Жастар порталы
Жүкті әйел мен іштегі шаранаға не зиян болуы мүмкін?
460 0 aiko

Жүкті әйел мен іштегі шаранаға не зиян болуы мүмкін?

Аруларға

Бірінші кезекте шылым мен алкоголь жүкті әйелдің қас жауы. Егер шылымға әуестігіңіз болса, жүктіліктің бірінші күнінен бастап темекіні қою керек. Ішімдік мүлде тұтынбаңыз.

Ағзаға дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі – аса қауіпті факторлардың бірі. Мәселен, йодтың жетіспеушілігі баланың ақыл-есі кем болып тууына жағдай жасаса, фолий қышқылының жетіспеушілігі – шарананың бет-әлпетінің дұрыс қалыптаспауына, кальцийдің жетіспеушілігі баланың қаңқасының дұрыс қалыптаспауына, темірдің жетіспеушілігі – қан аздық пен жүйке-психиканың дамуына кері әсерін тигізеді. Егер сәл де болсын осы микроэлементтердің жетіспейтініне күмәніңіз болса дәрігермен ақылдасып, қажетті дәрумендер топтамасын тағайындауын өтініңіз.

Артық салмақ – баланың шамадан тыс үлкен салмақпен тууына жағдай жасайды. Бұл біріншіден босануды қиындатса, екіншіден бала іште жатқаннан бастап-ақ май басуға бейім болып туылуы мүмкін деген қауіп бар.Тағам қоспасын (соус, дәмдеуіш, кубик бульон), экзотикалық жеміс-жидектер мен жартылай фабрикаттар, газдалған сусын тұтыну – балаға аллергия береді. Өкінішке қарай мамандардың айтуынша қазір мұндай көрсеткіш күннен-күнге ұлғайып келеді.


Жүкті әйелдерге кеңес:

Хот-дог жемеу.

Жұмсақ сырдан бас тарту. Қатты ірімшіктің зияны жоқ.

Шикідей мұздатылған паштет немесе ет пасталарын сондай-ақ теңіз өнімдерін жемеген дұрыс.

Шикі көкеніс, пастерленбеген шырын, пішенай, жеткілікті деңгейде термикалық өңдеуден өтпеген ет және құс өнімдері, піспеген жұмыртқа жеуге мүлде болмайды. Мұндай өнімдерде Сальмонелла атты таксин бар.

Тәттін азайту.

Ашығу, түрлі диетаға әуестенуге болмайды.

Артериалды қан қысымын ұдайы өлшеу, гинеколог-дәрігердің қабылдауына қалмай барып тұруға кеңес беріледі.

Сіздің өмір сүру дағдыңыз бен дұрыс тамақтануыңыз – балаңыздың денсаулығының кепілі екенін әсте естен шығармаңыз!

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану
Әлемдегі «Ең сұлу әйел – жүкті әйел» деген ұғым бар. Әлбетте, шын мәнінде бала күтіп жүрген жүкті келіншектердің бет-жүзі нұрланып, әдемілене
Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас
Жыныстық  қатынас кезінде бөлінетін гормондар құрсақтағы баланың денсаулығына  өте жақсы әсер  етеді деседі дәрігерлер.  Жүктілік кезде туындайтын ең
Негізгі элементтердің пайдасы Негізгі элементтердің пайдасы
Биоқоспалар құрамы көптеген дәрумендер мен минералдарға бай. Дәрумендердің ағзаға қаншалықты пайдалы екенін білгенімізбен, Менделеев кестесіндегі
Жүктілікті жоспарлау Жүктілікті жоспарлау
Ж үктілікті жоспарлау –  ана мен бала денсаулығының кепілі. Дайындықты ағзаны витаминдермен қуаттандырудан баста у керек.   Әлбетте, ең дұрысы
Жүктілік Жүктілік
Жүкті әйел организмінде әр түрлі функционалдық өзгерістер болады. Әйел бойында жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен – етеккірдің кідіруі, кейде
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз
×