Жастар порталы
Некенің дұрыс болу шарттары
1 312 0 aiko

Некенің дұрыс болу шарттары

Дінтану

Қиылған некеден шариғат үкімдерінің туындауын қамтамасыз ететін шарттар некенің дұрыс болуының шарттары деп аталады.  Аталған шарттардың бірі кем болған жағдайда Әбу Ханифа мазһабы бойынша неке дұрыс болып саналмайды. Некенің шариғатқай сай болу шарттары төмендегідей: 

1. Некелесуге рұқсат етілген жандар. Яғни, үйленуге рұқсат етілмейтін туыс, емшектес, біреудің әйелі немесе апалы-сіңілілі екі қызды бірдей алу сияқты жағдайлардың орын алмауы. 

2. Өмірлікке некелесу. Үйленетін жандар өмірлік некені мақсат етулері тиіс. Шариғат бойынша уақытша үйлену, шартты түрде үйлену некеге жатпайды. 

3. Куәгерлік. Қиылған неке дұрыс болу үшін куәгердің болуы шарт. Бұл мәселеде мазһаб имамдарының арасында талас жоқ. Куәгерлікке ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған екі мұсылман ер немесе бір ер, екі әйел кісі жарайды.

4. Екі жақты разылық. Егер екеуінің бірі зорлықпен үйлендірілсе неке дұрыс болмайды. 


Мәліметтер алынған дереккөз: Ел болам десең, бесігіңді түзе / Жинақтаған С.Ибадуллаев. – Алматы, 2015. – 232 б.


Ислам дініндегі үйленудің үкімі Ислам дініндегі үйленудің үкімі
Шариғат жолымен неке қиып үйленіп, үй болу – ұрпақ сүюдің алғашқы баспалдағы әрі ұрпақ тәрбиесінің ең басты алғышарттарының бірі. Ислам ғұламалары
Исламдағы отбасы құқығы Исламдағы отбасы құқығы
Исламдағы  отбасы  - отбасылық-неке қатынастарын реттейтін исламдық құқықтық жүйенің бөлігі болып табылады. Мұсылман отбасылық құқықтың негізгі
Бақытты неке: күрделі таңдау ма әлде кездейсоқтық па? Бақытты неке: күрделі таңдау ма әлде кездейсоқтық
Бақытты неке деген не? Оның қандай талаптары бар? Жұбайлар жылдар бойы бақытты бола бермейді ғой, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны анық. Әлде жылдар
Бес парыздың бірі - қажылық Бес парыздың бірі - қажылық
Қажылық «құрмет тұтылған, қасиетті жерді зиярат ету» мағынасын білдіреді. Қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласының жанындағы Арафат
Бес парыздың бірі - намаз Бес парыздың бірі - намаз
Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге праыз. Намаздың парыз болу шарттары – мұсылман болуы балиғат жасына жету, ақыл-есінің дұрыс болуы. Намаз –
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×