Жастар порталы
Театр өнеріндегі сахна тілінің игерілу мәселелері
1 127 0 aiko

Театр өнеріндегі сахна тілінің игерілу мәселелері

Әдебиет және өнер

Бүгінгі күн театр репертуарына көз жүгіртер болсақ, сахнаға шыққан спектакльдердің басым көпшілігі тарихи тақырыптағы қойылымдар екендігіне көз жеткіземіз. Десек те, тарихи қойылымдармен қатар бүгіндіктің өзекті мә­селелеріне жауап іздейтін, бүгінгі өміріміздің қыр-сырын аша түсетін зманауи спектакльдер де ауадай қажет. Өзін-өзі театр сахнасынан көре алмаған адамның оған деген қызығушылығы басылып қалады. Сол себепті біздің бүгінгі көрерменнің ықыласына бет бұрып, жаңа спектакльдерді бүгінгі өмірдің өзегіне байлаған абзал.

Тарихи спектакльдердегі батыр, абыздың дауыстарын сахнадан дұрыстап ести алмай жатамыз. Әр сөздерін айғайға салып, тамақтарын қырылдатып сөйлегендерден әбден жалығасың. Бір спектакльден келесі спектакльге ауысып, еш өзгеріссіз сахналайды. Бұл, сахналық тілді дұрыс түсінбегендіктен деп айта аламыз. Сахна тілінің қалыптасуы екі тұрғыда карастырылады.

Бірінші, актердін сөзді айту техникасын жетілдіруі: оған кажетіне карай дауысты көтеріп не баяулатып айту, дауысты күбылтып (қорқу, қуану, ренжу т.б. күйлерге байланысты), оған бояу косып айту, сөзді кідірту, жылдамдату сияқты сахнада айтылар сөз үдесінен шығатын шеберлік жатады.

Екінші, сахнада айтылатын сөз мә­дениетін жетілдіру: оған сөздің дүрыс, айкын айтылуын, құлаққа жағымды, әсерлі естілуін талап ететін шеберлік түрлері жатады. Сахна тілінің сәтті шығуы актермен қатар шығарма авторына, сценарийшіге, режиссер мен шығарманы сахнада коюшыға да байланысты».

«Сахна тілінің басты мақсаты – рольді орындау барысында сөйлеуге машықтану, әрбір сөздің мә­нін жете түсіну, оның табиғатын тануға баулу. Студент жазушының шығармасын тыңдаушы жұртшылыққа бейнелі, айқын да анық, әсерлі жеткізе алғанға дейін мә­тінмен ұзақ жұмыс істеуі керек, автордың айтар ойын, идеясын, шығарманың тақырыбын жете түсініп, терең сезінуі қажет.

Сахна тілін дайындау ісі студент кезден қолға алынады. Ең бастысы дикция, ол – дыбыстың анық айтылуы. Әрбір оқушының сөйлеудегі жеке қасиеті оқулықтағы жаттығуларды қайталап, әрбір дыбыстың айтылуына мән беріп, нақты қандай дыбысты айта алмайтынын білуі абзал. Дикциямен жұмыс істеу ұзақ сабырлылықты, әрі ізденімпаздықты талап етеді. Орфоэпия мен логикалық сауаттылық қажет. Тілмен көп жаттығулар жасау керек.

Сөздің анық шығуына тілдің тікелей қатысы бар. Мысалы: жаңылтпаш, мақал-мә­тел, т.б мәтіндерді жаттап алып, жаңылмай айтып шығу, одан қалса мә­нерлі де, әуезді жеткізе білу үлкен өнер. Тіл ауыр, икемсіз болса, жаңылтпашты, қиын сөздерді айтуға кедергі жасайды. Ақырындап – ақырындап күнде жаттығудың арқасында кемшіліктерден алылуға болады. Ол үшін ауыр деп ойлаған ойымызды не жаттығуымызды дағдыға айландырып. Кейін келе әбден машықтанғаннан кейін үйреншіктіге айландырып, соңында әсемдікке жеткізсе көркемдіктің шыңына жетуге болады.

«Адам ойын сөздер қатарының логикалық әрі жылжымалық көрінісі ретінде қабылдайды. Сол сияқты көрініс тізбегі сынды, өйткені, көрініс сөзбен тікелей байланысты. Ақырында, ой бөлінген сөздердің, көрінген бейнелердің жә­не басқа із рефлекстердің, оның ішінде эмоционалдық зейін байланыстарының көрінісі болуы мүмкін. Актер тренингіндегі өмірлік әрекетті игеру, - деп жазады Гиппиус-сөйлеу әрекеттерінің механизмін меңгеруді де қоса алып жүреді. Біз әрекеттің бөлінгенін қалаймыз, яғни, ол құралған барлық элементтің үзілмегенін қалаймыз. Оның ішінде, ойлау әрекеті элементі. Кез келген ой әрекеті үш компоненттің қиылысуынан тұрады деген шарт жасайық: 

1. Ойша сөйлеу; 

2. Көрініс таспасы; 

3. Аздаған сөз».

күшейеді, сондай-ақ, оның ырғағы мен күші ұлғаяды. Белгілі бір дауыс ырғағының өзгеруі тұтас октаваны құрауы мүмкін. Дауыс ырғағының көрінісімен қоса ишараттық көріністер туа біткен көрсетілім компоненттері, сондай-ақ әрі қабылдап алғандар-тұрмыстық қамтамасыз етілгендер жә­не компоненттердің жекеше даму процесін құрастыруға қажеттілер. Туындаған механизмдермен қоса дауыс күшінің өзгеруіне қатысты (эмоционалдық қоздырғыштың өзгеруіне қарай) немесе дауыстың діріліне сай (толқып тұрған кезде). Эмоционалдық қоздырғыштың күшеюіне байланысты қызмет бірлігі, әрекетке ұмтылыс, бұлшық еттердің қимылы арқылы дауыс реакцияларындағы өзгеріс күшейе түседі.

Кейде қатты қобалжу, керісінше, дауыс ырғағының төмендеуі (ызадан булыққан қарлыққан дауыспен сөйлеуге болады) байқалады. Бұл эмоцияның әсерімен дауыстың күшеюімен тыс қатты дауыс шығаруға итермелейтін қабілеттілігін теңестіретін тә­сіл».

Сөйлеу – қозғалтқыш жә­не вокалды қозғалтқыш үйлесімділігі (координация) (қимыл-әрекеттегі қарқын- ырғақты орындау барысындағы біркелкі жә­не өзгермелі сөйлеу мен қимыл-қозғалыстарды байланыстыра білу.)

Сөйлеу қимыл – қозғалыстарын дамыту барысында. Ең бірінші баяу жаттығулардан бастап, күнделікті сөйлеу мә­нері мен дауыс ырғағымен жұмыс істеген абзал.

«Сөйлеу – адам арасындағы қарым-қатынас байланысының маңызды құралы. интеллект деңгейінің көрінісі, факторы есебінде, сөйлеу - дене қимыл-қозғалыстары көрсете алмайтын бейнелілікті айрықша көрсете алады.

Көптеген сөзбен айтып жеткізетін сөзді бір қимыл-қозғалыспен көрсетуге болады. Немесе керісінше, драматургия заңдылығы, теориясы бар соған қарап режиссерлер драматургтің сөздерін, диалогтарын қысқартып не болмаса қоса алады. Ашу, ыза, асығыс кезінде адамның жарты сөйлемі ұғынықсыз болады. Адамдардың қызығушылығына байланысты да сөз құрылымы әртүрлі өзгереді. Мысалы, сангвиник пен холерик сөздері шапшаң, нақты болса, миланхолик пен прагматик баяу, жайбырахат сөйлейді. Бұл дегеніміз-жер бетінде қанша адам болса да әрқайсысы өзінше сөйлеп, ой түйеді деген сөз.


Мәліметтер алынған дереккөз: Исламбаева З., Абжапарова Г., Хожамбердиев О. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №2(51). 2015

ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ ДӘСТҮР МЕН ДІН САБАҚТАСТЫҒЫ
Халықтың діни бірегейлігі туралы сөз болғанды дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, әр халықтың ұлттық құндылықтары дұрыс қалыптасуы үшін
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қазақстан тәжірибесі Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті
Азаматтардың демократиялық мінез-құлық мәдениеті мен сананың қалыптасуы, ынтымақтық, әртүрлі экстремизм түрлерін болдырмау және оларға қарсы тұру
АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМНІҢ ДІНИ МҰРАЛАРЫ АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМНІҢ ДІНИ МҰРАЛАРЫ
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген ақын, ағартушы, қазақ жазба
ЛАТЫН ҚАРПІ – ТАҢДАУ ЖАСАЛЫНДЫ ЛАТЫН ҚАРПІ – ТАҢДАУ ЖАСАЛЫНДЫ
Латын әліпбиіне көшу – қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, латын графикасын қабылдаған көрші түркі тілдес
ҚАЗАҚТЫҢ БАС ТЕАТРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЛБЕТІ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ БАС ТЕАТРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЛБЕТІ МЕН
М.О. Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры – еліміздің Бас театры. Театрдың репертуарын құруда қалыптасқан дәстүрлі жолымен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×