің евангелистік доктринасындағы бір ғана аспектіге көңіл аудармақпыз. Ол мынау: Құтқару туралы догматтың күшіне сүйенген Католик шіркеуінің мемлекеттің зайырлы өміріне араласып, тұрғындарға қалай жүріп тұру керектігін нұсқап, күнәларды жуып шаюы және т.б. іс-әрекеттері қаншалықты жөн? «Евангелиялық еңбек» деп аталған шығармасында Аврелий Августин мен Інжілдің түрлі қуатты дәйексөздеріне иек арта арта отырып, Виклиф өз пайымын былай негіздейді: дұрыс адам үшін католик шіркеуі мен оның ғұрыптарынсыз-ақ евангелистік ұстанымдар жеткілікті. «Жаңа өсиеттегі» сенім ережесі «шіркеудің басқаруына да, тек шіркеудің басқармауына да» жеткілікті («Fides enim scripture est sufficient ad regendam ecclesiam militantem»). «Евангелистік еңбектен» бұрынырақта да «Азаматтық билік жайында» еңбегінде ол жоғарғы, «құдайлық» құқық (Jus divinum) (евангелиялық құқық ретінде Иса Мәсіхтің істері мен сөздері арқылы құдай орнатқан) пен кемел емес «Адам құқын» (адамдардың күнәсі себепті кездейсоқ пайда болған) (…jus humanium est jus occasione peccati humanitus advinventum) салыстырған. Бұл жердегі күнәлі құқыққа ол Рим шіркеуінің барлық заңдарын жатқызды.

Д. Виклиф өз еңбектерінде канондық құқықтың (барлық деңгейдегі) католик иерархиясы үшін өздері бекіткен заңдарға қайшы түсетінін дәлелдеді. Әсіресе, өрескел құқық бұзушылық ретінде симонияны, плюрализмді, абсентизмді атады. Симонияға жекелей алғанда индульгенция деп аталған күнәні ақшамен жуып шаюды, шіркеу лауазымдарын сатуды, түрлі шіркеулік салттарды ақылы түрде атқаруды т.б. жатқызды. Сол уақытта кең тараған әдет бір адамның шіркеудегі бірнеше қызметті алып жүруі болатын. Священник өз қарамағына бірнеше приход алуы тиіс еді. Осы себепті священник барлығына бірдей қатыса алмай, Виклифтің пайымынша, осыдан барып абсентизм туды. Яғни приходқа көп уақытқа дейін пастырь (ректор, декан, епископ және т.б. бармайтын. Бір-бірімен тығыз байланысты плюрализм мен абсентизмді ойлағанда Виклиф ашуға берілетін. Осы себепті ол евангелия өсиеттері негізінде прихожандарға жанашырлық танытып, өздеріне сеніп тапсырылған приходта священниктің үнемі болуын талап етті. Виклиф Рим понтифигінің Қасиетті Петрдің викары болуына, оның құзіретінің зайырлы лордтардан жоғары тұруына қарсы шықты. Ол папа өмірі Христос өсиетіне еш үйлеспейтінін дәлелдеді: Иисус кедей өмір сүрді, папа болса қазыналардың иесі, Христос ашық, халыққа жақын еді, папа болса, мықты қорғанға өзін қамап жабықта тұрды. Христос өзі барып сенушілердің қалын сұрайтын, папа болса адамдарды өзіне шақырады. Папа заңдарды өзі шығарып, оларға Христос өсиеттерінен де биік құрмет көрсетуді талап етті. Виклиф католик шіркеуін зайырлы билікті ырқына бағындырып алу мен дүниеқұмарлыққа салынып мол қазына жинаумен айыптады. «Заңсыз өскен бұтақтар кесілуі керек» деген ол шіркеудің Христос бекіткен тәртіпке келуін талап етті.

«Шіркеуді тәртіпке салу толық еркі зайырлы билікте, корольдің құзіретінде болуы тиіс. Тек король ғана «басты билік иесі» болып, «елдің басты заңының орындалуын» қадағалауы тиіс. Король өз «Духовные аспекты формирования религиозной идентичности народа Великой Степи» елінде духовенствоның күнәһар қылықтарын тыйып тастауға құқылы». Мемлекет пен шіркеу арақатынасына қатысты Виклиф өз ойын былай деп тұжырымдады: «егер папа Христостың викариі болса, король құдай викариі». Біріншісі Христостың жер табиғатын бейнелесе, екіншісі Үштіктің құдайлық күшін бейнеледі. Мемлекет басшылары шіркеу істерін қолға алып, бақылап, священниктердің жұмыстарын жақсартып, олардың Христос заңдарын орындауын қадағалап отыруы тиіс. «Король мен парламентке петиция» еңбегінде ол мынаны ашық жазды: «Католицизм – күнәһар адамдар негізін қалаған, евангелистік емес, жаңа дін. Одан бас тартып, евангелия заңдарына өту керек». 

Бұдан бөлек тағы айта кету керек, Виклиф мемлекеттік зайырлы билігі шіркеу мүлкіне салық салуға құқылы екенін, «корольге бағынудың белгісі ретінде» кедейшілікте жүрген ордендерге мың марка шамасында дереу жылдық салық салу мәселесін көтерді. Бұл ой кейіннен Виклиф хатшысы әзірлеген секулярлық бағдарламада жалғасын тауып, 1395 жылы парламентке ұсынылды. Ол сондай-ақ шіркеуді байлықтан айырып, қайта құрып, кедейлендіргенде ғана мемлекеттің оны өз еркіне бағындыра алатынын, әйтпесе, иеліктегі мүліктер үшін болашақта қақтығыстар тууы мүмкін екенін ескертті. Д. Виклифтің мемлекет пен шіркеу қатынастарына қатысты ойлары мен ұсыныстарының көбі ХVI ғасырда қолға алынып, ІІІ Генрих шіркеуге реформа жүргізіп, оны мемлекеттің бір институтына айналдырған.

Батыс Еуропаның ерте ортағасырлық мемлекеттерінің кейінгі пұтқа табынушылық кезеңінде кеңінен таралған жаңа «идеялық» қылмыстар арасында ерекше орынды дінбұзарлық (ересь) алды. Испанияда христиандық мемлекеттік дін болғаннан кейін, шіркеу мен дінбасылар сол жерде жетекші рөл атқара бастады және католиктік шіркеудің парыздарынан сәл ауытқығандарды қудалайтын бірқатар заңдарды қабылдауға бастама көтерді. Иудей діні мен ұстанушыларын қатаң қудалау басталды. Испан корольдерінің саясаты көп жағдайда болашақ ортағасырлық инквизициядан асып түсіп, оған идеологиялық негіз қалады. Ерте ортағасырлық королдіктерде жаңа қылмыстық әрекеттер қатарына «салттық заңдарды бұзу» жатқызылды, яғни, шіркеу белгілеген рәсімдерді бұзу. Целибат ережелері мен симонияның кез келген көріністерін бұзған дінбасы өкілдері қатаң жазаланды. Оразаның сақталмауы, демалыс күні жұмыс істеу және басқа да шіркеулердің миряндарға бұйрығы бұзылуына қатысты жазалар болған.1817 ж. Испанияда канондық құқық докторы, священник Х.А. Лорьентенің еңбегі жарық көрді. Онда испандық инквизиция туралы мәліметтер жарияланды. Сол кездің статистикасына сәйкес 1481-1809 жж. қуғын-сүргінге 341 021 адам душар болып, олардан 31 912 адам өртеліп, 17 659 (символикалық түрде), 291 460 түрмеге жабылып, басқа да жазаға тартылған.


Авторы: Бағашаров Қ., Шалабаев Қ. 

Дереккөз: «Рухани жаңғыру» концепті идеясын жүзеге асыру аясындағы «Ұлы Дала халқының діни бірегейлігі қалыптасуының рухани қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2019. – 600 б.

Христиан діні тарихының қалыптасу кезеңдері Христиан діні тарихының қалыптасу кезеңдері
Христиан дінінің тарихын шартты түрде 3 дәуірге бөлуге болады.
Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі Канондық құқықтың тарихы. Католик шіркеуі
Рим-Католиктік шіркеуі Батыс Еуропаның феодалдық қоғамында үлкен рөл атқарды. Ол   Ортағасырлық идеологияның иесі болып табылатын қуатты
КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ, ТҮРЛЕРІ КАНОНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ПӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ,
Дінтанулық сөздікте:  Канондық құқық – шіркеулік билік жариялаған және шіркеулік канондарда бар қағидалардың жиынтығы, шіркеулік мекемелердің
Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары Дінтанудағы ұғымдар мен терминдердің топтары
Дінтануда ұғымдар мен терминдердің бірқатар топтары баса көрсетіледі:  1) онда жалпыфилософиялық және әлеуметтік-философиялық категориялар —
Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу дәстүрлері Мемлекет пен діни ұйымдар қатынасын реттеу
Жалпылай алғанда, қазіргі таңда мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарын реттеудің кеңінен таралған екі құқықтық дәстүрі қалыптасты: олар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×